Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Адам өмірі қас-қағым сәт сияқты. Өте шыққанын ұқпай қаласың. Ал сол өмірінде артымда қандай із қалды деп ойланатын адамдар көп шығар, бірақ оны қағаз бетіне түсіріп, кітап қылып шығару әркімнің қолынан келе бермесі анық. «Қазір не көп, кітап шығарушы көп» деп менсінбеушілер де бар шығар, бірақ сондайларды көре отырып, Көкжыра ауылының тумасы Гүлшайда Сәлімжанова өзінің өмір жолын, оның ішінде қырық жылға жуық ұстаздық қызметін көркемдеп, «Ұстаз бақыты» атты кітап жазды.

«Мен осы ауылда туып-өстім, осында мектеп табалдырығын аттадым. Ең алғашқы ұстазым Күлтай апайды, оның жұбайы мектеп директоры болған Шәмси Оразбаевты, бірге ойнап өскен құрбыларымды ұмытқан жоқпын», - деп бастады сөзін Г.Сәлімжанова Амангелді орта мектебінің оқушыларымен болған кездесуде. Балалық шағы соғыстан кейінгі қиын кезеңде өтіп, мектептегі және студенттік шақтардағы бастан кешкендері туралы кітапта толықтай жазылған.

Толығырақ...

Жазғы демалыс барша-мыздың асыға да, ерекше күтетін мезгілінің бірі. Ал, балалар үшін ерекше қуаныш. Әр бала жазғы демалысты қызықты өткізуді армандайды. Аудандағы Қ.Раев атындағы балалар үйінде жаз кезіндегі балалардың демалысын тиімді өткізу жыл сайын дәстүрге айналған шара.

Тамылжыған табиғаттың ортасында орналасқан балажай балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін салынып, балақайлардың жаз бойғы шаттыққа толы күндерінің куәгеріне айналған. Бұл балажайда бүгінгі күні 36 бала демалып жатыр. Олар күн тәртібі бойынша денсаулықтарына пайдалы,

Толығырақ...

Самар ауылындағы ауыз су мәселесі қалай шешіліп, ШЖҚ «Самар»  КМК-ның ауылды ауыз сумен қамтамасыз ету, су ақысы тарифін өзгертуге даярлық туралы білмек болып хабарласқанымызда кәсіпорын басшысы С.Мадияров бізбен кездесуден бас тартты. Сондықтан да ауыл ішіндегі су жүйесі құдықтарын зерттеуді өз қолымызға алдық. Құдықтарды зерттеу рейдін бастамас бұрын кәсіпорын кеңсесіне тағы бір кіріп шықтым, онда не басшы, не  инженер жоқ болды. Олардан жалпы ауылда қанша құдық барын да біле алмадым. Жалпы өз бетіммен аралап шыққанда санағаным 16 құдық болды.

Таңертең ерте үйден шыққанда (сағат 7.50) су құбырында су ағып жатты, ол біраздан кейін тоқтауы керек, мен суы тапшы Әубәкіров көшесінде тұрамын. Жоғары өрлеп Болғанбаев көшесі мен Горный көлденең көшесіндегі бірінші құдыққа келгенде тек қана құр ауа ысылдап тұрғанынының үстінен түстім, осы көшенің бойындағы Красноармейский көлденең көшесінде де ысылдаған дыбыстан басқа ештеңе болмады.

Толығырақ...

Аса мейірімді Алланың атымен бастаймын. Аллаға шүкір, қасиетті Рамазан айында аман-сау жеттік. Ұлық айға есендікпен жеткеннің өзі үлкен нығмет. Жаратқан ие баршамызға осы айды лайықты түрде атқаруға медет берсін, жәрдем етсін! Бұрынғы мұсылмандар осынау мүбәрәк айымен қимай қоштасып, ал келесі жылы құдды қырық жыл көрмеген қонағын күткендей құшақ жая қарсы алады екен. Өйткені, бұл ай әр бір жанға мейірімнің бір сынығын сыйлайтын, сауабы мол маусым.

Толығырақ...

Тассай ауылдық «Бөдес баба» мешітінде маусым мен шілде аралығында Өскемен қаласынан «Алтай» қайырымдылық мекемесіндегі дәріс тобынан, жас ұстаз Абдолла Дүйсен ауыл балаларына имандылық тәрбие беру мақсатында «Ғылымхалдан» сауат ашу сабағын жүргізді. Бұл шараға 10-14 жас аралығындағы 17 бала қатысты. Ай көлемінде алынған балалардың білімін қорытындылап, сынақ өткізетін күні ауыл мешітіне ата-аналар, ұстаздар және ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесі сияқты қоғамдық ұйымдардан қонақтар шақырылды.

Толығырақ...

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз