Қантсыз - тәтті өмір, бұл фраза тек қант диабетінен зардап шегетін науқастарға ғана таныс болар. Себебі, тек осы науқастар ғана бұл сырқаттың қаншалықты ауыр, асқынулары көп, мүгедектікке жиі және жылдам әкелетіндігін, емге көне бермейтінін біледі.
Қант диабеті - қанда қанттың созылмалы түрде көп болуы және осыған байланысты көмірсу, нәруыз, май алмасудың бұзылуы.
Диабет - созылмалы ауру, ұйқы безі инсулинді жеткілікті мөлшерде бөліп шығара алмаған кезде немесе ағза өзі бөліп шығаратын инсулинді тиімді пайдалана алмаған кезде туындайтын ауру. Инсулин ұйқы безінің гормоны, ол қан құрамында қант деңгейін реттейді. Сау адамның ұйқы безі қанға глюкоза түрінде тағамды қорыту үшін жеткілікті мөлшерде инсулин бөліп шығарады. Инсулин жетіспесе, қанда глюкоза деңгейі елеулі түрде артады. Қазіргі таңда диабет ауруы емделмейді.
2016 жылдың 16 қарашасында елдің барлық өңірлерінде Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күнін өткізу жоспарлануда.
Қант диабетінің негізгі екі түрі бар. Бірінші типтегі диабет (бұрын инсулинге тәуелді немесе балалар диабеті деп аталатын) инсулин аз мөлшерде бөлінеді немесе мүлде бөлініп шығарылмайды. Сондықтан да, күнделікті инсулин препараттарын қабылдау өмір үшін маңызды.
Екінші типтегі диабет (бұрын инсулинге тәуелді емес немесе ересек адамдардың диабеті деп аталатын) ағзаның инсулинді тиімсіз пайдалану нәтижесі болып табылады. Екінші типтегі диабетпен ауратындар үлесі 90% құрайды.
Осы уақытқа дейін диабеттің осы типі тек ересек адамдар арасында кездесетін. Алайда, қазіргі кезде онымен балалар да ауырады және олардың саны жылдан жылға артуда.
Диабеттің пайда болу себептері:
- тұқымқуалаушылық, жақын туыстарда диабеттің болуы, семіздік;
- аналарда: сәбидің салмағы 4 кг болып туылуы немесе жүктілік кезінде қан диабеті;
- жоғары қан қысымы (гипертониямен ауратындардың 60%-да қан диабеті дамиды);
- аз қимылдайтын, ұйқы безінің ауруы бар, артериалды гипертониямен ауыратын, әрдайым күйзелісте жүретін адамдар.
- адам егде тартқан сайын қант диабетімен қауіптену негізі бар. Тұқымқуалаушылық факторы артық салмақ бар, дене белсенділігі аз, әрдайым күйзелісте жүретін адамдар жоғары тәуекел тобына кіреді.
Капиллярлық қанда қанттың қалыпты саны (саусақтан алынған) - 3,3-5,5 ммоль/л және тамақтанудан кейін 2 сағаттан соң – немесе 7,8 ммль/л тең.
- Қант диабетінің алғашқы симптомдары:
- Шөлдеу, көп мөлшерде су ішу, жиі зәр шығару, әрдайым өзін аш сезіну кенеттен арықтау немесе семіру, қышыну, терінің құрғауы, терідегі жарақаттардың ұзақ жазылмауы:
- Жұқпалы аурулармен, оның ішінде тыныс алу вирустік аурулармен жиі ауыру:
Қант диабетінің асқынуы: Бүйректердің зақымдалуы, бүйрек жетіспеушілігінің дамуы, жүрек-қан тамыры және жүйке жүйелерінің аурулары, көз көру қабілетінің төмендеуі және со-қырлыққа әкеп соғуы, аяқ гангренасының дамуы және ампутация, әр түрлі органдар мен жүйелердің зақымдалуы, өмір сапасының төмендеуі мен мүгедектікке әкеліп соғады.
1-типтегі қант диабетінің профилактикасы:
Қазіргі таңда бірінші типтегі қант диабетінің профилактикасы мүмкін емес. Көптеген жағдайларда инсулинді өндіретін жасушаларды иммундық жүйе бұзады. Бұл жағдай тұқымқулаушылық факторының комбинациясы және қоршаған орта-ның жағдайларына байланысты оған адам билік ете алмайды.
2-типтегі қант диабетінің профилактикасы:
-ұйқы және демалу ережесін сақтау; тиімді тамақтану; дене белсенділігі;
-күйзелісті шектеу; жылына 1-2 рет дене салмағын, қан құрамындағы,
қант мөлшерін, қан қысымын тексеріп тұру; егер қант диабетімен ауыратын жақын туыстар (ата-анасы, туған әпкелері, аға-інілері) қандағы және несептегі, қант мөлшерін тұрақты түрде тексеріп, эндокринолог дәрігердің бақылауында болу керек.
А.Әзімбаева,
жалпы тәжірибелі дәрігер
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.