Аудан әкімі Асхат Смаилов ауданның шалғай шеті Ақ Ертістің жағасындағы Сарыбел ауылының бас жоспарын талқылады. Сонау жаугершілік заманда Абылайхан Толағай түбіне ту тігіп, Шорға шайқасының жос-парын талқылапты дейтін... деп әңгіме қосты Сарыбелдік қария Тұрсынбек Зәкіров. Міне, бүгінгі Сарыбел ауылының бас жоспарын талқылауда әкім де, мамандар да отырмай, ауылды көріктендірудегі бас шайқасқа дайындықты қалай бастауды дәл сол бабаларындай тікелерінен тік тұрып, тізе бүкпей талқылады десек асыра айту емес.
Сарыбел ауылының туристік әлеуеті ерен болса, енді сол тартымды істі қалай пайдаға жаратуы сөз болғанда, аудан әкімі былай деді:
- Ауылдың әлеуеті экономикалық та, турис-тікте, әлеуметтік тұрғыда зерделеніп, қай бағытта ауылдық округ халқына пайдалы болатыны ескерілуі керек. Ауылдың бас жоспарын міне осындай ойлармен жасап, демалыс орындарын, тұрғын үйлер мен коттедждер салатын учаскелер конкурс арқылы халыққа сатылуы керек. Сату ережесі мен шарттарын аудандық қаржы бөлімі дереу жасап, жедел жариялау керек. Сатылатын үйлер мен демалыс аймақтары орындар бас жоспарға сәйкес белгіленіп сатылуы қажет.
Мемлекеттік билік пен халық арасындағы байланысты жүзеге асырушы жергілікті атқарушы органдардың бірі – аудандық әкімшілік. Аудан әкімінің тұрғындарды апта сайынғы қабылдауы халыққа көрсетілетін қызметтің бір түрі болып саналады.
Ағымдағы жылдың 6 мамыр күні, аудан әкімі Асхат Смаилов кезекті азаматтармен жеке қабылдау өткізді. Жеке қабылдау барысында көкпектіліктер жұмыспен қамту, ауылшаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, тұрғын үй кезегі, отбасылық жағдайлары мен әлеуметтік мәселелер және т.б. жәрдемдесуге қатысты сауалдарын қойып, ауданды дамыту бойынша өз ұсыныс-тілектерін білдірді.
Көктем - табиғаттың оянып, өзгеретін уақыты. Аудан басшысы Асхат Смаиловтың бастамасымен басталған аумақты абаттандыру және көгалдандыру бойынша ауқымды жұмыс жалғасуда. Осы орайда ауданда тұқымбақтарын құру, қылқан жапырақты ағаштардың көшеттері мен сеппелерін отырғызу жатады. Осының арқасында экологиялық жағдайды жақсартуға себепші болатын елді мекендер көріктендіріліп, ауданның жасыл қоры жасақталады.
Алдағы уақытта ауданға тағы 6500 мың түп майқарағай, 40 мың түп шырша сеппелері, 1-1,5 метрлік 2 мың түп шырша және 2 мың түп сібір шыршасының көшеттерін әкелу жоспарлануда. «Көкпекті» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мекемесінің және ауылдық округ әкімдіктерінің басшылығымен көшеттер өңірдің табиғатына бейімделген Черемшанка орман шаруашылығынан және Қатонқарағай ауданындағы ұлттық табиғи парк аумағынан әкелінуде. Бұл жұмыстарға аудандағы мекеме мен ұйымдардан 10 тұрғыны қатысып, қатысып, 2 жүк, 1 жеңіл машинасы, «Көкпекті» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мекемесінің КамАЗ, ветеринарлық инспекция мекемесінің газик көлігі және адамдарды тасымалдауға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мекемесінің ГАЗел көлігі барлығы 6 бірлік техника тартылды.
Толығырақ...Аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы 15-16 сәуір күндері Көкпекті мен Самар ауылдарында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Көкпекті ауылында өткізілген қабылдауға барлығы 5 тұрғын алдын ала жазылып, тек үшеуі қабылдауда болды. Тұрғындардың жеке мәселелері қаралған қабылдауға аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгельдин, аппарат басшысы Раушан Кемербаева, округ әкімдері және сала басшылары да қатысты.
Қабылдауға келген азаматтар аудан басшысы Асхат Сайдахметұлына өздерінің көкейтесті мәселелерін білдірді. Мәселен, Көкпекті ауылында тұратын зейнеткер Асылғазы Алтынбеков аудан басшысынан баспана мәселесіне жөндеу жұмысын шешіп беруді өтінді. Осымен бірнеше мәрте қабылдауға келіп отырған зейнеткер былтырғы жылы тілсіз жау өрттен зардап шегіп, қазіргі таңда жергілікті билік өкілдерінің қолдауымен әртістер үйінде тұрып жатыр. Мемлекет тарапынан берілетін тұрғын үй кезегінде тұрғанына да біршама уақыт өтсе де, құжаттарының қателігінен бүгінгі таңда кезекте жоқ.
Соңғы жылдары дәстүрге айналған ауылшаруашылығы жәрмеңкесі наурыздың 30 күні аудан орталығында өткізілді. Бұл жәрмеңкелер нарықтағы азық-түлік бағасын тұрақтандыру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында іске асырылады. Аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің мәліметі бойынша сенбілік жәрмеңкеге Үлкенбөкен, Теректі, Көкпекті, Шұғылбай, Тассай, Үлгілімалшы, Биғаш, Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округтері атсалыса қатысты. Атап айтқанда, 480 келі – ірі қара малдың еті, 100 келі қой еті, 200 келі жылқы еті, шошқа еті, құс еті, 300 келі – балық, 50 келі – бал, 300 келі картоп, 100 келі орамжапырақ,100 келі сәбіз, 50 келі тартылған балық, 90 келі сары май, 900 дана жұмыртқа, 60 литр тұздалған азық қоры және талқан, құрт, ірімшік сияқты сүт өнімдері тұтынушыларға саудаға шығарылды. Бағалары да қолжетімді болды. Мәселен, сиыр еті – 1 келісі –1300-1400 теңгеден сатылды, картоп – 120 теңгеге берілді.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.