Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өткен аптаның сәрсенбісі күні Көкпекті аудандық орталық ауруханасының акт залында салауатты өмір салтын насихаттайтын «Сіздің денсаулығыңызды бірге сақтаймыз» тақырыбындағы конференция өтті. Қазақстан Республикасының денсаулық саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатын көздеген жиынға аурухана бас дәрігерінің орынбасары Г.Слямбекова, СӨСҚ дәрігері О.Дериглазова, аудандық мәслихат депутаты Д.Дюсембаев, дәрігерлер және ауылдық округтердегі дәрігерлік амбулаториялардың фельдшерлері мен медбикелері, басқа да қоғамдық бөлімдер мен БАҚ өкілдері, емделушілер қатысты.

Толығырақ...

«Нұр Отан» партия ұйымының «Жастар - Отанға» жобасы бойынша Тассай ауылдық округінде түлектердің жұмысқа қабылдануы жөнінде дөңгелек үстел өтті. Жиында сөз алған ауыл әкімі Ержан Құдайбердіұлы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағ-дарламалық мақаласына тоқтала келе, «Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең бас-ты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді» деген сөздерін алға тартып, жастарға құттықтау тілектер айтты.
«Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының төрайымы С.Чалова түлектерге шағармашылық табыс тілеп, партия жобалары туралы танымды тағлым айтып, құттықтау хат табыс етті. Ауыл келешегін көтеру, мәдени-спорттық іс-шараларға белсене қатысу, өз істеріне адал, саналы азамат болатындарына үлкендердің сенімін білдіретін хаттар жастардың еңбек жолына жасаған қадамдарына берілген жолдама іспетті. Жас мамандар да өз тарапынан ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, ауылдың мәртебесін жоғарылатуға үлес қосатындарын жеткізді, ризалықтарын білдірді. Айта кетсек, Тассай ауылдық амбулаториялық емханаға - 3, М.Әуезов атындағы орта мектепке - 2, округтің ветеринария бөліміне - 3, ауыл клубына - 1 жас маман жұмысқа орналасты. Бойларындағы күш-қайрат пен жастық жалынның лебін ала келген жастары бар Тассайдың болашағы зор болмақ!


Мағжан Жадрин
жастар ісі бойынша маман

Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының денсау-лық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасы және Бүкіләлемдік құтыру ауруымен күрес күні қарсаңындағы айлық аясында «Тұрғындар арасында құтырудың алдын алу бойынша санитарлық-ағарту жұмыстарын күшейтуді» жүзеге асыру мақсатында аудандық орталық аурухананың акт залында «Құтырудың алдын алу» тақырыбында конференция өтті.

Толығырақ...

«Денсаулық - зор байлық» атты фестиваль ұйымдастырылды. Сарыбел ауылдық округі әкімшілігі мен Ново-Тимофеевка орта мектеп мұғалімдері арасында арқан тартудан, футбол жарыстарынан және басқа да әртүрлі спорт сайыстары аса қызықты әрі тартысты өтті. Сондай-ақ, бұл спорттық шараларға оқушылар да атсалысты. Қашықтыққа жүгіруден алдына жан салмаған желаяқтар анықталып, 1-2 орындарға құттықтау грамоталары табысталды. Денсаулық күні көңілді де қызықты өтіп, ауыл тұрғындары бір сергіп қалды.


М.Тайф, Сарыбел ауылы

Бас ауырып, балтыр сыздай қалса, алдымен жүгінетініміз «жедел жәрдем» қызметі. Шақырту түсе салысымен олар көмекті қажет ететін мекен-жайдан табылуға асығады. Медицинаның ең шұғыл түрдегі қызметі болып табылатын осы жандар жиі сынға  ұшырап жататын кездері де болып тұрады. Дегенмен, «жедел жәрдем» жұмысының қаншалықты жауапты, әрі қиын екенін біле бермейді екенбіз. Оны олармен болған бір күнде анық сезінгендей болдық. Осы сала мамандарының қауырт жұмыстарын көру мақсатында арнайы бір күнімізді бөліп, әр адамның денсаулығы үшін арпалысқан жедел-жәрдем қызметкерлерінің қасында жүрдік. Олардың жанкешті әрі маңызы жоғары еңбектерінің куәсі болдық, ой түйдік.

ҮЛКЕН ЖҮЙЕНІҢ БІР БӨЛІГІ
2011 жылдың наурыз айында тұрғындарға жоғары сападағы ме-дициналық көмек көрсету мақсатында аудандық ауруханада барлық құралдар мен медициналық техникалармен жабдықталған жан сақтау бөлімі ашылған. Дәл осы жерде көршілес «жедел жәрдем» бөлімі орналасқан. Екі бөлімде жас болса да білікті де тәжірибелі анестезиолог- реаниматолог дәрігер Сәбит Жалбағаев меңгерушілік етеді. «Жедел жәрдем» бөлімі 10 адам жұмыс істейтін 4 құрамнан тұрады. Атап айтар болсақ, 4 фельдшер, 4 жүргізуші, қабылдау бөлімінің медбикесі мен санитарлық қызметкер. Бір күн күндізгі және түнгі екі ауысымнан тұрады. Әр фельдшерге бір жүргізуші бекітілген. Бөлімшеде дефибриллятор, портативті оттегі, зембіл сияқты бірқатар қажетті жабдықтар бар. Фельдшерлердің қораптарында керекті дәрі-дәрмектер бар, олар үнемі жаңартылып отырады. – Біздің ұжымның жауапкершілік сезімі барлығынан жоғары тұрады. Әрқайсы үлкен жүйенің ажырамас бір бөлігі тәрізді жедел әрі бірігіп жұмыс істейді. Себебі біздің құтқаруға асығатынымыз ең құнды байлық – адам өмірі, - дейді Сәбит Жолдасбекұлы.

Толығырақ...

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз