«Бір жол бар жақын, жақын да болса алыс. Бір жол бар алыс, алыс та болса жақын» деп бекер айтылмаған. Мұның мәні қазіргі жолдардың сапасында жатыр. Яғни жол сапалы жөнделсе, жолаушы жолдың азабын тартпай, айшылық алыс жерлерге тез жете алады. Керісінше жолдың сапасы сын көтермесе, жүргізушілерді әбден әбігерге салады.
Аудандағы ең өзекті мәселелердің бірі ауыз су мен жол болып табылатыны белгілі. Біздің ауданда биылғы жылы өзекті мәселелер оңтайлы шешімін тауып, халықтың игіліне жұмсалуда. Солардың бірі Көкпекті ауылындағы Заречный кентінде игілігі мол іс толық жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда жаңа саябақ құрылысы, көшелердің жөнделуі ауыл тұрғындары үшін қуанышты жағдай. Аталмыш жөнделу жұмыстары туралы ауыл әкімі Қайрат Алғазыұлы Алғазин әңгімелеп берді.
Толығырақ...Қашан да малмен күн көрген қазақ үшін табиғат мезгілдерінің орындары ерекше. Көкпекті ауданы шаруалары дала жұмыстарын аяқтауға жақын. Мұнда ата кәсіп күн тәртібінен түскен емес. Әуелгі кезекте төрт түліктің қамы, қысқы азығы тұрады. Көп кешіктірмей қытымыр қысқа қамданып алғанды жөн көреді шаруалар. Сондықтан жаз ортасынан ауғанда малдың жем-шөбін жинауға кіріседі. Биыл өңірде ылғал мол болғандықтан, шөп те бітік шықты. Маусым айының бел ортасынан бастап шабындыққа шалғы түскен. Енді, міне, айналасы екі айдың бедерінде пішен дайындау науқаны аяқталып та қалды.
Көкпекті ауданының шаруашылықтарында маусым айының соңын ала басталған мал азығын дайындау науқаны қазіргі таңда қарқын алуда. Шабуға жарамды қырдың, өзен жиегіндегі шалғыға шалынатын жерлер шабылып, мал қыстағына тасымалданып жатыр. Маңызды науқанға ауданымыздың агроқұрылымдары алғашқылардың бірі болып кіріскен болатын. Қыстың қамын жаз ойлайтын шаруашылықтар бүгінгі күнге жем-шөп қорының 85 пайызын әзірлеп үлгерді. Малды қыстан алып шығу үлкен науқан. Онда ұсақ-түйек мәселе болмайды, себебі ол жерде барлығының да маңызы бар.
Толығырақ...Көкпекті ауылында сенбі күні жәрмеңке өткізу дәстүрге айналуда. Жергілікті биліктің аз қамтылған отбасыларға қамқорлық жасап, арзан ет, көкеніс, басқа да тамақ өнімдерін сатуға шығаратынына тұрғындар да үйреніп қалды. Енді олар арзан етті «Патхан» базарындағы жәрмеңкеден алуды әдетке айналдырғандай.
Ауылдық округ әкімдерінің ұйымдастыруымен өтетін бұл жәрмеңкелердің басты міндеті тұрғындардың аз қамтылған бөлігіне арналған. Сауданы әр жәрмеңке сайын үзбей жасайтын теректілік Бейбітгүл апайдың айтуынша:«Келген сатып алушыларға береріміз көп - өзіміз пісіретін нан өнімдері, сүт өнімдері, бал ауылымыздың атын шығарып теректілік брендке айналды. Әкелген азық-түлік тауарларымызды іздеп жүріп алатын тұрақты клиентеріміз де баршылық», - дейді теректілік саудагер.
Толығырақ...Ағымдағы жылдың 19 тамызында Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Бақытжанұлы Қойгельдин әкімдік аппараттың жауапты қызметкерлерінің қатысуымен азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауда аудан азаматтары өздерін мазалаған мәселелер жөнінде ой бөлісіп, тиісті орындардан жауап алды.
Алғашқы болып қабылдауға кірген Көкжайық ауылының тұрғыны Гүлмира Серғазина атаулы әлеуметтік көмекті осы уақытқа дейін ала алмағандығын және денсаулығына байланысты қаладағы ауруханаларға барып қаралуға материалдық көмек көрсетуін өтінді. Қапаланып келген ананың мұңын мұқият тыңдаған Дәурен Бақытжанұлы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Айгүл Ботантаеваға тапсырма берді.
Тамыз айының 7 күні Көкпекті ауданында 36 пәтерлі үйдің жанындағы футбол алаңының маңынан бой көтерген саябақтың ашылу салтанаты өтті. Қоршауға алынып, іші-сырты әсемделген саябақта субұрқақ та орнатылған. Жастардың серуен құрып, тынығуына таптырмас орын болып табылатын саябақтың лентасын қиюға біршама халық жиналды.
Салтанатты іс-шара Қ.Алтынбаев атындағы мәдениет үйі әртістерінің қонақтарға тамаша шаттық сыйлап, сұлу ырғаққа құрылып, жүрекке жылы тиер ән шашуын арнауымен басталды. Келесі кезекте қуанышты оқиғамен құттықтау үшін аудан әкімінің орынбасары Марат Қапарұлына, аудандық маслихат хатшысы Талғат Сарманов, ауылдық округтің әкімі Қайрат Алғазинов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Слямбек Насырбайұлы мен ауылдық ақсақалдар кеңесінің белсенді мүшесі Тілеухан Қайырхановқа сөз кезегі берілді.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.