Жалпы, Заң сатып алу процесінің рәсімдерін оңтайландыруды, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуды, мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігін күшейтуді және бәсекелестікті дамытуды көздейді. Заңның бірінші блогы сатып алу рәсімдерін жеңілдетуге және қысқартуға бағытталған.
Бірінші. Шағымдарды қарау тетігі жаңартылды. Қаржы министрлігінің бақылаушы орган ретіндегі рөлі қайта қаралды.
Сатып алуды жедел жүргізу, тапсырыс берушілерге зор өкілеттіктер беру, сондай-ақ сатып алу рәсімдерінің кешіктірілуін болдырмау мақсатында бұдан былай шағымдарды сатып алуды ұйымдастырушының өзі тікелей қарайды.
Орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу жөніндегі орталық және жергілікті органдардың құзыреті ҚР «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес айқындалады. Нормативтік құқықтық актілер қазақ және орыс тілдерінде әзірленеді.
Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу сапасын, әдеби тiл нормаларының, заң терминологиясы мен заң техникасының сақталуын, қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің тең түпнұсқалығын әзірлеуші мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді.
Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келісуге жіберілгенге дейін орталық және жергілікті органдар Кодекстің 82 және 83-баптарының талаптарын ескере отырып, реттеушілік әсерге талдау жүргізіледі.
Реттеушілік әсерді талдау қорытындыларымен келіспеген жағдайда кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кәсіпкерлік саласындағы басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы реттеушілік әсерге баламалы талдау жүргізеді.
Елімізде «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы басталды. Акция аясында оқушылар шығармашылық сарайында 29 қараша күні дөңгелек үстел өтті. Жиынға Көкпекті аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызмет бөлімшесінің бастығы Жасұлан Разаев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Рахимбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Мұқашев,аудандық аурухананың психологы Анар Мұқатаева және әр саладағы әйелдер қауымы қатысты.
Толығырақ...Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына білікті заң көмегін тегін алуға кепілдік беріледі.
Тегін заң көмегін алудың екі тәсілі бар: мемлекет тарапынан кепілдік берілген және кешенді әлеуметтік заң көмегі.
Мемлекет тарапынан кепілдік берілген және кешенді әлеуметтік көмектің басты айырашылығы- бірінші жағдайда адвокаттың жұмысы мемлекеттік бюджет есебінен төленеді, ал екіншісінде заңгерлер өз еркімен және ақысыз заңгерлік қызмет көрсетеді.
Абай облысы полиция департаменті бастығының бұйрығымен Көкпекті ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы қызметіне полиция полковнигі Қалиев Әдлет Қабыкенұлы тағайындалды.
Полиция полковнигі Қалиев Әдлет Қабыкенұлы 1981 жылы 24 тамызда дүниеге келген. Семей қаласының тумасы. Еңбек жолы құқық қорғау органдарында 1998 жылдан бастау алған. Қызмет еткен жылдары әртүрлі жедел қызметтерде, оның ішінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. Абай облысы ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары лауазымын атқарған. Полиция полковнигі Қалиев Әдлет Қабыкенұлы басшы ретінде өзіне және жеке құрам алдына бірқатар мақсаттар мен жұмыс міндеттерін қойды.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.