Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 14-15  қаңтар күндері  Көкпекті ауданының әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов аппаратының жауапты қызметкерлерінің қатысуымен азаматтарды Көкпекті және Самар ауылында жеке қабылдау өткізді.

Естеріңізге сала кетейік Көкпекті ауылында әр дүйсенбі күні, Самар ауылында әр сейсенбісі күні аудан әкімі тұрғындардың жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізіп, онда аудан азаматтары әкіммен өздерін мазалаған мәселелер жөнінде ой бөлісіп, тиісті орындардан жауап ала алады.

 

Қабылдауға келген ветеринария саласында еңбек ететін жас маман Олжас Тоймұхамбетовтың өтініші тұрғын үй және жолдасына жұмыс сұрау төңірегінде болды. Бұл мәселелердің шешімін жіті қадағалауды Көкпекті аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының орынбасары Бақыт Оразғалиеваға тапсырды.
Сондай-ақ, қабылдауда Шәріптоғай ауылынан келген кәсіпкер Гүлнара Сарымсақованың өтініші гүл отырғызу мәселесі болды. Гүлнара апайдың өтінішін мұқият тыңдаған аудан әкімі округ әкімі Қ.Алғазиновқа көктемгі абаттандыру бойынша қанша жерге қанша гүл тұқымдары керек, аудан орталығындағы мекемелермен тығыз жұмыс жүргізуін талап етті.
Самар ауылдық округінде болған аудан әкімінің қабылдауында Мариногорка ауылының тұрғыны З. Айдарханова он жыл бұрын жоғалып кеткен ұлын іздестіруде көмек көрсету және жұмысқа орналастыру жөнінде өтініш білдірді. Өтініш берушінің айтуынша, ұлы «Еңбек Агро» ЖШС-де ат баптаушы болып жұмыс істеген күндердің бір күнінде ұлы жұмыстан оралмайды, содан бері одан хабар жоқ. Шағымданушы азаматшаға шаруашылық басшылығы тарапынан ешқандай материалдық көмек көрсетілмеген.
Ол өзі жұмыссыз, мүмкіндігіне қарай бір жалғыз басты қарт әйелге көмек көрсетеді, ол қызметі үшін оған ақы төлейді. Ұлдарының бірі денсаулығына байланысты еңбек ете алмайды, екінші ұлы жаз кезінде «Мәмбет» ШҚ жұмыс істеген, қазіргі уақытта жұмыссыз. Ал, Мариногорка ауылдық округінің әкімі Қ.Сурашев азаматша З.Айдарханованың отбасы жайлы егжей-тегжейлі баяндай келе, өз ұсыныстарын айтты. Жағдаймен толық танысқан аудан әкімі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы бір реттік материалдық көмек қарастыру қажеттігін және алдағы уақытта жұмысқа орналасуына көмек қарастырылатындығын айтты. Сондай-ақ, аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы округ әкімінен азаматшаны жұмысқа орналастыру жөнінде ұсыныс күтетін айтты.
Екі округте болған қабылдау соңында аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтардың шешімін жан-жақты қарап, кейбір мәселелерді әкім аппаратының жауапты қызметкерлері мен аудандағы мекеме басшыларының құзырына белгіленген уақыт мерзімінде орындауды қадап тапсырды.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз