Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 10 наурызында Астана қаласының 20 жылдығына орай, Шұғылбай ауылының тумасы, спорт ардагері Сазанбай Қожахметұлын еске алуға арналған баскетболдан аудандық турнир өтті. Турнирге Көкжота, Көкпекті аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы, Ж.Шайжүнісов орта мектебі, Бастаушы және Шұғылбай ауылының командалары қатысты.
Жарыстың ашылу салтанатында ауыл әкімі Қ.Алғазинов және Сазанбай Қожахметұлының інісі Төлеген Нұрғазыұлы құттықтау сөз сөйлеп қатысушыларға сәттілік тіледі. Тартымды өткен жарыста І орын Шұғылбай командасы, ІІ орын Көкжота жастары жеңіп алса, ІІІ орын Көкпекті аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының командасы иеленді. Жарыс соңында спорт ардагерінің ұлы Айдын Сазанбайұлы жеңімпаз командаларды кубок, мадақтама және ақшалай сыйлықтармен марапаттады.

Толығырақ...

Қайырымдылық – қазақ халқының ең ізгі де асыл қасиеттерінің бірі. Мүмкіндігі шектеулі қамқорлыққа алынған балаларға аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу әрбір адамның азаматтық парызы. 

Толығырақ...

Ақпан айының 3 күні Көкпекті ауданында ұзақ жылдар дәрігер болып, адал қызмет көрсеткен жерлесіміз Жұлдыз Слямбекқызы Юсупованы еске түсіруге арналған волейбол ойынынан турнир өткізілді. Ақ халатты абзал жанға арналған еске алу турнирінің ашылу рәсіміне тума-туыстарымен қатар, дос-тары, қызметтестері өзі білім алған мектебінің ұжымы, жалпы алтын қолды дәрігерді танитын игі жақсылар түгел жиналды.
Турнир өткізуге мұрындық болған, көмек көрсеткен аудандық аурухана басшылығы және Көкпекті орта мектебінің ұжымы, достары болды. Жұлдыз білікті дәрігер еді. Оның айтылған сөзге мән беруі, орынды қалжыңы, әдемі әзілі және жүріс-тұрысы әрбір науқастың бойында өмірге деген құштарлық, сенімділік тудыратын. Ол күнделікті өмірде ағайын-туыс арасында сыйлы, үнемі жақындарының қасынан табылатын, ақыл-кеңесін, көмегін аямайтын абзал жан еді.

Толығырақ...

Көкпекті ауданының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімімен келісілген жоспарға сәйкес Балалар өнер мектебінің ұйымдастыруымен «Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында аудандық плакаттар байқауы өтті. Қазіргі күннің тәртібінде тұрған аса маңызды әлеуметтік мәселені балалар көзімен байқауды, өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен шараға аудан көлеміндегі барлық білім ордаларынан жас қылқалам шеберлері қатысып, өз дауыстарын, айтпақ ойларын шағын плакатқа сыйғызыпты.

Толығырақ...

«Кәрі құдаң — қыс келіп әлек салды» деп Абай жырлағандай, биылғы қытымыр қыстың әуресі мен азабы аз болып тұрған жоқ. Қазір қыстың нағыз күшіне енетін кезеңі өтіп жатыр. Қыстың қаңтар, ақпан айлары бұрқасынды, боранды болып келеді. Қарлы боран қатты аязбен қабаттасса аса қиын жағдай туындайды. Ауа-райының аяқ астынан құбылуы таң қалдыратын жағдай емес. Қоңыр күздің жылы күндерін көзден аяқ асты бұлбұл ұшырған таяудағы аязды күндер елдің есін әбден алды. Осы орайда Көкпекті орталық аудандық аурухананың дәрігер-реаниматолог, анезтезиолог және реанимация бөлімінің меңгерушісі Сәбит Жолдасбекұлы Жалбағаевты сөзге тартқан едік.
– Кейбір адамдар күн суытса болды берекесі қашып, тоңғақ келеді. Оның себебі неде?
– Мұны «суықтық аллергия» деп атайды. Сәл тоңа бастаса мұрны бітіп, түшкіріп, көзінен жас ағып, денесіне бөртпе-қызамық шығып, тіпті «Квинке іркілі» де пайда болады. Ұзақ уақыт суық жел өтінде қалған адам – өмірге қауіпті, анафилактикалық шокқа ұшырауы да мүмкін. «Суықтық аллергия» дегенімізді – иммундық жүйенің суыққа қарсы жасаған беталбаты әрекеті деп түсінген жөн. Егер иммунологтың көмегіне дер кезінде жүгінер болса, бұл дерттен де айығуға әбден болады. Сонымен қатар қысқы кезде ауада азот қос тотығы, автомобиль мен пештен шығатын түтіндер ұлғая түседі. Осыған байланысты суық және лас ауадан сақтандыру үшін аллергиктер мен астматиктерге арнайы термомаскалар ойлап тапты.

Толығырақ...

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз