«Мен үшін елімді дамыған мемлекеттердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» деген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұлы мұрат жолында немен жігерленіп, күш-қуатты, ерік пен рухты, қайратты қалай шыңдағанына еріксіз тәнті боласыз. Дара тұлғаға қанат бітіріп, ұлы істерді тындыруда серік болатын ел сенімі, туған еліне, жеріне деген махаббаты, Отанына деген сүйіспеншілігі болса керек.
Тәуелсіздігіміздің баянды, ұлтымыздың рухты болуының тірегі Елбасымыздың құрметіне арналған Тұңғыш Президент күні қойнауы шежіреге толы қасиетті мекен Көкпекті жұрты үшін де қуанышпен қарсы алынатын мереке. Тарихтың бізге тартқан ғаламат сыйы, ұлы істердің бастауында ұйытқы болған нар тұлға Ұлт көшбасшысы күні қарсаңында көкпектіліктер жүрекжарды тілектерімен бөлісті.
Қазақ поэзиясының тарихында өзіндік орыны бар, дарынды да парасатты ақындардың бірегейі, қаламы жүйрік, ойы ұшқыр, табиғатынан сезімтал ақын, әдеби жанрлардың қай түріне қалам тербемесін өзінің қолтаңбасына тән ой еркіндігімен, ел тарихы сырына жүйріктігімен дараланған Қалихан Қалиасқарұлы Алтынбаевтың мерейтойы аудан көлемінде жоғары деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру арқылы аталып өтті. Көкпекті аудандық тарихи-өлкетану мұражайында ақынға арнайы зал ашылып, мәдениет үйінің алдында кеудемүсіннің орнатылуы, ақын рухына құран оқытылып, үлкен ас берілуі, аламан айтыс ақындарының жыр додасы да ақын атамыздың мерейтойына арналды.
Толығырақ...Көкпекті ауданында 16 қараша күні белгілі айтыскер ақын, журналист, зерттеуші, тіршілігінде қаншама еңбектерін жарыққа шығарып, ауданның рухани дамуына қомақты үлес қосқан Қалихан Алтынбаевтың 90 жылдығы құрметпен аталып өтілмекші. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы ақын рухына тағзым етуге байланысты іс-шаралар легі аудан көлемінде жыл бойы өтіп жатқаны баршаңызға мәлім.
Толығырақ...«Қыс – қыр астында». Демек, арқаны кеңге салып, бейқам отыруға болмайды. Оның үстіне, алты ай қысы бар өңіріміздің аязын бәріміз жақсы білеміз. Осы себепті Көкпекті ауданының сәулет, құрылыс, ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының м.а. Қайрат Джилкишев 2017-2018 жылдарда ауданның автомобиль жолдарында жүргізілген жол-құрылыс жұмыстарының қорытындылары және қысқы кезеңге дайындығы туралы әңгімелеп берді.
- Көкпекті ауданындағы маңызы бар автомобиль жолдарына және елдімекендердің көшелеріне 2017 жылға ағымдағы жөндеу жұмыстары 103527,7 мың теңгеге жүргізілді.Тапсырыс беруші Көкпекті ауданының сәулет, құрылыс, ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.
Көкпекті ауданының автомобиль жолдарының ұзындығы 868,7 км құрайды. Олардың ішінде: республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» жолы 161 км, облыстық маңызы бар жолдар 237 км құрайды. Аудандық маңызы бар жолдардың ұзындығы 470,7 км, оның ішінде асфальт бетонды жабынмен 23 км, қара құмтас жабынымен 123,6 км, құмды-қиыршық тасты төсенішпен 307,6 км, топырақ жабындымен жабылған 16,5 км. Оның ішінде жақсы жағдайдағысы 53 км, қанағаттанарлық 273,7 км, қанағаттанарлық емесі 144 км. Ал жергілікті маңызы бар жолдар 56 елдімекенде бар.
Көкпектіде ақын Қалихан Алтынбаевтың 90 жылдығына арналған «Жыр тұнған Көкпектінің жағасында» атты республикалық ақындар айтысы өтеді. Айтысты ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының төрағасы, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты Жүрсін Ерман жүргізеді.
16 қараша күні өтетін сөз додасына елімізге белгілі 10 айтыскер қатысады. Алматыдан Ринат Зайытов пен Рүстем Қайыртайұлы, Семейден Серік Қуанған, Әсем Ережеқызы, Манарбек Сатыбалды, Арқалықтан Тоба Өтепбаев, Павлодардан Оңғар Қабден, Ақтөбеден Марат Ахметов, Тараздан Нұрлыбек Құрманов қатысатын аламанда аудан намысын Жасұлан Мақаев қорғайды. Биғаш ауылының тумасы Жасұлан Мақаев бүгінгі күні Семей қаласында белгілі ұстаз Дәмеш Омарбаеваның тәлімін алып, облыстық айтыстарда шындалып жүр.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.