Еліміздің басты капиталы – адам десек, онда оның денсаулығының құны мен қадірі қандайлық екені біз айтпасақ та түсінікті. Барлық байлықтан артық басты байлығыңыз осы денсаулық. Ал денсаулық сақтау ісіне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің енуі, бұл жаңа заман ұсынып отырған басты талаптардың бірі. Медициналық сақтандырудың аудан бойынша қалай жүзеге асырыла бастағаны жөнінде бізге орталық аудандық аурухананың Бас дәрігерінің м.а. Әсем Рахимбаева әңгімелеп берді.
Толығырақ...Елбасының Қазақстан халқына Жолда-уында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі – салауатты өмір сүру, оны насихаттау болып табылады. Салауатты өмір сүру дегеніміз не дейтін болсақ, ол – әлеуметтік өмірді жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды нәрселерден аулақ болу. Ал зиянды әрекеттер дегеніміз, қазіргі таңда етек алған, заманымыздың кеселді дерттері шылым шегу, маскүнемдік, нашақорлық.
Толығырақ...ЕЛГЕ ЕЛЕУЛI ҚЫЗМЕТ ІСТЕЙТІН ЕМХАНА
«Қазақстан-2050» стратегиялық бағдар-ламасында атап көрсетілгеніндей, біздің болашаққа бастаған жолымыз халықтың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. Дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар қалыптасуы керек. Елбасы тапсырмасына орай қазірде денсаулық сақтау саласын нығайтып, одан әрі жетілдіруге айырықша көңіл бөлініп отырғаны да сондықтан. Осы орайда, ақ халатты абзал жандардың төл мерекесі қарсаңында Көкпекті ауданының орталық ауруханасында болып, медициналық мекеменің бүгінгі таңдағы тыныс-тіршілігіне зер салған едік.
Толығырақ...Бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасы – Тәуелсіз Қазақстанда әртүрлі спорт түрлері дамып келеді. Соның ішінде қоян-қолтық күрес түрі біздің еліміздің Қарағанды қаласында алғаш қалыптасқан. Ал әлем бойынша 2010 жылы тіркелген. Жылдан жылға дамып, міне, біздің ауылға да келіп жетті.
Толығырақ...Мемлекет басшысы елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы заң жобасына қол қойды. Бұл жүйе 2017 жылдың 1 шілдесінен қолданысқа енгізілмек. Бүгінде ел халқын толғандырып отырған өзекті мәселелердің бірі – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жайы. Бұл жаңа жүйенің халық үшін түсініксіз тұстары да аз емес.
Ағымдағы жылдың 24 сәуір күні аудандық аурухана мен емхананың мәжіліс залында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды түсіндіру және насихаттауға арналған ақпараттық-түсіндірме жиыны болып өтті. Жиынға Шығыс Қазақстан облыстық тері-венерологиялық диспан-серінің бас дәрігері Рысбике Мұстафақызы Жаманбалинова және Еңбекті әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Департаментінің ШҚО бойынша басшысы Ләйлә Бекешқызы Гребенщикова,
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.