Үлкен жолдан тыс жатқан Биғаш ауылдық округіне орта-лықтан бөлек Егінбұлақ, Қарғалы-Комсомол елді мекендері жатады. Жексенбі күні Биғашқа жұмыс сапарымен барған аудан әкімі Асхат Смаилов округ орталығының әлеуметтік, әкімшілік нысандарын аралап көрді. Бұл - аудан басшысының ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысу барысында округтерге жұмыс сапарының бірі болатын.
Толығырақ...28 мамыр күні аудан әкімі Асхат Смаиловтың төр-ағалық етуімен кезекті кеңейтілген аппаратық кеңес өткізілді. Аппараттық кеңеске аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары қатысты.
Толығырақ...Ауданның ауыл шаруашылығы саласын маңызды науқанды жұмыс күтіп тұр. Егін егумен шұғылданатын серіктестіктер мен шаруа қожалықтары бұл жұмысты бастап та жіберді деуге болады. «Көктемнің бір күні жылға азық» дегендей, мұндай маңызды шара кең көлемді дайындықты қажет етеді.
Көктем шуағы еніп, жер сызы кетісімен, дала төсінде көктемгі егіс жұмыстарына дайындық басталады. Бұл күзде орғанын кәдеге жаратқан егіншілердің тағы да қарбаласқа түсетін, қайнаған қызу еңбектің қызатын шағы. Егістік жерді тазалау, жер жырту, тұқым себу, суару жұмыстары рет-ретімен жасалып, мол өнім алуға бағыт ұсталады.
Ағымдағы жылдың 14 мамыр күні Көкпекті және Аягөз аудандары арасында «Адал жол – Честный путь» жемқорлыққа қарсы марафонының эстафета кітабын тапсыру бойынша салтанатты іс-шара өтті. Бірдей ақ түсті көліктер мінген Көкпектіліктер мемлекеттік Туды ұстап, автошерумен аудан орталығынан шықты. Шараның мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған жұмыстар мен іс шараларды бірлесіп өткізуге арналған. Іс-шараға Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Д.Қойгелдин, маслихат хатшысы Т.Сарманов, екі ауданның ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Толығырақ...Аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов ауданымызға қарасты Көкжайық, Үлгілімалшы, Үлкенбөкен ауылдық округтерінде жұмыс сапарымен болды.
Ондағы мақсат - әрбір округтегі халықтың тұрмыс-тіршілігімен жақын танысу болса, әлеуметтік маңызы бар нысандардың жай-күйін де көріп қайту. 15 мамыр күні танысу іссапарын Көкжайық ауылынан бастаған аудан басшысы бірінші кезекте «Елім-ай» шаруа қожалығына атбасын тіреді. 1996 жылдан бері халықтың игілі үшін еңбек етіп келе жатқан алдыңғы қатарлы «Елім-ай» шаруа қожалығының басшысы Түсіпбай Миғражұлы Бекбердинов аудан басшысына шаруашылықтың мән-жайын баяндап берді. Сондай-ақ, Асхат Сайдахметұлы егіс алқабында көп функциялы «Джон дир» тракторының технологиясымен және астықты өңдеп жатқан жұмыс жүйесімен танысты.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.