Тазалық - аудан шырайын кіргізіп, қоршаған ортаға әдемілік сыйлайтын маңызды шаралардың бірі. «Тазалық - денсаулық кепілі», - деген ізгі ниетті басшылыққа алған аудан әкімдігі сенбіліктерді жиі ұйымдастырып тұрады.
Көктемнің шуақты күндерінен бастау алған ауданымызды қоқыстан тазарту мақсатында ұйымдастырылатын сенбілік жұмыстары бас-талды. Өткен жұма күні ұйымдастырылған жалпыаудандық сенбілік нәтижесінде аудан орталығы қыстан кейін кәдімгідей жаңарып қалды. Ауылдың түкпір-түкпірінде жүргізілген қызу тазалық жұмыстарынан соң аудан орталығы айнадай жарқырады. Сенбілікке қатысып, өз аумақтарынан қоқыс-қалдықты шығарып, ағаш түптерін әктеген көкпектіліктер ортақ үйіміздің әсемденуіне бір кісідей атсалысты.
Көкпекті ауылдық округі әкім-дігінің берген ақпаратына сүйен-сек, бұл жолы жалпыаудандық сенбілікке Ж.Шайжүнісов атындағы және Көкпекті орта мектептері, білім беру бөлімі, ТҮКШ, Көкпекті аудандық орталық ауруханасы, Көкпекті аудандық кірістер басқармасы, Қаржы, қорғаныс, статистика, аудандық мұрағат, ҚР ТҚКА ШҚО ТҚҚД Көкпекті аудандық ТҚҚ басқармасы, Вет.лабораториясы, Балалар өнер мектебі, Бос уақыт орталығы, аудандық кітапхана, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімі, «Нұр Отан» партиясы филиалы, «Көкпекті-Толағайы», «Шуақты Шұғыла», «Балерке» балабақшалары сынды мекемелер тазалық жұмыстарына белсене қатысқан. Ал, сенбілікке шықпаған мекемелер қарапайым тұрғындарға қай жағынан үлгі бола білді? Иә, қатысқан бір бөлек, қатыса отырып сенбіліктен нәтиже шығарған бір басқа.
Ауыл тазалығы, оның көркі мен сәні әрбір тұрғынның өз ауласы мен үйінің маңайынан басталады емес пе? Аудан орталығында тұра-тынымызды көпшілігіміз ұмытып кететін болуымыз керек. Жан-жағыңызға қарасаңыз үй иелерінің жекеменшік баспанасының ауласы мен маңайын абаттандыруға құлықсыздығының, ал көпқабатты пәтерлердің жан-жағына қоқыстарын қалай болса солай лақтыра беретіндігінің куәгері боласыз. Тіпті көршілес тұратындар бір-бірімен санас-пайды, ұялмай көршісінің тазалаған аумағына қоқыстарын лақтырумен болады. Міне, осындай тәртіпсіздікке аудан, ауыл басшылары қатаң шара қолданса деп ойлаймын. Тазалығымен ерекшеленген қандайда бір көрініс жанға жылу береді. Жанымызға рахат, көңілімізге шаттық сыйлайтын тазалақ шараларына алдағы уақытта да белсене қатыссақ нұр үстіне нұр болар еді.
Ауылымызды гүлдендіріп, көшелерімізді көр-кейтеміз десек санитарлық тазалықты өзімізден бастағанымыз жөн болар. Туған өлкенің тазалығын қадағалау әрбір тұрғынның азаматтық парызы екенін естен шығармайық!
Гүлдария Өскенбаева, «Көкпекті Толағайы» балабақшасының мейірбикесі:
- Сенбілік - халықты игілікті іске шақыру. Әр адам өз үйін әдемі, ауласын таза ұстаса ауылдың тазалығы мен көркіне көрік қосар еді.
Кез келген адам өз ауласының, тұрғылықты жерінің таза да әдемі болғанын қалайды. Сенбіліктің тазалыққа пайдасы зор. Сенбілікке шығып, талдарды әктеп, айналаны сыпырып, қоқыстарды өртеудеміз. «Тазалық айының» жа-рияланғанына қуаныштымын.
Гүлжанат Құрманғалиева, Балалар өнер мектебінің хатшысы:
- Сенбілік - тазалық кепілі. Әр адам сенбілікке кішкене де болса атсалысып, үлесін қосса тазалыққа деген жауапкершілігі де арта түседі. Олар сенбілікке шығу арқылы тазалыққа деген жауапкершілікті нығайтады. Себебі,өзің тазалаған жерді сен ешқашан шашпайсың, керісінше, ауыл-ды бүлдіріп жүргендерге көз жұмып қарай алмай оларға ақылыңды айтасың. Сенбілік осыған үйретеді.
В.Дюсупов, «Көкпекті Толағайы» бала-бақшасының жұмысшысы:
- Таза үй, таза ауыл кімге болса да ұнары анық. Десек те, тазаны ластап, шашып, бүлдіретін де өзіміз. Сол себепті «Тазалық айының» жарияланғанына қуа-ныштымын. Себебі тазалық айын-дағы сенбілік жұмысына қатысу арқылы аудан тұрғындары ауылды ластамауға үйренеді. Кім өзі жинаған жерді ластағысы келеді?! Әрине, ешкім ластамасы анық. Сондықтан «Тазалық айы» әр мезгілде тоқтамасын, сенбілік жұмысы жалғаса берсін.
КЛАРА ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Сәуір айының 10-11 күндері аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин бос орындар жәрмеңкесі аясында Семей жəне Өскемен қалаларының жоғары оқу орындарында студент жастармен кездесті. Биылғы жылы білім ордаларын аяқтайтын түлектермен кездесуге ішкі саясат бөлімінің басшысы Бек Нұғыбаев, жастар орталығының директоры Азамат Халық, маслихат депутаты, білім беру бөлімінің маманы және мектеп директорлары қатысты. Бүгінгі күні ауданда білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік қызмет жəне ауылшаруашылық салалары бойынша 100-ден астам мамандар қажеттілігі туындап отыр. Екі күнге созылған бос орындар жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша 56 жас түлекпен келісім-шарт жасалды.
Толығырақ...Ағымдағы жылдың 2 сәуір күні маслихат депутаты Қанат Бидахметұлы Садықовтың төрағалық етуімен аудандық маслихатының кезекті 21-ші сессиясы өтті. Маслихат отырысына депутаттар, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, кәсіпорындар мен ұйым басшылары, құқық қорғау органдары және БАҚ өкілдері қатысты.
Толығырақ...
Қауіп сейілді
Көктемгі жылы күндер мен жауын-шашынның басталуымен біздің аймақтағы су тасқыны жағдайы қайтадан арта түсті. Бұған ең алдымен, Самар ауылдық округінің Лайлы су қоймасы жатады.
Лайлы өзенінің кенеттен «өрік-пеуіне» байланысты арнасынан асып, тұрғын үйлерді су алу қаупі 31 наурыз күні самарлықтарды қатты әбігерге түсірді. 30-31 наурыз күндері Самар ауылында қатты жауын жауады. Бұл Лайлы өзеніндегі бөгеттің қойнауының күрт толтырылуына әкелді. Аудан әкімінің орынбасары М.Теміржанов пен сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қ.Жылқышевтің айтуынша, су қоймасының жобалық қуаты 770 мың м3, ал түні 100% толтырылған. Толтыру алдындағы күн 490 мың м3 құрады, ағыны 2,5 м3 / сек. болды.
Толығырақ...Аудан экономикасының дамуында ерекше орын алатын сала - ауыл шаруашылығы. Көкпекті ауданындағы көктемгі егістік жұмыстары туралы кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің агрономы Жанат Көпесов шаруашылықтардың алдағы көктемгі дала жұмыстары жайлы әңгімелеп берді.
Жанат Қанағатұлының айтуынша, жалпы аудан бойынша 162 мың 835 гектар егістік жер, оның ішінде дәнді дақылдар, мал азығы, майлы дақылдар алынатын танаптар бар. Биылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 3 315 тонна жанар-жағар май бөлініп, жеткізуші операторлар белгіленді. Олар «Қаз Мұнай газ», «Жанғызтөбе Мұнай өнімдері» кәсіпорындары.
- Шаруашылықтарға дизель отыны субсидия түрінде беріле ме?
- Жоқ, шаруа қожалықтары үшін мемлекет тарапынан арзан-датылған бағамамен, мысалы: сатылымда 160-165 болса, олар 150-145 теңгеден ала алады.
- Биылғы жылы егілетін қандай дақылдар түріне баса назар аударылып отыр?
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.