Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Көкпекті ауылында дәстүрге айналған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Аталмыш жәрмеңкеде Тассай, Үлгілімалшы, Көкпекті, Үлкенбөкен, Теректі, Көкжайық, Шұғылбай ауылдық округтері өз өнімдерін апарып, көкпектіліктердің ықыласына бөленіп қайтты.
Бұл қай жағынан алып қарасаңыз да халыққа қолайлы. Себебі, жәрмеңкеде өнім сатушылардың өздері халық өкілдері. Өз өнімдерін арадағы алыпсатар делдалдарсыз сатса, алушылар да осы тұрғыдан ұтпақ. Үкіметтің бағаны тұрақтандыру жөніндегі саясатына сай келетін осы бір игі іс көкпектіліктердің көңілінен шығып келеді.
Толығырақ...Басшысы жақсы елдің болашағы да жарқын болары сөзсіз. Өз халқының тыныс-тіршілігі, өмір сүруі, білім алуы, еңбек етуіне керекті бар жағдайдың жасалуы елім деген азаматтардың алғашқы мәселесі екені бұлжымас заңдылық. Осы тұста біздің аудан халқының маңдайына дәл осы заңдылықты өмірлік қағидасына балайтын Асхат Смаиловтай басшының бұйырғаны тегін емес шығар. Тұрғындар мәселесін тыңдауға арналған қабылдауды жиі өткізіп, әрбір түйткілді мұқият тыңдап, әділ шешімін табуға тырысатын аудан әкіміне өзім де қабылдауға барған сайын риза болып қайтамын. Мен аудандық ауруханада 57 жыл мейірбике болып қызмет еткен еңбек ардагерімін. Әкім қабылдауына бірнеше жылдар бойы үйдің артын жергілікті тұрғындар күл-қоқыс тастайтын орынға айналдырып алғаны кесірінен зардап шегетінімді айтып барған едім. Сауалға толыққанды жауап берген аудан басшысы өз тарапынан тапсырма берді. Көп өтпей құқық қорғау қызметкерлері мен жергілікті ақсақалдар алқасы бәрі келіп, өз көздерімен көріп, қоқыс қалдықтарын тазартуға техника жұмылдырды.
Толығырақ...Ағымдағы жылдың 9-10 маусым күндері аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов Көкпекті және Самар ауылдарында қабылдау өткізді. Қабылдауға ауыл әкімі, бөлім басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Толығырақ...Ағымдағы жылдың 17-18 маусым күндері Көкпекті және Самар ауылдық округтерінде аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов сала бөлімдері басшыларының қатысуымен аудан тұрғындарын қабылдады.
Ауыл халқының әлеуметтік-тұрмыстық тыныс-тіршілігін жан-жақты қамтыған бұл қабылдауға 5 адам жазылыпты.
Аудан әкіміне өз талап-тілектерін жеткізген көкжайықтық Данияр Орынбеков пен Өскемен қаласынан келген Гүлжанат Нағышпаевада жер мәселесі болды. Жеке кәсіпкер Даниярды мұқият тыңдаған аудан басшысы еңбек етем деп ерінбегендерге әрқашан қолдау көрсететінін айтты. Ал, әр қабылдауға жиі келетін самарлық Алена Кремер баспана мәселесі бойынша туындаған жағдайын айтты.
Сондай-ақ, қабылдауда тағы да атаулы әлеуметтік көмек мәселесі қаралды. Теректі ауылынан келген көп балалы ана Назира Қалиасқарова аталмыш көмек алуға өтінішін білдірді.
Адам өміріндегі ең үлкен бақыт - ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Иә, қай мемлекет болсын, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетіні сөзсіз. Өйткені, өскелең ұрпақ елдің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары. Бар жақсылығын балаларына көрсетіп, олардың жан-жақты тәрбиелі саналы болып ержетуіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы да жарқын.
Жыл он екі айдың жадыраған жаз айы да келіп жетті. Оқушы балалар үшін демалыс күндері бас-талса, ал мектеп бітіруші түлектерді ҰБТ күтіп тұр. Бәрінен де ең қызықтысы сол жаздың бірінші күні- Халықаралық балаларды қорғау күні. Балалық шаққа саяхат мерекесі күні.
Көкпекті ауылының орталық алаңында жаз маусымының бірінші күнімен бірге келген шуақты мереке биылғы жылы ерекше жоғары көңіл күйде өтті. Мерекелік шараға ата-әжелерімен, әке-шешелерімен бірге жиналған кішкентай бүлдіршіндердің қолдарына ұстаған қызылды-жасылды шарлары, бақытты күлкісі мен былдырлаған тәтті үні балаларды қорғау күнінің мәні мен мағынасын тереңдете түскендей.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.