Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Соңғы жылдары елімізде екпеден бас тартатын ата-аналар саны еселеп арта түскен. Мамандар мұны тұрғындардың діни көзқарасымен байла-ныстырады. Мәселен соңғы деректерге сүйенсек, Ақтөбе облысында 2132 баланың ата-анасы екпеден бас тартқан. Бұл туралы облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев мәлімдеп отыр. Оның айтуынша, бас тартқандардың басым бөлігі Ақтөбе қаласында, 1171 адамды құраған. Сонымен қатар, Темір ауданында 287 және Мұғалжар ауданында 258 бала тіркелген. Ата-аналары екпеден бас тартқан 1247 балаға туылғалы бірде-бір екпе салынбаған.

Толығырақ...

Алкоголизм – қоғам құрылысымен де, адамгершілікпен де сиыспайтын әлеуметтік кесел. Ол балалар тәрбиесіне зиянды әсер етеді, отбасын күйретеді. Алкогольға бой алдырған адамның бойында дөрекілік, менмендік, моральдық жүгенсіздік әдеттер дамиды. Спирт ішімдіктері денсаулықты бұзып, ерік-жігерді мұқалтады, адамды мамандығынан айырып, тұқым-әулетін кемтар етеді, құлдилау мен қылмысқа итермелейді. Алкоголь бала организіміне барысымен қанға тарап, миға шоғырланады, жоғары рефлекторлық қоздыру себепті спиртті ішімдіктің тым аз мөлшерінің өзі басқаларда күшті реакция, уланудың ауыр нышандарын тудырады. Алкоголь бала ағзасына үзбей барып тұрған жағдайда олардың тек нерв жүйесі ғана емес, сонымен қатар ас қорыту жолдары, көздері, жүректері де зақымданады. Бауыр алкоголь ауыртпалығын көтере алмай басқаша дамиды. Статистикалық-генетикалық зерттеу-лер маскүнемдік генетикалық жолымен ауыс-пайтынын, оған ата-анадан қабылданған мінез ерекшеліктерінен туындайтын бейімділік қана ауысатынын дәлелдейді.

Толығырақ...

Үздік отыздыққа апарар «100 нақты қадам» Стратегиялық жоспарының 80-қадамында мемлекет, жұмыс беруші және азаматтың ынтымақтасқан жауапкершілігі қағидаты негізінде денсаулық сақтау жүйесінің қар-жылық орнықтылығын күшейту, бастапқы медициналық-санитарлық көмекті (БМСК) басымдықпен қаржыландыру назарға қо-йылған. Бастапқы көмек аурудың алдын алу және ерте бастан күресу үшін ұлттық денсаулық сақтаудың орталық буынына айналады.

Толығырақ...

Өмірде «ұлы» аталатын екі мамандық бар: бірі - ұстаз, енді бірі - дәрігер мамандығы. Дана қазақ «Бірінші байлық - денсаулық» деп бекер айтпаса керек-ті. Жан жылуы мен аялы алақан, жүрек мейірімділігі мен адамға деген ілтипат өмірдің өзегі болып қала бермек. Адам-ның ақаусыз денсаулығы қо-ғамның тірегі, байлығы. Ал бай қоғам - жарқын болашақ екені даусыз. Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Сондықтан бүгінгі мереке күні барша ақжарма тілектер денсаулық саласында еңбек етіп келе жатқан ақ халатты абзал жандарға арналды.

Толығырақ...

Жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің төл мерекесі тойланады. Бұл күн ақ желеңді абзал жандардың өз еңбектерін саралап, жеткен табыстары мен алға қойылған міндеттерді айқындайтын күні. Көк-пекті аудандық орталық ауруханасы қызметкерлері де мерекені жоғарғы деңгейде атап өтті. Кәсіподақ кеңесінің қолдауымен бұл шара 16 маусымда өтті. Арнайы ұйымдастырылған кеште аудан әкімінің орынбасары К.Смаилова аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттар табыстап, құттықтау лебізін білдірді.

Толығырақ...

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз