Қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға замануи, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүміндікті жасауда. Осы салада ауданымызда алдыңғы қатарлы емдеу мекемесі ретінде Самар ауылындағы Ауданаралық аурухананы атауға болады. Медицина қызметкерлері күні қарсаңындағы аурухананың бас дәрігері Нұрлан Өртбайұлы Саңқайбаевпен әңгімеміз аурухананың бүгінгі ахуа-лы және ең бастысы, сонда қызмет ететін адамдар туралы болды.
Толығырақ...Денсаулықтан бағалы еш нәрсе жоқ. Бұл тек әр адамның ғана бақыты емес, қоғамның көрсеткіші, сол үшін де адам баласы медицина қызметкерлерінен тәніне ғана емес, жанына да шипа, мейірім, ықылас күтеді. Медицина қызметкері мамандығы осындай қасиеттен тұру керек. Гиппократ антын беріп, олар адамды қиын жағдайда қалдырмай, қиындықты жеңуге көмектесіп, уақытпен санаспай науқастарға жәрдемдеседі. Маусым айының үшінші жексенбісінде Қазақстанда Медицина қызметкерлері күні атап өтіледі. Тәуелсіздік алған жылдары қазақстандық денсаулық сақтау жүйесі түбірлі қайта құрудан өтті, ол бүгін де жалғасуда. Елімізде бұл жүйе оңтайландырылып жатыр. Экономиканың едәуір өсуі бұл саланы қаржыландырып, әрі қарай дамуына жағдай жасады. Көкпекті ауданында да денсаулық сақтау саласына көп көңіл бөлінуде.
Толығырақ...Елімізде жыл сайын “Денсаулық жолы” атты кең ауқымды акция өткізіледі. Аталған шараның мақсаты халыққа аурулардың алдын алу және оның пайда болу қаупін азайту жөнінде медициналық және ақпараттық көмек беру. Ағымдағы айдың 8 жұлдызында Самар қарттар мен мүгедектерге арналған мекеменің 3 бөлімшесінде Денсаулық күніне арналған спорттық сайыс өткізілді. Көңілді әуенмен басталған шара сергіту жаттығуларымен жалғасын тапты. Мекеме қызметкерлері мен көмек алушылар 100 метр қашықтыққа жүгіруге қатысты. Жастарының үлкендігіне қарамай жүгірген қарттардың жүздерінен жақсы бір көңіл күй лебі сезіліп тұрды. Қатысушылар шахмат ойындарында да белсенділіктерін танытты. Бұл спорттық шара қатысушыларға жақсы да қызықты әсер қалдырды.
Ш.Ч.Курсакова,
Самар әлеуметтік мекемесі
«Бала адамзат тіршілігінің мәні мен мазмұны» демекші Үлкенбөкен ауылында балалар күнінің қарсаңында қыздар арасында волейболдан турнир өтті. Бұл спорттық шара ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылды. Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттаған жарысты округ әкімі Н.Назарханов пен Самар ЖӨСМ директоры Е.Нұхаев ашты. Ауылымыздың құрметті азаматшасы А.Нұрғожина жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, ақ батасын берді. Турнирге аудан бойынша барлығы 7 команда қатысты. Самар спорт мектебі, Көкпекті орта мектебі және Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектеп, Үлкенбөкен, Шәріптоғай, Преоброженка орта
Толығырақ...Өткен ғасырдың 90 жылдарынан бас-тап жанкүйерлер арасында ережесіз жекпе-жекке деген қызығушылық артты. Бертін келе аты шулы аламан аралас жекпе-жек деп атала бастады. Арыстан жүректі нағыз жігіттердің алапат айқасы кім-кімді де бейжай қалдырмайтыны анық. Спорттың бұл түрінің болмысы мен аудандағы бүгінгі жай-күйіне қаныққыңыз келсе, Халықаралық дәрежедегі судья, спорт шеберіне үміткер, бүгінгі күні Көкпекті орта мектебінде дене шынықтыру пәні мұғалімі Руслан Жүнісовтың әңгімесіне құлақ түріңіз.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.