Самар ауылының Мәдениет үйінде Көкпекті ауданы әкімінің жыл сайын балаларға шексіз қуаныш пен шаттық сыйлайтын дәстүрлі шыршатойы өтті. Мерекелік ертеңгілік салтанатына 80-ге жуық жетім және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар шақырылыпты. Орман алқабынан келген сұлу шырша – әсем безендірілген залда өз қонақтарын күтіп тұр.
Жыл сайын үлкен де кіші де тағатсыздана күтетін жаңажылдық шыршатойға көңілді байқауларды, таңғажайып ертегілерді, шыршаны айнала ән айтып, би билеуді ұнататын қонақтар жиналған. Олар үшін Мәдениет үйі қызметкерлері аса қызықты қойылым дайындапты.
Көкпекті аудандық орталық кітапханасында аудан әкімінің аппараты, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бірлесіп ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі болып өтті.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» «Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында мемлекеттік аппараттың халықпен өзара қарым-қатынастарында біржақты көзқарастардан арылып, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді тиімді және жедел түрде көрсетуге көшу тапсырылған болатын.
Мемлекеттік «Балапан» бағдар-ламасы аясында еліміздің түкпір-түкпірінде балабақша құрылысы қарқынды дамып келеді. Аудан орталығы Көкпекті ауылында 95 орынға есептелген, «Көкпекті Тола-ғайы» балабақшасының ашылу салтанаты болды. Балабақша ескі ғимаратты қайта жаңарту арқылы іске қосылды.
Бүгінгі таңда еліміздің келешегі жас ұрпақ деп, бала тәрбиесіне қоғам ерекше көңіл бөліп отыр. Бұл жөнінде Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында нақты айтылып, алға қойған міндеттердің орындалуына жете назар аударылып келе жатқаны да тектен-тек емес. Қазіргі кезде ұрпаққа тәрбие мен білім беру мектепке дейінгі мекемелерден, балабақшалардан бастау алады. Ұлт тәрбиесін басты мәселе санайтын Көкпекті ауданы басшылығы бүлдіршіндерді балабақшамен қамта-масыз етуді жолға қойған. Қазіргі заман талабына сай көрікті де көркем бүлдіршіндер ордасы - «Көкпекті Толағайы» балабақшасы сөзіміздің дәлелі десек те болады.
Ауылшаруашылығы – экономикамыздың еңселі саласы. Аталмыш саланың ел экономикасын дамытудағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан реформаларды жүзеге асырудағы рөлі өте маңызды. Жыл сайынғы дәстүр жалғасын тауып, биыл да Көкпекті ауданының атырабында өткен аптада облыстық ауылшаруашылық қызметкерлер күні Көкжайық ауылының мәдениет үйінде облыстың агроқұрылым басшылары, әр ауданнан келген ШҚ басшылары, биылғы астық науқанында биік белестерден көріне білген майталман жұмысшылар қатысқан үлкен мерекелік жиылыс өтті.
Толығырақ...Көкпекті аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалында 21 қазан күні қатарынан бірқатар жұмыстардың басы қайырылды. Оған аудан әкімінің орынбасары А.Әкімова, аудандық дербес бөлімдерден, білім беру орындарынан, ақсақалдар кеңесінен, денсаулық сақтау саласынан аудандық мешіттен және БАҚ өкілдері қатысты. «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» тақырыбындағы дөңгелек үстел басталар алдында жиналғандар Қаракезең таңбалы тастары көріністерінің көрмесімен танысу мүмкіндігіне ие болды.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.