Еліміздегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлт Жоспары – бес институциональды реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадамының» 80-қадамына байланысты және Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында енгізіліп отыр. Медициналық сақтандыру – халықтың денсаулығын қорғау жүйесі болып табылады.
Толығырақ...Самар ауылдық округі жастарының ұйымдастыруымен «Біз саламатты өмір салтын қолдаймыз» атты «дөңгелек үстел» өтті. Бұл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған шаралар аясында және 1 желтоқсан ЖИТС-пен күрес күні қарсаңында өткізілді. Жиынға Ауданарлық аурухананың ЗОЖ кабинеті, ӘБҮБ, мектептердің медицина қызметкерлері, орта мектептің, колледждің мұғалімдері және жастар қатысты. Модератор Ерназар Сауых жүргізген жиында ең алдымен ӘБҮБ дәрігері А.Стукачева сөз алып, ЖИТС (ВИЧ) – тің таралуы, одан сақтану туралы слайдты баяндама жасады. ЖИТС туралы СӨС дәрігері К.Көшербаева да бірқатар мәліметтер келтіріп, жастарға танымдық әңгіме айтты.
Толығырақ...Қантсыз - тәтті өмір, бұл фраза тек қант диабетінен зардап шегетін науқастарға ғана таныс болар. Себебі, тек осы науқастар ғана бұл сырқаттың қаншалықты ауыр, асқынулары көп, мүгедектікке жиі және жылдам әкелетіндігін, емге көне бермейтінін біледі.
Қант диабеті - қанда қанттың созылмалы түрде көп болуы және осыған байланысты көмірсу, нәруыз, май алмасудың бұзылуы.
Диабет - созылмалы ауру, ұйқы безі инсулинді жеткілікті мөлшерде бөліп шығара алмаған кезде немесе ағза өзі бөліп шығаратын инсулинді тиімді пайдалана алмаған кезде туындайтын ауру. Инсулин ұйқы безінің гормоны, ол қан құрамында қант деңгейін реттейді. Сау адамның ұйқы безі қанға глюкоза түрінде тағамды қорыту үшін жеткілікті мөлшерде инсулин бөліп шығарады. Инсулин жетіспесе, қанда глюкоза деңгейі елеулі түрде артады. Қазіргі таңда диабет ауруы емделмейді.
Тұрғындардың денсаулығының деңгейі елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және инустриалдық даму қарқынын айқындайтын басты фактордың бірі болып саналады. Халықтың әл-ауқатының жақсарып, ел экономикасының тұрақтануына адамдардың денсаулығы зор ықпал ететінін бәріміз жақсы түсінеміз. Сондықтан да елімізде медицина саласына жыл сайын айрықша мән беріліп, медициналық қызмет көрсету сапасының артуына әсер етуші түрлі озық инновациялар мен реформалар енгізілуде. Адам ағзасына елулі ықпал ететін, оның әлеуметтік жағдайына қарай дамуына әсері бар ауру түрлерінің бірі – туберкулез. Туберкулез негізінен әлеуметтік науқас түрі деп тегін айтылмаған. Енді аудан тұрғындарының туберкулезбен науқастану ахуалы мен оның алдын-алу және анықтау, емдеудің жағдайына тоқталайық. Бұл жайында Тұтынушылардың құқын қорғау бойынша Көкпекті аудандық басқармасының басшысы Гүлмира Қабышқызы Абдырасылова әңгімелейді:
Толығырақ...28 қыркүйек – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімі бойынша құтырма індетіне қарсы күрес күні болып бекітілген. Бұл дата індеттің таралу мәселесі мен оның салдарына көпшіліктің назарын аудару мақсатын тұтады. Осыған орай Көкпекті аудандық орталық ауруханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығында «Құтыру. Алдын алу. Егу. Жою» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Тұрғындар мен жануарлардың өміріне аса қауіпті, емі жоқ жұқпалы дерттің алдын алу шарасына аудан дәрігерлері, ауылдық әкімдік өкілі, мал дәрігері маманы, учаскелік полиция қатысты.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.