Алкоголизм – қоғам құрылысымен де, адамгершілікпен де сиыспайтын әлеуметтік кесел. Ол балалар тәрбиесіне зиянды әсер етеді, отбасын күйретеді. Алкогольға бой алдырған адамның бойында дөрекілік, менмендік, моральдық жүгенсіздік әдеттер дамиды. Спирт ішімдіктері денсаулықты бұзып, ерік-жігерді мұқалтады, адамды мамандығынан айырып, тұқым-әулетін кемтар етеді, құлдилау мен қылмысқа итермелейді. Алкоголь бала организіміне барысымен қанға тарап, миға шоғырланады, жоғары рефлекторлық қоздыру себепті спиртті ішімдіктің тым аз мөлшерінің өзі басқаларда күшті реакция, уланудың ауыр нышандарын тудырады. Алкоголь бала ағзасына үзбей барып тұрған жағдайда олардың тек нерв жүйесі ғана емес, сонымен қатар ас қорыту жолдары, көздері, жүректері де зақымданады. Бауыр алкоголь ауыртпалығын көтере алмай басқаша дамиды. Статистикалық-генетикалық зерттеу-лер маскүнемдік генетикалық жолымен ауыс-пайтынын, оған ата-анадан қабылданған мінез ерекшеліктерінен туындайтын бейімділік қана ауысатынын дәлелдейді.
Маскүнемдердің балаларының маскүнемдікке бой ұруында олардың ата-аналарының жаман үлгісі, үйдегі мас болу жағдайлары басты роль атқарады. Егер отбасының беделді мүшесі, айталық, атасы маскүнемдігі үшін қатты жазғырып отырса, немересінің салауатты өсетіндігінен үміт етуге болады. Жасөспірімдер, егер сендер осының бәрін ескеріп,бәрін анықтаған болсаңдар, тағы да бір күш салып, сигарет пен рюмкаға ешқашан қол созбауға бекініңдер!
А.Каратаева, Көкпекті аудандық
әділет басқармасы инспекторы
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.