Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өмірде «ұлы» аталатын екі мамандық бар: бірі - ұстаз, енді бірі - дәрігер мамандығы. Дана қазақ «Бірінші байлық - денсаулық» деп бекер айтпаса керек-ті. Жан жылуы мен аялы алақан, жүрек мейірімділігі мен адамға деген ілтипат өмірдің өзегі болып қала бермек. Адам-ның ақаусыз денсаулығы қо-ғамның тірегі, байлығы. Ал бай қоғам - жарқын болашақ екені даусыз. Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Сондықтан бүгінгі мереке күні барша ақжарма тілектер денсаулық саласында еңбек етіп келе жатқан ақ халатты абзал жандарға арналды.


Самар Мәдениет үйінде Медицина қызметкерлері кү-ніне арналған салтанатты ша-раға тек қана мереке иелері емес, ауыл тұрғындары да көп жиналды. Жиындағы ал-ғашқы құттықтау сөзді бас дәрігердің орынбасары Глафира Бөкейханқызы алды. Ол бүгінгі күні аурухананың алға қойған міндеттерді ойдағыдай жүзеге асырып отырғанын, аурухана ұжымы еліміздегі «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын толықтай орындап, енді 2016-2020 жылдарға арналған «Біздің денсаулық» бағдарламасын орындауға кіріскенін атап өтті. «Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүмкіндіктер жасалуда. Біздің аурухана ұжымы сол мүмкіндіктерді пайдалана отырып, халыққа сапалы қызмет көрсетуді әрқашанда алдарына мақсат етіп қояды», - деді бас дәрігердің орынбасары. Дәрігерлер Т.Мұқажанова, Р.Гинатуллин, медбикелер Н.Антипина, акушер С.Садықова, лаборант Н.Ақашева, фельдшер В.Коцман және тағы да көптеген қызметкерлер бүгінгі марапатқа ие болды. Балалар дәрігері С.Смағұлованың медицина саласында еңбек еткеніне отыз жылдай уақыт өтті. Болашағымыз – балалардың денсаулығына жауапты педиатр осы мереке сәтінде «Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісіне ие болды. Бүгінгі күні ауруханада болған тағы бір маңызды жаңалық – облыс әкімінің ұйғарымымен 3 бірдей «жедел жәрдем» көлігі ауруханаға табыс етілді.
«Ауыл тұрғындары атынан Сіздерге шексіз алғысымды жеткізе отырып, қуатты өмір, еңбектеріңізге толайым табыс, отбасыларыңызға береке-байлық тілеймін. Мерекелеріңіз құтты болсын, ақ желеңді аялы алақан иелері», - деп бастады өзінің құттықтау сөзін Самар ауылдық округінің әкімі А.Күдербаев. Ахмет Фазылұлы аудан әкімінің және ауылдық округ әкімшілігі атынан бір топ медицина қызметкеріне «Алғыс хат» табыс етті Олардың ішінде С.Сагирова, И.Байзақова, А.Таранова, М.Денисова және басқалары бар. Бүгінгі медицина қызметкерлері күнін Самар ауылындағы қарттар мен мүгедектерге арналған медико-әлеуметтік мекеменің медицина қызметкерлері де атап өтуде. Мекеме директоры Б.Дюсюпов әріптестерді мерекемен құттықтай отырып облыстық әлеуметтік қорғау және координация басқармасының бастығы атынан К.Қылжықоваға және мекеме әкімшілігі атынан бірқатар адамдарға мадақтамалар берді. Олардың арасында А.Смағұлова, О.Дронова, Ф.Жуандықова, С.Рахимова бар. Облыстық кә-сіподақ комитеті атынан мекеменің кәсіподақ ұйымының жетекшісі К.Аргенова дәрігер А.Сту-качоваға, ағайынды Тілеуімбердиновтарға ма-дақтама табыс етті. Бұрынғы медбике Л.Клейн әріптестерін мерекемен құттықтай отырып, әртүрлі бөлімнің қызметкерлеріне жеке-жеке өлең жолдарын арнады. Терапевт дәрігерден бастап, қарапайым зертханашы, «жедел жәрдем» де назардан тыс қалған жоқ. Ауыл тұрғыны Н.Шевцова пациент ретінде медицина қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, алғысын білдірді. Ал Ауданаралық аурухананада ұзақ жыл еңбек еткен В.Матюшкина, Қ.Рақышева, Д.Тұрысбекова, Т.Замашняяға зейнеткерлікке шығуларына байланысты бағалы сыйлық табысталды. Мерекеге орай ақ халатты абзал жандарға Т.Нечаева арнап шырқаған «Люди в белых халатах» әнін бүкіл зал орнынан тұрып қарсы алып, қол соғып тұрды. Бұл адам жанының арашашыларына көрсетілген зор құрмет еді. Сахна төрінен ән де айтылды, би де биленді – олардың барлығы мереке иелеріне арналды.
Бүгінгі таңда халық денсаулығын жақсарту– еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Денсаулық сақтау жүйесі– экономиканың маңызды саласы, әлеуметтік бақуаттылық индикаторы, ал мықты денсаулық – экономикалық дамудың іргетасы. Елбасымыздың халықтың денсаулығы мен әл-ауқатын арттыруға бағытталған барлық бағдарламаларының жүзеге асуы мен халықтың денсаулығын жақсарту медицина қызметкерлеріне тікелей байланысты. Сондықтан да сала еңбеккерлерінің биік парасаттары мен іскерліктері, жоғары біліктіліктері қоғам үшін аса маңызды. Баға жетпес қоғамдық байлық – әрбір адамның басты бақытына, әрқайсымыздың, болашақ ұрпақтың және жалпы ұлт саулығын арттыруға қосып жатқан үлестері ең жылы лебіздерге лайықты.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз