Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №555 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату» қағидаларының 45-тармағына сай аудандық мәдениет үйінде Теректі және Қ.Аухадиев ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті. Сайлауға округ әкімдеріне сенім білдірген кандидаттардың адамдары және БАҚ өкілдері қатысты.
Толығырақ...8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі аудан көлемінде әзиз әжелер мен аяулы аналарды, қыз-келіншектерді құрметтеу үрдісімен аталып өтті. Аяулы аруларға арналған салтанатты шара округтерде жалғасын тауып, мерекелік тілектер толастаған жоқ. Аудан басшысының атынан орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері ардагер аналардың шаңырағында болып, хал-жағдайларымен танысты, сый-құрмет көрсетті.
Ана бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербейді. «Адамдық негізі – әйел» дегенді М.Әуезов неткен даналық, тап-қырлықпен айтқан десеңші! Аяулы жар, қамқор ана, білікті маман. Осының бәрі бір әйелдің бойынан табылып жатыр. Нәзік жандылар отбасының ырыс берекесін сақтап, өскелең ұрпаққа тәрбие берумен қатар, қоғамның сан алуан саласында белсенділік таныта біледі.
Ұлт пен ұрпақтың бесігін тербетіп, тәрбиесін түзейтін, тіліміз бен дінімізді санамызға сіңіретін Ана деген құрметке ие ардақты жандарға арналып Көкпекті ауданының Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде салтанатты шара өтті.
Тыныс-тіршілігімізге нәр берген күн шұғылалы көктем мерекесі – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне ауданымыздың әр саласындағы қоғамдық жұмысқа белсене араласып жүрген әйелдер қауымы қатысты. «Бәрі де адамның өз қолында, ал адам әйелдің алақанында» деген қанатты сөз әлемді билейтін де, тербейтін де Әйел – ардақты апа, аяулы ана, асыл жар, арлы қарындас. Әйел – отбасының ұйытқысы, бала тәрбиесінің бағбаны, тіршіліктің тұтқасы.
Салтанатты шарада аудан әкімі Р.Н. Сағандықов аруларды құттықтап, лебізін білдірді.
Ақпан айының басында бастау алған Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған аудандық көркемөнерпаздар байқауы жалғасуда. Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде Шұғылбай, Сарыбел, Теректі, Палатцы, Тассай ауылдық округтері өнерпаздары концерттік қойылымдары болып өтті. Ауыл өнерпаздары өнерлерін аудан орталығы жұршылығы жылы қабылдап, сүйсіне қошемет білдіруде. Өнер байқауы шымылдығы әлі жабылған жоқ.
Толығырақ...Ауған соғысы....Ауған жерінде жан кешкен өрендерді еріксіз ойға түсіретін жан жарасы. 10 жылға созылған соғыс - қазіргі аға буынның қайғылы естелігі, боздақтарынан айырылған отбасы қайғысы, із-түссіз кеткен жауынгер жақындарының үзілген үміті. Биыл 15 ақпанда Кеңестер Одағының әскерлері Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толады.
Көкпекті ауданында Отан алдындағы борышын ерлік шежіресімен өтеген ерлерді еске түсіру жиыны өткізілді. Жылдағы дәстүр бойынша бұл күні Көкпекті ауылының Заречная аумағында орналасқан Ауғанстанда көз жұмған жауынгерлерге арналған ескірткіш маңында митинг болып өтті. Жиналғандар алдында сөз сөйлеген Көкпекті ауданы Қорғаныс бөлімінің басшысы А.П.Цыбенко және сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман-сау оралып туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымыздың атынан қаһарман жерлестеріміздің бірі ауған соғысының ардагері Мұрат Рақымбеков, «Арлан» әскери-патриоттық клубтың жетекшісі Ә.Артықбаев, Октябрь мектеп-балабақша кешенінің АӘД пәнінің ұстазы В.П.Онищенко барлық ардагерлерге мерекелік жылы лебіздерін білдірді.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.