Көкпекті ауылында 3 наурыз күні болған тілсіз жау өрттің кесірінен болған тайталаста өрт сөндіруші жігіттер Құсмановтар отбасының үйін өрттен аман алып қалды. Басын бәйгеге тігіп, өзгенің өмірі үшін алысқан Көкпекті ауылындағы № 58 Өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Марат Серікұлы Бакеновке және осы кезекшіліктегі азаматтарға Құсмановтар отбасының алғысы шексіз.
Оқиға өткен жексенбі күні түнгі сағат 3 терде Көкпекті ауылындағы Құсмановтар отбасының монша мұржасының тұтануынан басталды.
Өрт сөндіру бөліміне түскен қоңыраудан кейін кезекшілікте тұрған лейтенант Марат Бакеновтың қарауыл тобындағы жігіттер жедел түрде өртті сөндіруге кірісті. Тілсіз жаумен ержүрек жігіттер бір сағаттай алысып, сағат 5:30 да толық өртті ауыздықтады. Оқиғаның басы қасында жүрген Марат Серікұлының мәліметі бойынша, өрт қатты өршіп моншаның жанындағы қосалқы шаруашылыққа және үйге қарай шауып бара жатты. Өртті өшіруге 9 тоннадай су кетіп, 50 шаршы метр жерде өрт сөндіріліп, ыстық өрттің ішінен 2 газ толған баллонды алып шығыпты.
Наурыз айының 4-5 күндері күндері аудан әкімі Асхат Смаилов азаматтарды жеке мәселелері бойынша Көкпекті және Самар ауылдарында қабылдады. Аудан әкімінің қабылдауында ауыл тұрғындарынан әлеуметтік мәселелер, тұрғын үй, арнайы әлеуметтік көмек көрсету, жұмыспен қамту және жер туралы мәселелер көтерілді. Жеке қабылдауға «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Оразғалиева, Қ.Аухадиев атындағы округтің әкімі М.Малғаждарова, дербес бөлім басшылары қатысты.
Алғашқы болып қабылдауға Преображенка ауылының тұрғыны Ирина Губер кірді. Ирина бүгінгі күнде тұрақты мекенжайға тіркелмегендіктен, тұрғын үй кезегіне тұру мәселесі туындап тұр. Бұл мәселе бойынша аудан әкімі Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округінің әкімі М.Малғаждароваға тұрақты мекенжайға қоюды тапсырды. Сондай-ақ аудан басшысы өтініш берушіге аз қамтылған және көпбалалы отбасы ретінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан бір реттік материалдық көмек берілетінін айтты. Сол сияқты аудан әкімінің қабылдауына жазылған келесі азаматша Ырыскүл Әміренова да Преображенка ауылының тұрғыны екен. Ырыскүл анасымен бірге тұратынын, жалғызбасты ана екенін айтты. Ол тұрып жатқан үйіндегі құдығы істен шыққандықтан, ауыз суды тасу қиынға соғады. Қазіргі тұрып жатқан үйі де апаттық жағдайда. Ырыскүлдің өкпе-назын тыңдай келе, Асхат Сайдахметұлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, хал актілерін тіркеу бөлімі тарапынан жалғыз басты ана ретінде бір жолғы материалдық көмек көрсетуді тапсырды. Сол сияқты аудан әкімі жұмысқа орналастыру, үйіне құдық қазып беру, аз қамтылған отбасы ретінде мектеп жасындағы баласын тегін ыстық тамақпен қамту және тұрғын үйдің кезегіне қою сияқты мәселелерді жауапты тұлғаларға жүктеді.
Бекітілген кестеге сәйкес ағымдағы жылдың 25 ақпанында Көкпекті ауданы әкімінің міндетін атқарушы, аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Майкенев аудан азаматтарын жеке сұрақтарымен кезекті қабылдауын өткізді.
Әкім аппаратының бөлім басшылары және Көкпекті ауылының әкімі Қайрат Алғазыұлының қатысуымен өткен жеке қабылдауда үш мәселе қаралды. Олар қаражат мәселесі, қарыз берешегі және балаларға төленетін жәрдемақыны тұрғындардың уақытында ала алмау мәселері бойынша қабылдауға келді.
Қабылдауға алғашқы болып кірген, Көкпекті ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Кенжеш Сарымсақова өз өтінішінде бастаған кәсібінің дамымағанына жергілікті билік өкілдерін кінәлай келе, қазіргі таңда барлық кінәлі адамдарды жазалауын талап етіп, кәсібін бастауға көмек сұрады. Көпбалалы ананың арызын мұқият тыңдаған Жасұлан Талғатұлы тиісті бөлім басшыларымен ақылдаса келе мәселенің түйінін шешетінін айтты.
Көкпекті ауданы әкімінің м.а. Жаслан Талғатұлы Майкенов Самар ауылдық округінің тұрғындарымен кезекті қабылдау өткізді. Қабылдауға келген тұрғындардың мәселелері әр түрлі сипатта орын алды.
Мысалы, Палатцы ауылының тұрғыны В.Шевкопляс кәмелет жасына толмаған жиендеріне төленетін қамқорлық қаражатының тоқтатылғаны туралы мәселені көтерді. Бұл сұрақтың заң аясында анықталуын аудандық білім бөлімінің басшысы Ш.Н.Мұстафиноваға тапсырды.
Мариногорка ауылының тұрғыны Е.Әжікенева ұлын бір топ адамның ұрып-соққандығы жайында айта келіп, сотқа дейінгі тергеу барысында істің мән-жайын анықтау жұмысына өзінің көңілі толмайтындығын жеткізді. Самар ПБ бастығының орынбасары Қ.Ж.Меткенов арызданушыға сотқа дейінгі тергеу барысы бойынша және жоғары сот органдарына шағымдану құқығы туралы толық түсінік берді.
Мемлекеттік билік пен халық арасындағы байланысты жүзеге асырушы жергілікті атқарушы органдардың бірі – аудандық әкімшілік. Аудан әкімінің тұрғындарды ай сайынғы қабылдауы халыққа көрсетілетін қызметтің бір түрі болып саналады.
Аудан әкімі Асхат Смаилов 4 ақпан күні жеке мәселесі бойынша келген азаматтарды қабылдады. Аудан тұрғындары тұрмыс саласына қатысты түрлі сұрақтары мен ұсыныстарын айтты. Негізгі мәселелер жұмыспен қамту, кәсіпке қолдау көрсету және тұрғын үй бөлу, жер мәселесі төңірегінде болды. Жеке қабылдауға аппарат басшысы, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, Көкпекті, Теректі, Үлкенбөкен, Үлгілімалшы, Мариногорка ауылдық округ әкімдері қатысты.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.