Ақиқатты айқындап, жариялар,
Бара жатыр азайып, қариялар....
Бүгін Мұқағали жырына арқау болған ақылы дария қарияларымыздың халықаралық мерекесі. Бұл күні біздің елімізде ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде қарттарға арналған іс-шаралар өткізіледі. Соның бір айғағы Сарыбел ауылының әкімшілігі және мектеп ұжымы бірлесіп 70 шақты жуық зейнеткерлерге ақ дас-тархан жайып, мерекелік кеш ұйымдастырды. Концерттік бағдарламадағы мектептің жас ұстаздарының орындауындағы «Дружба народов» биі, «Хозяюшка» тобының әншілері Н.Ибраева, А.Жолдыбаевалардың салған әндері көрерменнің көңілінен шықты. Аталмыш мерекеге ат терлетіп, арнайы келген Көкпекті ауданы мал дәрігерлері бөлімінің бастығы Т.Сарманов және ауыл әкімі К.Сакуанова қарттарға жылы лебізін білдірді. Кеш мектеп оқушыларының шағын концертімен жалғасын тапты. Сонымен қатар, қонақтар В.Сидоренко, Н.Столярова, З.Смағұлова, Қ.Дос-қанина, В.Потяноваларда өз өнерлерін көр-сетіп, ән айтып, мерекені жандандыра түсті. Соңынан ауыл қариялары өздеріне көрсетілген құрметке өз ризашылықтарын білдіріп тарасты.
Ел басына күн туған, қиын-қыстау күн-дерде халқына сүйеу, жұртына қамқор бола-тын қарттарымыз қашанда аман болсын!
М.Тасылбаева, кітапханашы
1 қазан - қарттар күніне Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ұйымдастыруымен жалғыз бас-ты қарттарға арналған «Қарттарым менің – көл дария» атты мерекелік іс-шара өтті.
Шырайлы шара барысында қарттарды көңіл-күйін көтеретін әртүрлі байқаулар өткізіліп, ән мен жырдан шашу шашылды. Мерекеде жалпы Көкпекті аумағы бойынша барлық ауылдық округтерден жиналған, орталықтың 41 қызмет алушысы құрметті қонақ болды «Ана туралы жыр» әнімен шымылдығы ашылған кеш келген қонақтардың көңілінен шығып, олардың қошеметіне бөленді. Мереке соңында ауыл әкімінің орынбасары Қ.Мұқышев жылы лебізін арнап, қарттарға жемістер тарту етілді. Мекеменің қамқорлығына мұқтаж қызмет алушылар орталық қызметкерлеріне шексіз алғысы мен ризашылығын білдірді. Жиылған қонақтармен бірге балалар, ата-аналар және орталық ұжымы естелік фотосуретке түсумен кеш өз мәресіне жетті.
Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік
қызметтер көрсету орталығының ақпараты
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттілігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше. Олай болса, әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып, оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу, құрмет көрсету.
Көкжыра ауылы Құлынжон ауылдық округіне қарасты мекен. Қазақи қаймағы бұзылмаған бұл ауылда қарияларды сыйлауды ешкімге үйретіп қажеті жоқ. Оны кішкентай баладан, ересектерге дейін біледі. Өйткені, қарт адамдардың өз ішінде де өздерінен үлкен аға буынды сыйлау дәстүрі бұзылмаған. Үлкен адамдардың бірін бірі «жеңеше, қайнаға, ата, апа» деп атағандары қызық естілсе де, жағымды, жарасымды. Зейнеткерлер арасында ауылшаруашылығында, мәдениет, білім беру саласында еңбек еткен ардагерлер, көпбалалы аналар мен «от басында, ошақ қасында» отырса да, бала өсіріп, отбасының ұйытқысы болған аналар болды. Міне, бүгін осылай бір-бірін құрмет тұтатын қауымды ауыл жастары (өздері де солардың аяғын басып қалғандары бар) мерекелік дастарханға шақырды. Ресми жиналыс емес, емен-жарқын отырып, әңгіме құрған қонақтарды ауылдық округ әкімшілігінің бас маманы Г.Нұрғалиева,
Толығырақ...Ардагерлерге – жүрек жылуы, қоғамның зерделілігі ардагерлерге қатыстылығымен де айқындалады. Қазақ халқының атадан балаға беріліп келе жатқан игі дәстүрі – үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу. Осы дәстүр 1 қазанда болатын Халықаралық қарттар күнінің мұраттарымен дөп келіп отыр.
Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса, бүлк етіп толқымайтын
Бара жатыр сарқылып дариялар.
дегендей өкінішке орай, жыл өткен сайын қариялар қатары сиреп барады. Қарттарды құрметтеу, олардың қажеттіліктеріне жарай білу, әрқашанда сыйлау қоғамдағы жас ұрпақтың міндеті, борышы. Өскелең ұрпақтың кемеңгер ақылшысы аталар мен әжелер үнемі көңіл бөлуді, назар аударуды, олармен тілдесіп отыруды қажет етеді.
Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектебінің жас ұландары қыркүйектегі «қайырымдылық» айлығында Ұлы Отан соғысының ардагері Мүтәлап Ықласов атаның үйіне көмекке келді. Оқушылар Мүтәләп ағаның бау-бақшасын ретке келтіріп, арамшөптерді жұлды. «Жас келсе – іске», дегендей атаның ауласы, бау-бақшасы жайнап кетті. Өз өмірлерінен қызықты әңгімелер айтып берді. Ес-телік ретінде суретке түсті. Қарттарға көмек қолын созып, игілікті іс жасаған жас ұландар үйлеріне ерекше көңіл-күймен қайтты. Сіздерге ең бірінші денсаулық, бала-шағаларыңыздың қызықтарына тоймай ортасында өмір кешулеріңізге тілектеспіз.
А.Таникенова,
тәлімгер, Самар ауылы
Тіл - халықтың жаны, сәні. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Ендеше, тілге қандай құрмет көрсетсек те лайық. Тілдер мерекесі қарсаңында, Көкпекті аудандық кітапханасында мерекелік іс-шара өтті.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айынының 21 жұлдызында Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептің 7-8 сынып оқушылары, ағылшын тілі пәні мұғалімімен бірлесе отырып тілдер мерекесіне арналған «Үш тұғырлы тіл» атты сайыс өткізді. Аталған іс-шараны Динара Төлеуғалиқызы жүргізіп отырды. Сонымен қатар, мерекелік іс-шараға кітап көрмесі қойылып, кітапханашылар Р.Нигматуллина және Б.Рсымбетова дайындаған слайд-шоу қатысушылар назарына ұсынылды. Сайыс соңында қатысушыларға кітапхана директоры А. Ибраеваның атынан мадақтау хаттарымен марапаттап, алғыс айтылды.
Сайыскерлер белсенділік танытып, қызы-ғушылықпен қатысты. Тілдер мерекесіне арналған сайыс өте қызықты да, тартысты өтті.
Д.Төлеуғалиқызы
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.