Жыл сайынғы аудан әкімінің Самар ауылы тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуі мәдениет үйінде өтті. Жиынға арнайы мемлекеттік сатып алулар және коммуналды шаруашылық бойынша облыстық басқармасының басшысы Ж.К.Әбенов, аудандық мәслихат хатшысы Т.Сарманов, округтің депутаттық корпусы, ауылдың қоғамдық өкілдері, еңбек ардагерлері, мекемелер мен ұйымдар қызметкерлері қатысты. 2017 жылы жергілікті басқарудағы атқарылған жұмыстар туралы Самар ауылдық округінің әкімі А.Ф.Күдербаев баяндама жасады. Есептік баяндамада атқарушы биліктің әлеуметтік саласы яғни көшелерді жарықтандыру және көріктендіру, санитарлық тазалау бойынша сенбіліктер ұйымдастыру, Мира көшесіндегі бойлап өскен ағаштарды кесу, тұрғын үй қорын түгендеу, қоғамның аз қорғалатын бөліктерін қолдау бағытында өткізілген түрлі ауқымды іс-шараларға тоқталды. Аталмыш іс-шараға жеке кәсіпкерлер, округтің демеушілері белсене қатысты.
Толығырақ...Елбасының тапсырмасына сай елімізде барлық деңгейдегі әкімдердің жыл басында халықпен кездесіп, ел-жұртпен бірге өткенді ой елегінен өткізіп, болашаққа бағдар жасау, елдің айтқан арыз-талап, ұсыныс-тілектерінен хаттама жасалып, олардың кезең-кезеңмен орындалуын қамти отырып, бақылауда ұстау, атқарылған істермен алғы күннің міндеттері жайлы халыққа есеп беруі қалыптасқан дәстүрге айналды.
Әкімдердің ел алдында есеп беруі - атқарылған жұмыстарды тиісті деңгейде бағалап, орындалмағандарын жедел түрде шешу үшін күш жұмылдыруға және алдағы міндеттерді айқындап, нақтылауға мүмкіндік туғызбақ. Өткен аптада бастау алған аудан әкімі Р.Н.Сағындықовтың есеп беру кездесуі кестеге сай 1 ақпан күні Биғаш және Тассай ауылдық округтерінде өтті.
Толығырақ...Теректіге таза ауыз су келеді
Аудан әкімі Рамиль Сағандықовтың алғашқы іссапары Теректі ауылдық округінен басталды. Ауыл тұрғындары ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға көңілдері тоқтығын білдірді. Соңғы жылдары бұл ауылда жаңалық көп. Оның ішінде мектеп пен әкімшілік ғимараты жөндеуден өтті, балабақша ашылды. Былтырғы жылы орталық көшелердің бірі Бөгенбай Батыр көшесіне жарық тартылды. Көшелерді жарықтандыру мәселесі биылғы жылы да жалғасын табатынын ауыл әкімі Ержан Күзембаев баяндамасында жеткізді.
Басты жаңалық – 2018 жылы Теректі ауылына таза ауыз су келеді. Республикалық бюджеттен бөлінген 307 миллион теңге қаражатқа ауылдың көшелеріне ауыз су құбыры тартылады. Ауыл тұрғындарының көптен күткені де осы болатын, олар көңілдегі қуаныштарын қошеметпен білдіріп, аудан әкімінің жылдық есебіне жоғары баға берді.
Ағымдағы жылдың 17 қаңтары күні «Нұр отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалы ғимаратында Жастар орталығының ұйымдастыруымен алғашқы рет аудандағы жас-тар мәслихаты депутаттарының сессиясы болып өтті. Оған ауылдық округтерден келген 12 жас депутат, сонымен қатар ішкі саясат бөлімінің бас маманы А. Рахимбаев, аудандық жастар орталығы КМК директоры А.Қалыков, «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалының бірінші орынбасары Г.Ақшабаева қатысты. Ж.Алпысбаев төрағалық еткен Сессияның күн тәртібінде негізгі үш мәселе қаралды. Атап өтсек, Самар, Тассай, Белое, Бастаушы селолық округі бойынша жастар мәслихаты депутаттарының жұмыстары жайы ортаға салынды.
Толығырақ...Аудан әкімі Рамиль Сағандықов ветеринария саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, болашақ іс-қимылды анықтауға арналған кеңес өткізді. Жиынға аудан әкімінің орынбасары, мәслихат хатшысы, қоғамдық кеңес төрағасы, ветеринария бөлімінің басшысы, жергілікті полиция қызметінің басшысы және де ауданда ветеринария саласына тиісті қызмет өкілдерінің барлығы қатысты. Күн тәртібінде аудандағы сарып ауруының алдын алу және оның көзін жоюға бағытталған іс-шаралар, жергілікті жердегі ветеринарлық қызметтің жүйелік мәселелері қаралды.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.