Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Самар ауылындағы «Ауданаралық аурухана» КМК ШЖҚ 3-ақпан күні «Денсаулығың өз қолыңда» атты акция аясында «Қан қысымын тексер» шарасын өткізді.
- «Ашық есік күні» түске дейін ғана 60-тан астам адам біздің алдымыздан өтті. Біз олардың қан қысымын ғана өлшеп қоймай, Кетле индексі бойынша көрсеткіштерін де тексердік, яғни бойын, салмағын өлшедік, - дейді бұл шараны өткізуге жауапты медбикелер М.Игілікова мен Ж.Нұрышева.Тексерілгендер арасында қан қысымы қалыпты адамдармен қатар, қысымдары 180-200–ге дейін көтеріліп тұрғандар да бар болып шыққан. Оларға дәрігер шақыртылып, дәрігердің тағайындауымен дәрі егіліп, ба-қылауға алынды.
Бір сәттік үзілістерін пайдаланып біз де қан қысымын өлшеттік, медбикелерді жұмыс орнында суретке түсірдік. «Көпшілік адамдар газет бетінен хабарландыруды оқып келдік», - деді.
Сондықтан да біз аудандық газет те бұл акцияға үлес қосып отыр деп санаймыз», - дейді медицина қызметкерлері.
Клара НҰРПЕЙІСОВА

Тұмау күн райының өзгерісіне қарай пайда болатын ауру түрі. Қазіргі күні біздің елімізде, оның ішінде біздің ауданда тұмауға байланысты ауруханаларда карантин, яғни шектеу жарияланған. Самар ауылындағы ауданаралық аурухананың бас дәрігері Нұрлан Өртбайұлы Саңқайбаевпен бүгінгі күнгі ахуал туралы әңгімені назарларыңызға ұсынамыз.
-Тұмау немесе грипп (лат. grіppus, фр. grіpper, ағылш. Influenza – “бас салу, шап беру”) – тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Аурудың қоздырғышы –ортомиксовирустар, олардың үш типі: А, В, С бар. Өте жұқпалы ауру. Тұмау вирусының сыртқы қабыршағының құрамында гемагглютицин (оны Н әрпімен белгілейді) және нейраминидаза (N әрпімен белгіленеді) болады.
Жалпы тұмау жүретін уақыт қаңтар-ақпан айлары. Қазіргі күн райының өзгерістеріне байланысты тұрғындар арасында тұмау ауруы өршіп тұр. Олардың көпшілігі — балалар. Дәл бүгінгі түнде жедел жәрдем шақырылған 7 үйде де дене қызуы көтерілген ЖРВИ-ға шалдыққан балалар болған. Оларға дәрігерлер үйлеріне барып ем тағайындап, бақылауға алды. Қазіргі күні ауруханада тұмауы асқынған 7 науқас емделуде. Күн сайын облыстық вирусологияға мәлімет беріп, науқастардан алынған сынама жіберіліп тұрады. Жіберілген 20 сынама бойынша Н-1,N-1 вирусы нақтыланбады. Жалпы Шығыс Қазақстан бойынша 15 оқиға тіркелсе, оның 14-і Өскемен, біреуі Шемонайха қаласында анықталған.
Медицина қызметкерлері бүгінде 1012 үйді аралап, 2051 адамның денсаулығын тексерді, 78 науқас бала анықталды. Есепте тұратын 86 жүкті әйел бақылауға алынды, олардың арасында тұмауға шалдыққандар жоқ. Үйлерді аралау жұмыстарын барлық ауылдардағы медициналық қызметкерлер атқаруда. Қазан-қараша айларында өңірдің медицина қызметкерлерін жинап дәріс-сабақтар өткізілді, сондай сабақ қаңтар айының 27 – күні тағы да қайталанды. Күзде барлық медицина қызметкерлеріне тұмауға қарсы екпе егілді. Тәуекел топқа тіркелген 3145 адамға тегін және ақылы 100 адамға да екпе егілді. СӨС кабинеті мен дәрігері тұрғындар арасында тұмау мен ЖРВИ аурулары туралы ақпараттық жұмыстар жүргізді.
Тұмауды таратпаудың бірден – бір жолы науқас адамды оқшаулау болып табылады. Осы орайда емханада сүзгі (фильтр) кабинет жабдықталған. Ауруханаға өз аяғымен келген науқас адам жалпы емханаға жіберілмей, осы «сүзгі» кабинеттте қаралады. Мұнда оларды дәрігер қабылдап, тиісті ем тағайындайды. Қазір бұл жұмысты И.Байзақова атқарып отыр. Сол жерде сынама да алынады. Сондай-ақ, жедел жәрдемнен басқа 31-153 нөмірлі «шұғыл телефон» жұмыс істейді, бұл «сенім телефоны» да болып табылады. Тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсету үшін бұл телефон арқылы өздеріне қажетті ақпаратты алуға болады.

Толығырақ...

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні— тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Біздің халқымыздың ерлік дастаны найзаның ұшы, білектің күшімен жер қорғауынан бастау алып, одан бергі небір нәубет зардаптарын бастан кешті.16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени іс-шаралары ұйымдастырылады. Сондай-ақ, Тәуелсіздік мерекесі Көкжайық селолық округінде де аталып өтті. Іс-шаралар легі Көкжайық селолық округінің кітапханасында «Қазақстан - менің мақтанышым» атты тақырыптық сағаттан бой алып, ауылдық мәденеиет үйі ұжымының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – тұғырым» атты мерекелік концертпен жалғасты. Сонымен қатар, Көкжайық орта мектебінің спорт залында волейболдан аудандық турнир ұйымдастырылды. Жарысқа ауданымыздың жеті ауылынан командалар келіп қатысты. Бірінші орынды Көкжайық селолық округінің жас спортшылары, екінші орынды Мамай ауылының волейбол командасы, үшінші орынды Көкжайық селолық округінің ардагер спортшылар командасы иемденді.
Сондай-ақ, волейболмен қатар Көкжайық ауылдық спорт залында қазақша күрестен мектеп оқушылары арасында аудандық жарыс өткізілді. Жарысқа ауданымыздан Көкжайық, Тассай, Үлкенбөкен ауылдарының спортшылары қатысты. Қазақша күрес 26-46 кг салмақ дәрежесіндегі оқушылар арасында өтті. 26 кг салмақ дәрежесінде 1-орынды Көкжайық орта мектебінің оқушысы Мәди Айтмұхамбетов, 2-орынды Көкжайық орта мектебінің оқушысы Әлібек Сейтқалым, 3-орынды Үлкенбөкен орта мектебінің оқушылары Мирас Бегалиев, Сырым Құмаров иеленді. 29 кг салмақ дәрежесінде 1-орынды Көкжайық орта мектебінің оқушысы Олжас Байсейітов, 2-орынды

Толығырақ...

Қазақстан Республикасындағы «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру барысында жыл сайын күзде «Денсаулық күні» өткізіледі. Бұл кең ауқымдағы шара «Саламатты өмір салтын қолдайық!», - деген ұранмен өтті.

Самар ауылындағы орталық спорт алаңында 5 қыркүйек күні, көңілді әуен ойнап тұрды. Стадионның жүгіру алаңында ауданаралық аурухананың, медико-әлеуметтік мекеменің қызметшілері, аграрлық–техникалық колледждің қызметкерлері мен студенттері, Ж.Болғанбаев атындағы, №1 Самар орта мектебінің, «Дәншік» балалар бақшасының және басқа да мекемелердің ұжымдары дайындалып жатты. Осы жерде спортшылардың қауіпсіздігін ауданаралық аурухананың «жедел жәрдем» тобы қамтамасыз етті.

Толығырақ...

Жаз мезгілінде өзен, көлдердің жағасында уақыт өткізген жақсы ғой. Жағажайда демалып қана қоймай, денсаулықты да нығайтуға болады. Суға шомылу, күннің көзіне қыздырыну адамды сергек етеді және жұмысқа қабілетіңді арттырады. Алайда суға шомылу кезінде қарапайым ережелерді сақтамасақ, бақытсыз жағдайларға тап болуымыз мүмкін. Суға түсу кезінде көбінесе балалар, ішімдік ішкен адамдар ғана емес, денсаулығы мықты жүзу білетін адамдар да қайғылы жағдайға тап болады. Ал мұндай жағдайда дер кезінде, тез және дұрыс шешім қабылдай білу керек.

Сараптаулар көрсеткендей, мұндай қайғылы жағдайларға адамдар көбінесе суға түсуге болмайтын жерге түсу, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау, балаларды суға түсу кезінде қараусыз қалдыру, суға мас күйінде түсу кезінде ұшырап жатады.

Толығырақ...

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз