Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Самур» шаруа қожалығының иесі Зейнелғабиден Оспанов мал шаруашылығымен және астық өндірумен айналысады. Қарамағында тұрақты түрде жұмыс істейтін жеті жұмысшысы бар. Еңбексүйгіш кәсіпкердің қазіргі таңда астық сақтауға арналған қойма салып жатқанын естіп, құрылыс алаңына бардық. Ауылдың шет жағында орналасқан көлемді ғимарат көзге сонадайдан көрінеді. Құрылыспен айналысып жатқан өзбек ағайындар екенін білген соң олардың жетекшісі Ильхон Младжановты сөзге тарттық.

 - Мен Ерғана облысындағы Ғанобат ауылынан келдім. Бұл менің Қазақстан жеріне алғаш аяқ басуым. Отбасымның қамы үшін күн демей, түн демей жұмыс істеу менің парызым. Өзбекстанда жұмыс күші

көп, еңбекақы жеткіліксіз. Ал сіздердің елдеріңізде еңбегіміз елеусіз қалмайды, тиісті еңбекақымызды уақытылы аламыз. Қазақ халқы қонақжай әрі қарапайым екен. Бізді келгелі бері жатсынған емес. Соған ризамын, - деп сөзін сабақтады еңбекқор әрі жайдары Ильхон.

Жұмысшылар қатарында Ильхоннан басқа Өзбекстан елінен келген 6 адам жұмыс істейді. Үш күндік ұзақ жол жүріп келіп, жұмысты жылдам қарқында жасау үлкен күш пен төзімділікті талап етеді. Келгендеріне екі ай ғана болғанын естігенде аяқталып қалған екі қойманың құрылысына қарап таңданысымызды жасыра алмадық. Келісімшарт бойынша үш ай ішінде құрылысты аяқтаулары тиіс екенін айтқан жұмысшылар өздерінің тапсырманы уақытылы орындайтындарына сенімдері мол.

Жансая СМАҒҰЛОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз