Тассай ауылдық округі Көкпекті ауданының шығысында орналасқан бақуатты, бай мекен. Зайсан көліне құярда Көкпекті өзенінің Жүзағаш, Қылы, Ақсу болып тарамдалатын жазирасын толық алып жатқан Тассай, Ақсу, Үшкөмей, Қайнар ауылдары ежелден бірлігі бекем, берекесі мол елдімекендер.
8 қаңтар 2019 жылы аудан әкімі Асхат Смаилов ауылдық округтің ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесі және жастар бірлестіктері, мемлекеттік қызметкерлер, әлеуметтік сала өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Тассай ауылдық округінің 2018 жылдары атқарылған іс-шараларына баға беріліп, қорытынды жасалды.
Ауылдық округтің қордаланған шешімін табуы керек мәселелері – ауылдан шығып Омбы-Майқапшағай тас жолынан келіп қосылатын 27 шақырым жолдың жөнделуі, осы жолдың екі бөлігіндегі су өткізгіш құбырлардың жыл сайын тасқынға шыдамай бұзылуы айтылды. Сонымен қатар ауылда аудандық электр жүйесі мекемесінің тұрақты маманы жоқтығынан, жоғарғы кернеулі электр жүйесін ажырату, қосу қажеттілігі туындаған жағдайда 60 шақырымдық аудан орталығынан электр маманы келгенше неше ықылым заман өтетіні тілге тиек етілді.
Тассай ауылындағы әлеуметтік нысандар М.Әуезов атындағы орта мектеп, ауылдық клуб үйі мен фельдшерлік пункті аралап көрген аудан әкімі Асхат Смаилов аталған нысандарды жылыту жүйесінің жұмысында тексеріп көрді.
Кездесуді қорытындылай келе, аудан әкімі Елбасының стратегиялық бағдарламалары мен жолдауларында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру іс-шараларын белсенді түрде жүргізуді міндеттей отырып, 2019 жылы Омбы-Майқапшағай тас жолынан келіп қосылатын 27 шақырым жолдың, Тассай, Үшкөмей, Қайнар ауылдарында көше жолдары жөнделетінін айтты. Ауылды көркейту ауыл тұрғындарының қолында екені, әркім өз ауласын, албарын күтіп таза ұстаса, бүкіл ауыл көркейетінін баса айтты.
Кездесуге келген ауыл атқа мінерлері Тассай ауылындағы түйіндер шешіледі, – деп тарқасты.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.