Бекітілген кестеге сәйкес ағымдағы жылдың 25 ақпанында Көкпекті ауданы әкімінің міндетін атқарушы, аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Майкенев аудан азаматтарын жеке сұрақтарымен кезекті қабылдауын өткізді.
Әкім аппаратының бөлім басшылары және Көкпекті ауылының әкімі Қайрат Алғазыұлының қатысуымен өткен жеке қабылдауда үш мәселе қаралды. Олар қаражат мәселесі, қарыз берешегі және балаларға төленетін жәрдемақыны тұрғындардың уақытында ала алмау мәселері бойынша қабылдауға келді.
Қабылдауға алғашқы болып кірген, Көкпекті ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Кенжеш Сарымсақова өз өтінішінде бастаған кәсібінің дамымағанына жергілікті билік өкілдерін кінәлай келе, қазіргі таңда барлық кінәлі адамдарды жазалауын талап етіп, кәсібін бастауға көмек сұрады. Көпбалалы ананың арызын мұқият тыңдаған Жасұлан Талғатұлы тиісті бөлім басшыларымен ақылдаса келе мәселенің түйінін шешетінін айтты.
Ал Ержан Ажикұловтың өтініші бір жылдан бері Көкпекті ауылындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның қарыз ақшасын қайтармай жүргенін тілге тиек етті. Өз кәсібін бастауға осы қаражаттың ауадай қажеттілігін айта келе, тез арада шешімін тауып беруін өтінді.
Сондай-ақ, қабылдауға келген бір топ көпбалалы аналар 4 ай бойы өздеріне тиісті жәрдемақыны ала алмай жүргендерін айтты. Бұл мәселенің шешімін табу «Жұмыспен қамту» орталығының директоры Қанат Мұқышевке жүктелді.
Жасұлан Талғатұлы келген тұрғындардың өтініштерінің барлығына нақты да толық жауаптар қайтарып, кейбір сұрақтар бойынша әкім аппаратының тиісті бөлім қызметкерлеріне аталған мәселелерді шешу үшін тапсырма берді.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.