Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Самар ауылындағы жалғыз бастаудың суы бүкіл ауыл тұрғындарының тіршілігінің көзі. Бастаудан ауыз суын алса, одан ағып жататын бұлақтан малын, бау-бақшасын суарады. Көктемде қар еріген кезде таудан түскен судан осы бұлақ суы молайып, тасиды. Ол судың жүретін жолы да бар.

Болғанбаев көшесі арқылы да осы су ағатын жыра ежелден келе жатыр. Бастаудың көзі бітеліп бара жатқанындай, су жүретін арна да жайдақталып, жан-жағынан су қашып, жолындағы өткелдер топырақ пен қоқысқа толған. Осыдан барып су жан-жағына жайылып, үйлердің аулаларын, ұраларын су басады. Осыны жыл сайын көріп жүрген осы көшенің тұрғындары, жас отбасылардың бір-бір азаматы қолдарына күрек алып, су жолын тазалады.
Сергей Пискунов, Сергей Замашний, Александр Саросев, Анатолий Резников, Азамат Ракишев бірнеше күн бойы ұзындығы 500 метрдей болатын жерді Октябрь көлденең көшесімен қиылысатын жерге дейін тазалап шықты. ЖҚБ-14 басшысы А.Калинин көмек беріп, трактор бөлді, айналадағы көршілер қаржы жинап, тракторға жағармай құйып, біраз шаруа сонымен бітіп қалды. Ал тас жолдың ортасымен өтетін және жолдың екінші жағындағы өткелдің (үлкен дөңгелек бетон) ішін олар қолмен тазалады. Әлденеше жыл бойы тазаланбаған құбырлардың іші әбден толып қалыпты. Қолдарына күректерін ұстаған жігіттер айналасы үш-төрт күннің ішінде жұмысты аяқтады. «Енді көктемде ауламызға су кіріп, ұралар суға толмайтын болады», - дейді жігіттер.

Толығырақ...

«Самар ауылындағы №2 Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбие-ленушілері 2015-2016 оқу жылын түрлі деңгейдегі жарыстардан жүлде алып, жақсы табыстармен бастады», - деп хабарлайды спорт мектебінің оқу ісін меңгеруші Жанат Кеңесқызы.

-Тамыздың 23-27 аралығында Шымкент қа-ласында оқушылар арасында жағажайлық волейболдан ҚР Біріншілігі өткен болатын. ШҚО құрамасының сапында біздің мектептің жас спортшылары Дамир Кеңесов және Ахмет Сахариев ойнады. 2002-2003 жылдары туылған жасөспірімдер арасындағы жарыста олар Астана қаласында екінші орын алды. Жазғы каникул кезінде де оқушылар Орал қаласында олар ҚР Кубогына қатысып төртінші, Өскемен қаласында жағажайлық волейболдан бірінші орын алды. 

Волейболшылардан еркін күрес секциясының қыздары да қалыспады. Қыркүйек айында Жарма ауданының Қалбатау ауылында өткен турнирде М.Мәрденовтің шәкірті Карина Солтанбекова 52 кг салмақта бірінші орынды жеңіп алды. 2 қазанда Өскемен қаласында 2000-2002 жылдары туылған спортшылар арасында өткен ШҚО чемпионатында біздің тәрбиеленушілер жоғары техникалық дайындық көрсетті. Әсіресе, қыздар командасы биік деңгейден көрінді. Карина Солтанбекова 52 кг салмақта бірінші, Қалиакпер Жамилә 48 кг салмақта екінші, Надиля Тютенова 32, В.Филатова 36 кг салмақта екінші орынға ие болды. Ұлдар арасында Ш.Мұхаметқалиев 76 кг салмақта 1 орын алды. Жаттықтырушысы Т.Қасайынов Шыңғысты Өскемен қаласындағы дарынды балалар мектебіне орналастырды.

Қазан айының соңында Шымкент қаласында еркін күрестен Қазақстан біріншілігі өтеді. Онда облыстық құрама команда сапында біздің Ш.Мұхаметқалиев, К.Солтанбекова мен Жәмилә Қаликпер өнер көрсетеді.

Балалардың спорттық жарыстарға қатысуына ауыл азаматтары демеушілік көрсетіп отырады. Солардың бірі, САТК аға шебері Т.Татмановқа К.Солтанбекованың Жарма ауданында өткен облыстық турнирге қатысуына көмек бергені үшін алғыс білдіргіміз келеді, - дейді Жанат Кеңесқызы.

Клара НҰРПЕЙІСОВА


Самар ауылында өткен сенбі күні орталық базар аумағында кезекті сенбілік өтіп, онда ауыл тұрғындарына ет, бал, көкөніс, картоп және басқа да ауылшаруашылығы өнімдері сатылды. Ет бағасын тұрғындарға 850-900 теңгеден Бастаушы ауылдық округінен Т.Биқатов, Үлкенбөкен ауылынан Н.Құсайынов, Самар ауылынан Қ.Бөлекпаев және С.Баженов ұсынды.

Округтегі омарташы Қ.Тұңғышпаевтың омартасынан әкелінген бал және араның емдік қасиеті бар прополис, мор сияқты өнімдері де сатылды. Сонымен бірге, сүт, қаймақ, ірімшік те сөрелерден табылды.

Осы күні Самар аграрлық-техникалық кол-леджінің инженерлік-педагогикалық құрамы мен студенттер өздерінің оқу корпустары, жатақхана, шеберханалардың айналасында тазалық жұ-мысын жүргізді. Апта сайын өткізілетін жаппай сенбілікке белсене қатысатын колледж ұжымы, әзірге ауылдағы мекеме мен кәсіпорындардың алды болып отыр.

Аграрлық-техникалық колледжде 18 қазандағы Рухани келісім күніне арналып, танымдық шаралар өтті. Оқушылар үшін «Рухани келісім – тұрақтылық пен қоғам дамуының басты факторы» атты сыныптан тыс шара, «Рухани келісім - бейбітшілік кепілі» атты сынып сағаттары өткізіліп, жергілікті ақын Л.Клейнмен кездесу ұйымдастырылды. Балалар өздерінің жерлестерінің өлеңдерін оқыды. Ал Лидия Дмитриевна соңғы жазған өлеңдерімен студеттерді таныстырды.

№1 Самар орта мектебінде Рухани келісім күніне арналып кітап көрмесі, қабырға газеті шығарылды. Қарым-қатынас сабақтары, ата-аналар жиналыстары да осы күнге орайластырылды. Сонымен бірге, «Дөңгелек үстел» өтіп, шәкірттер облыстық рухани келісім онлайн сабағына қатысуға мүмкіндік алды.


Бастаушы ауылдық округі бойынша 16 қазанда Рухани келісім күніне арналған іс-шара ұйымдастырылды. Ауыл мешітіне жиналған қауым  намазға жығылып, аруақтарға құран бағыштады. Мешіт молдасы жиналғандарға қоғамдағы діни мәселелер жөнінде түсіндіріп, татулыққа, ынтымаққа шақырды.

Абай атындағы орта мектепте ашық сынып сағаттары өткізілді. Алдағы уақытта қажылыққа барып келген Көкжыра ауылындағы мешіт молдасы Сәбиев Нүркен Мәнапұлымен кездесу жоспарланып отыр.


18 қазан күні Палатцы ауылында «Через гуманизм и толерантность к духовному согласию» атты ақпараттық сағат өтті. Бұл сабақта әкімшілік қызметкері Б.Шалғынбаева, кітапханашы С.Қай-сенова жиналғандарға Рухани келісім күнінің маңыздылығы туралы айтып берді. 

Орта мектептің жоғарғы сынып оқушылары арасында танымдық сабақ ретінде «Қазақстанның тұрақтылық негізі – ұлттық келісім» тақырыбы төңірегінде пікірсайыс ұйымдастырылды. Бұл сабақтар жастардың рухани құндылықтарымызды бағалай білуіне зор ықпал ететін болады.


Жыл сайын 18 қазан күні елімізде Рухани келісім күні атап өтіледі. Бұл атаулы күн 1992 жылдың 18 қазанында Алматыда Елбасы Н.Назарбаевтың төрағалығымен Бірінші Бүкіләлімдік рухани келісім конгресі өткен күннен басталады. Елбасымыз тыныштық пен тұратылықты сақтауды жас мемлекетіміздің болашағы үшін маңызы зор екендігін өз жолдауларында: «Кез келген халықтың рухани мәдениетінің негізін бейбітшілікке, келісімге, әділдікке ұмтылу құрайды. Осыған орай Мариногорка ауылының кітапханасында: «Рухани келісім-ел бірлігінің кепілі атты» атты дөңгелек үстел, кітап көрмесі өтті.  Дөңгелек үстелге 5-10 сынып оқушылары және үстаздар, ақсақалдар төрағасы, әкімшілік қатысты. Келген қонақтар өз ой-пікірлерін ортаға салып, рухани келісім мен діни тұрақтылық мәселелері бойынша түрлі тақырыпта әңгімелер қозғады. Іс шара соңында: 6 сынып оқушыларының орындауында «Қазақстаным» әні, «Адамгершілік қасиет» туралы диалогтар оқылды. 7- 8 сынып оқушылары «Көк тудың желбірегені» атты патриоттық ән орындап, өлеңдер, тақпақтар оқыды.

Тегісхан Бахытжан


Миролюбовка ауылында ауыл кітапханашысы В.Есенбаева «Духовное согласие – фундамент мира и согласия в обществе» атты кітап көрмесін, сонымен бірге «Наследие народов Казахстана» атты қолөнер көрмесін көпшілік назарына ұсынды. Ауыл тұрғындары үшін «Укрепление межконфессионального согласия в Казахстане» деген тақырыпта «Дөңгелек үстел» өтті. Қатысушылар өздерінің пікірлерін білдіріп, елімізде татулық пен ынтымақ қашанда жасай берсін деп қорытындылады.

Клара НҰРПЕЙІСОВА

 

Көкпекті аудандық ішкі істер қызметкерлерінің ардагерлер кеңесінің ұсынысы және ұйым-дастыруымен ауданда марқұм болған қарулас достарын еске алу күні өткізілді. Бұл шара облыс көлемінде екінші ауданда ғана өтіп тұр екен. Еске алу күніне марқұм болған сақшы қызметінің артында қалған отбасы, туған-туыстары, достары көп жиналды. Олардың барлығы да шараны ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдіріп жатты.

Жиын Самар ауылындағы спорт модулінде басталды. Өйткені, полиция қызметкерлері еске алу шарасына арнайы мини футболдан турнир өткізді. Футбол алаңының жанында салтанатты митинг ашылып, шараға қатысушылар алдында ардагерлердің аудандық кеңесінің төрағасы Қ.Жүнісов сөз алды. Ол бүгінгі өткелі отырған жиынның мақсаты мен мүддесіне тоқталды.

Толығырақ...

Тамырын терең жайған тал -қайыңдар,
Қарттарым, қуаныңдар, марқайыңдар,
Құрметтейiк бас иiп қарияларды,
Күнi ертең бәрiмiзге қартаю бар, - дегендей, жыл сайын қазан айында қарияларымызды мерекемен құттықтап, көңілдерінің бір марқайып қалатынына өзіміз де қуанамыз.
Дегенмен, біздің бүгінгі қоғамда барлық қарт адамдар отбасында, балаларының қасында, қарттығын қарсы алып отырмағаны жасырын емес. Әртүрлі себептермен қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйлерде тұрып жатқан адамдар қаншама. Осындай қамкөңіл жандарды мереке кезінде арнайы құттықтау олардың жанын жадыратып, күнделікті оңашада қалатын ауыр ойдан бір серпілтетіні сөзсіз. Сол дәстүрге сай Самар ауылындағы медико-әлеуметтік мекемеде өткен мерекеге аудан әкімі Р.Сағандықов қатысып, мекеменің қызмет алушыларын төл мерекелерімен құттықтады. «Сіздерге денсаулық тілеймін. Мемлекетіміз қашанда аға ұрпақты ардақ тұтады, сондықтан да сіздердің арнайы қамқорлыққа бөленіп отырғандарыңыз біздің еліміздегі осындай адами қасиетті жоғары ұстаудың бір нышаны», - деді Рамиль Нығметжанұлы. Қартайғанда өзін-өзі күте алмай, қарайласар туысы болмай қалған жандардың өздерінің бүгінгі тұрмыстарына разы екендіктерін жүздерінен байқауға болады.

Толығырақ...

Самар ауылындағы  Ауданаралық  аурухананың  ғасырға жуық тарихы бар мекеме. Ежелден келе жатқан аурухананың ұжымы қашанда білікті басшыларымен, дәрігерлерімен, медбикелерімен танымал болған. Қашанда үлкен ұжымда жұмыс істегенде үлкен-кішісі, кәрісі-жасы аралас болады. Уақыт талабы, үлкендер ұзақ жыл бойы жиған тәжірибелерін жастарға үйрете отырып, зейнет демалысына шығады, ал жастар олардың сеніп берген тізгінін нық ұстауға тырысады. Зейнетке кеткен әріптестерін ұмытпайды, мереке-жиында, қайғы-қасіретте де жалғыз тастамайды. Бұл мекемеде де сондай жақсы дәстүр қалыптасқан.

Бірінші қазан – Қарттар күнінде аурухананың бас дәрігері Н.Саңқайбаевтың бастамасымен мекеменің 80-ге жуық зейнеткері сыйлықсыз қалмады. Әр топқа бөлінген дәрігерлер, кәсіподақ ұйымының мүшелері, медбикелер әрқайсысының үйіне барып құттықтап, гүл шоқтарын, сыйлықтар табыс етті. Нұрлан Өртбайұлы жаңадан зейнеткерлікке шыққан медбикелер Г.Татманова, Б.Оралова және Г.Камалиеваны құттықтады. Бұл ақ халатты абзал жандар осы ауруханада сонау албырт шақтары, медициналық училищені аяқтаған күннен бастап қызмет етті. Олардың артынан талай жас маман тәлім алды. Ұзақ жылғы қызметтеріне алғыс айта отырып, бас дәрігер әріптестеріне зор денсаулық тіледі.

Толығырақ...

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз