Мемлекеттік «Балапан» бағдар-ламасы аясында еліміздің түкпір-түкпірінде балабақша құрылысы қарқынды дамып келеді. Аудан орталығы Көкпекті ауылында 95 орынға есептелген, «Көкпекті Тола-ғайы» балабақшасының ашылу салтанаты болды. Балабақша ескі ғимаратты қайта жаңарту арқылы іске қосылды.
Бүгінгі таңда еліміздің келешегі жас ұрпақ деп, бала тәрбиесіне қоғам ерекше көңіл бөліп отыр. Бұл жөнінде Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында нақты айтылып, алға қойған міндеттердің орындалуына жете назар аударылып келе жатқаны да тектен-тек емес. Қазіргі кезде ұрпаққа тәрбие мен білім беру мектепке дейінгі мекемелерден, балабақшалардан бастау алады. Ұлт тәрбиесін басты мәселе санайтын Көкпекті ауданы басшылығы бүлдіршіндерді балабақшамен қамта-масыз етуді жолға қойған. Қазіргі заман талабына сай көрікті де көркем бүлдіршіндер ордасы - «Көкпекті Толағайы» балабақшасы сөзіміздің дәлелі десек те болады.
Еліміздің мерейлі мерекесі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі мерекесі күні-не орай, Көкпекті тұрғындары үшін бұл үлкен сый болды. Жаңа балабақшаның салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімі Р.Сағындықов, аудандық мәслихат хатшысы Т.Сарманов, мекеме, ұжым басшылары, аудан тұрғындары бүлдіршіндердің қуанышын бірге бөлісті. Әлеуметтік саладағы ең елеулі жаңалық – жаңа балабақша ғимаратының ашылуымен аудан жұртшылығын құттықтаған аудан басшысы Рамиль Нығметжанұлы:
- Ел Президенті біздің балала-рымыздың дені сау, бақытты болып, үлкендердің қамқорлығы мен сүйіс-пеншілігіне бөленіп, жақсы тәрбие мен сапалы білім алу үшін көп жағдай жасап отыр. Қазақстанның басқа да аймақтары сияқты біздің ауданда балалар сапалы білім алатын мектептер, өскелең ұрпақтың денсаулығы мен рухани жағынан жақсы тәрбие алуы үшін жаңа балабақшалар ашылып жатыр, - дей келе, балабақшаның педагогикалық ұжымына табыстар тіледі. Салтанатты рәсімнен кейін қазақы дәстүрмен шашуды зейнеткер тәрбиеші Әлия Ғазизқызы шашты. Бөбектердің игілігі үшін салтанатпен ашылған шарада ғимараттың лента қию рәсімін қарт ұстаз Хабиба Байболова мен Сләмбек Мұқашев жасап, кілтті «Көкпекті Толағайы» балабақшасының меңгерушісі Жайнагүл Тойымбаеваға тапсырды. Келген қонақтарды балабақшаның жұмыс жүйесімен Жайнагүл Бақытбекқызы таныстырып өтті.
- Мұнда тәрбие және білім беру жұмыстары екі тілде жүргізіледі. Бала-бақшада 5 топ бар, яғни 95 бүлдіршін тәрбиеленеді. Әрбір топ- қа кең де жарық ойын, жатын бөлмелер, шешінетін орын кіреді. Асхана толық жабдықталған. Екі қабатты, заманауи талаптарға сай жабдықталған ғимаратта ойын бөлмелері, оқу сыныптары, акт залдары және басқа да тұрмыстық-қызметтік бөлмелер бар. Ауладағы ойын алаңына күркелер орнатылған. Барлық алаңдарға құм төгіліп, сырғанау төбелерімен, әткен-шектермен жабдықталған.Балабақшада 14 педа-гогикалық кадр және 23 жұмысшы еңбек етеді. Бүгінгі мерекенің тағы бір ерекшелігі, мұнда Аудан орталығындағы Балалар үйінің жабылып қалуына байланысты, тұрғындар үшін 11 жаңа жұмыс орны ашылып отыр, - деді балабақша меңгерушісі Жайнагүл Бақытбекқызы.
Жиналған қонақтар мен аудан тұрғындары балабақшаның ішін аралап көріп, бүлдіршіндердің арнайы дайындаған концерттік бағдар-ламасын тамашалады. Концерттік бағ-дарламада балабақша бүлдіршіндері ән-жырларын арнап, ата-аналар атынан Шынар Қалиакперова жиналған жұртты жаңа балабақшаның ашылуымен құттықтап, салтанатты рәсімге келген аудан басшыларына және балабақша ұжымына жас ұрпақтың тәрбиесіне көңіл бөліп келе жатқандықтары үшін алғысын білдірді.
Жиылған қауым да «жақсыны көрмекке» демекші, заманауи балалар бақшасын аралап, бөлмелерімен танысып, бал-ғындар үшін игілікті істің басында болған аудан әкіміне, білім беру бөліміне ризашылықтарын білдіріп тарқасты.
Өнегелі істердің барлығы халықтың игілігі үшін екендігі рас. Бұл балабақшада тәрбиеленіп, білім алған балалар ертең еліміздің дамуына үлес қоспақ. Мұндай нысандардың ашылуы Көкпекті ауданында әлі де жалғасын табатына сенімдіміз. Бүгінгідей қуаныштарымыз көп болсын, жаңа балабақшаға қадам басқан бүлдіршіндер абыройлы азаматтар мен азаматшалар болып өссін!
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.