Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Адам өмірі қас-қағым сәт сияқты. Өте шыққанын ұқпай қаласың. Ал сол өмірінде артымда қандай із қалды деп ойланатын адамдар көп шығар, бірақ оны қағаз бетіне түсіріп, кітап қылып шығару әркімнің қолынан келе бермесі анық. «Қазір не көп, кітап шығарушы көп» деп менсінбеушілер де бар шығар, бірақ сондайларды көре отырып, Көкжыра ауылының тумасы Гүлшайда Сәлімжанова өзінің өмір жолын, оның ішінде қырық жылға жуық ұстаздық қызметін көркемдеп, «Ұстаз бақыты» атты кітап жазды.

«Мен осы ауылда туып-өстім, осында мектеп табалдырығын аттадым. Ең алғашқы ұстазым Күлтай апайды, оның жұбайы мектеп директоры болған Шәмси Оразбаевты, бірге ойнап өскен құрбыларымды ұмытқан жоқпын», - деп бастады сөзін Г.Сәлімжанова Амангелді орта мектебінің оқушыларымен болған кездесуде. Балалық шағы соғыстан кейінгі қиын кезеңде өтіп, мектептегі және студенттік шақтардағы бастан кешкендері туралы кітапта толықтай жазылған.

Осы ауылдың адамдары туралы өрілген әңгімелері де тартымды. Осының барлығын қысқаша баяндай келіп, кейбір тұстарын слайд арқылы көрсете білген тәжірибелі ұстаз 45 минуттық сабақ кестесінде талай тағылымдық, өнеге аларлық әңгіме ұсынды.

Гүлшайда өлеңші, әнші атанған анасының үлгісімен ән айтудың да шебері. Табиғат берген дарынының арқасында ол қазіргі күні зейнеткер болса да сахнадан түспей келеді. Бүкілодақтық байқаулардың лауреаты, «Қазақстанның үздік мұғалімі» атақтары оның осал адам емес екенінен хабар береді. Жақында ғана Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына арналып өткен «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» облыстық конкурсына Тарбағатай ауданынан қатысқандардың арасында вокал жанрында ән айтып, үшінші орынды иеленіпті. Айта берсе ол кісінің бойындағы өнері көп. Тігінші, тоқымашы, шертпе аспаптардың барлығын да меңгерген, оның үстіне суретші. Жай ғана суретші емес, кезінде Өскемен педучилищесінің қабырғасында жүргенде қазірше дизайнер, ал бұрынғыша суретші-безендіруші (художник-оформитель) мамандығын қоса меңгерген. Балаларға айтқан әңгімесінде «өзінің бойындағы талантын аша білген адам ешқашан көштен қалмайды» деді байырғы ұстаз.

Тарбағатай ауданы, Жәнтікей ауылының тұрғыны Гүлшайда Сәлімжанова зейнет жасында болса да, кәсіпкерлікті меңгерген. Былтыр ғана ауданның «Үздік жыл кәсіпкері» атағын жеңіп алыпты. Отағасы Тілеуғазы Нығметжанов екеуі бес бала тәрбиелеп өсірді. Ол да өнерден құралақан жан емес. Ұзақ жылдар Сұлутал ауылдық мәдениет үйінің директоры болып еңбек етті. Халық театрын құрып, ондағы басты рөлдерді ойнады. Нығметжановтардың отбасылық ансамблі балалары есейіп, жан-жаққа тарап кеткенше ауданға белгілі ұжым болған еді. Осындай өнегелі отбасының ұйытқысы, асыл жар, абзал ана - Гүлшайда апай.

Туған ауылына арнайы ат басын тіреген Гүлшайда апай мектепке және ауылдың кітапханасына өзінің кітабын сыйлады. Кездесуге Ш.Оразбаевтың қызы, осы мектептің мұғалімі Ж.Такежанова қатысты. Кездесу соңынан қонақтар мектептегі Ш.Оразбаев атындағы кабинет-мұражайға кіріп көрді.

Осы игілікті шараның бір өкінішті тұсы, мектеп директорының, мұғалімдерінің қонаққа лайықты ілтипат көрсетпегені болды. «Педсовет болушы еді», - деген мектеп директоры. Алайда, кездесу аяқталғанша ешқандай да педкеңес болған жоқ. Мұғалімдер мектеп ішінде әрлі-берлі жүргенін көзіміз көрді. Мектепке күнде мұндай қонақ келіп жатқан жоқ, сонау 500 шақырым жерден ат арытып келген зейнеткер ұстазға елдігімізді көрсете алмағанымызға ұялдық. Мектепке деген азын-аулақ сый-сияпатын кімге ұсынарын білмегендіктен қайтарып алып кетті. Сонда мұғалімдерді өздерінің аға буын әріптестерінің еңбек жолы, ұстаздық тағылымы қызықтырмағаны ма? Оқушылар үйлеріне айтып барса, ауылдың байырғы тұрғындары: «Бізге неге айтпадыңдар, біз де барып қызымызбен көрісіп қалушы едік. Ол біздің көз алдымызда өскен. Өнерімен жас күнінен белгілі. Оның кітап жазғанын естіп едік, көре алмағанымыз-ай», - деп өкініш білдірген екен. Кейде біз барымызды бағалай алмаймыз.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз