Жақында «Елім-ай» ЖШС-де Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен «Сиыр етін өндіру технологиясы және ірі қара мал бордақылауды қарқынды ұйымдастыру» тақырыбында семинар болып өтті. Ауыл шаруашылығы мамандары аталмыш жиыннан қандай артықшылықтар алғанын Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы директоры Әлия Мұқашева айтып берді.
- Аталмыш семинар 2 күн бойы өткізілді. 30 шаруа қожалығының өкілдері арнайы сертификатқа ие болды. Шаруашылық иелеріне дәріс беру үшін Астана қаласынан арнайы Жангелді Жарқымбаев келіп, аталған саладағы жаңа технологияларды жүзеге асыру бойынша шеберлік сыныбын өткізді. Тыңдаушыларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осы тұста жиын өтетін орынды ұсынған «Елім-ай» ЖШС-нің семинарға ерекше дайындығын атап өткім келеді.
Өткен аптада Кәсіпкерлер палатасының Көкпекті аудандық филиалында іскер әйелдер кеңесінің бастамасымен «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» бағдарламасы аясында аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауға арналған «Жақсылық акциясы» өтті. Жақсылық жасауға асығып, қол ұшын созған жандардың алғашқысы болған Белое ауылының кәсіпкері Макфира Даутова акцияға 130 000 теңге көлемінде заттар берді.
Толығырақ...Ауылдың сыртқы көрі-нісі, оның гүлденуі мен көркеюі жасалған еңбектің, тұрғындардың адами қасиеті мен эстетикасының айнасы болып табылады. «Сырт көз – сыншы» деген. Олай болса, Көкпекті ауылына келген адам оның сыртқы көрінісіне қандай баға берер еді? Дәл қазіргі уақытта бұл жауабы оңайлықпен беріле қоймайтын сауалға айналды.
Әрине, ауылдық округ әкімшілігі тарапынан бұл мәселе назарға алынып, жұмыстар жүргізіліп-ақ жатыр. Алдымен мұны әкімшілік ғимаратының ауласынан байқаймыз. Түрлі-түсті гүлдер отырғызылып, көгалдандырылған жер құлпырып, аулаға ерекше сән беріп тұр. Айналадағы арамшөптер қырқылып, темір қоршау боялған. Сондай-ақ, аудандық және ауылдық әкімшілік алдындағы жолдың шетіне гүлзарлар қойылған болатын. Қазір онда әрдайым суарылып тұратындықтан жайқалып, күн нұрына малшынған қанық түсті гүлдер өсіп тұр. Ауыл орталығындағы дүкендер маңындағыа көлік тоқтайтын орынға асфальт төсеу жұмыстары да қарқынды орындалып жатыр.
2012 жылдың жазында Новостройка ауылында ауданымыздың барша бүлдіршіндерінің қуанышын еселеп, Миролюбовка ауылы орта мектебінің негізінде ашылған «Балауса-2» балажайы бүгінгі күнде де демалушы балалардың көңіліндегісін тауып, олардың жаздың күндерін жарқын сәттермен өткізулері үшін белсенді жұмыс жасап отыр.
Айымыз оңынан туып, біз Ертегілер әлеміне арналған сахналандырылған көріністер шарасының үстінен түстік. 3 топқа бөлінген балалар барлығына таныс, сүйікті ертегілерін жаңа ағымға сай өзгертіп, назарға ұсынуда екен. Барлығымен бірге сүйсіне қошеметтеп отырып, олардың ойының ұшқырлығына, кейіпкерлерін сомдаудағы дарындылықтарына таңдай қақтық. Бұл шара балажайда өткізілген жалғыз мереке емес.
Аудан әкімі Рамиль Сағандықов 5 шілде күні тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Көкпекті және Самар ауылдарында өткізілген қабылдауға барлығы 7 тұрғын келді. Тұрғындардың жеке мәселелері қаралған қабылдауға сала басшылары да қатысты.
Қоғамдық қабылдауға келген азаматтар аудан басшысы Рамиль Нығметжанұлына өздерінің көкейтесті мәселелерін білдірді. Мәселен, Көкпекті ауылында тұратын зейнеткер Кульбану Нусюпова аудан басшысынан баспана мәселесін шешіп беруді өтінді. Осымен екінші мәрте қабылдауға келіп отырған зейнеткер жеке отбасы бар қызының үінде тұрып жатыр. Мемлекет тарапынан берілетін тұрғын үй кезегінде тұрғанына да біршама уақыт өткен. Газет бетінде жарияланған тұрғын үй кезегінің тізімін ала келген кейуана бұл тізімде кездесетін қателіктер мен ауданда тұрмайтын азаматтардың барлығына шағымданды.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.