Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ауылымызда «Өрлеу» жобасын білмейтін адам жоқ шығар. Бұл жоба ауылымыздағы жағдайы төмен отбасыларына өте жақсы көмек болды деп ойлаймыз. Жағдайы төмен отбасылардың тұрмыстары түзеліп, шаруа қожалықтарына және жеке кәсіпкерлерге келісімшарт бойынша жұмысқа тұрды. Бірнеше айдың ішінде  жағдайлары жақсарып келеді. «Өрлеу» жобасынан берілетін қаражатты жинап, бұзаулы сиыр, қой-ешкі, құс-тауық алып өсіріп отыр. Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округінде 12 отбасы «Өрлеу» жобасына қатысады. А.Қалиасқарова, Б.Отыншынова, Г.Чиганова сияқты көп балалы аналардың және тағы басқаларының айтуы   бойынша:- Бұл жоба ауыл тұрғындары үшін өте қолайлы. «Өрлеу» жобасына қатысқанымызға өте қуаныштымыз, ақшалай көмектен қой-ешкі, құс-тауық алдық. Тұрмысымыз түзеліп оңалып жатыр. Әрине бұл жоба ең қолайлы. Бізге осындай көмектер әрі қарай жалғаса берсе қуана катысушы едік.

Ж.Хощанова,

 Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округі

 

САМАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

Астана қаласына биыл 17 жыл толып отыр. Осы мерекеге орай Самар мәдениет үйінде жиналыс өтті. Самар ауылдық округінің әкімі С.Дүсіпов барша жиналған қауымға құттықтау сөз арнады: - Астана күні әр қазақстандық үшін үлкен мереке болып саналады. Астана - Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігімізідің тірегі. Ең әсем, ерекше сәулетті қалалардың бірі болып табылады. Осындай салтанатты күні баршаңызға  зор денсаулық, бейбітшілік және мол бақыт тілеймін. Достығымыз мәңгілік, болашағымыз жарқын, еліміз гүлдене берсін, - деді Саловат Қалымжанұлы.

Жиналған қауымға ардагер ұстаз Р.Қапшықова және жас мұғалім А.Кәрменова жылы лебізін білдіріп, мерекемен  құттықтады.

Осы жарқын және жалпыұлттық мерекеге орай, бірқатар самарлықтар ұжым басшылығының мадақтама және алғыс хаттарымен марапатталды. Қазақстан Республикасының  Президенті сайлауына белсене қатысқаны үшін аудан мәслихатының депутаты Г.Шаймарданова Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталды. Шығыс Қазақстан облысы қоғамдық штаб төрағасы алғыс хатына Л.Мұқанова, О.Любашова, Ф.Замзина тағы басқа да беделді азаматтар ие болды.

Кездесу соңында ауылдық округ қызметкер-лері және мәдениет үйі әртістерінің күшімен даярланған мерекелік концерт халық назарына ұсынылды.

ТЕРЕКТІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

Жастығына қарамастан Астананың бүгінгі бағындырған биіктері мен жеткен жетістіктері жетерлік. Барша қазақстандықтар үміт артып, үлгі тұтып отырған Бас қаламыздың қарышты қадамы шынында да мақтан етуге лайық. Астана күні – жалпыұлттық сипатқа ие мерекеге, халықтың асыға күтетін зор қуанышына айналып үлгерді. Теректіліктер бұл күнді еңбектеген баласынан еңкейген қариясына дейін мерекелейді. 6 шілде күні ауыл жастары баскетбол, теннис және футбол сияқты спорттық ойындардан сынға түсті. Ал мектеп жанындағы лагерьдің демалушылары шағын концерт ұйымдастырып, меркені думандата түсті. Сонымен қатар, бала қиялдың маңызы ескеріліп, «Астана менің көзіммен» атты сурет сайысы өткізілді. Ауыл әкімі Е.Күзембаевтың құттықтау сөзімен басталған атаулы күн мерекелік концертпен жалғасын тапты.

ШҰҒЫЛБАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

Шілденің алтыншы жұлдызында ауыл клубында «Астана – жастар қаласы» атты жастарға арналған танымдық кеш өтті. Кеште Елорда туралы мағұлматтар беріліп, Қ.Қабаев, Қ.Төлегенов, Қ.Айтқалиев, Ә.Ерланұлы және басқа да жастардан құрылған Жайдарман тобы халықты күлкіге бөледі. «Астана – еліміздің жүрегі» атты стенд жасалып, жас қаланың кешесі мен бүгінінен суреттер көрсетіліп, қаланың сәнін үстемелеп тұрған сәулетті құрылыстары туралы ақпараттар берілді.

ҮЛГІЛІМАЛШЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

Биыл 17-ге толған Елорданың туған күнін бар ауыл болып мерекеледі. Салтанатты кеште ауыл әкімі құттықтау сөз сөйлеп жас Астанаға жылы лебізін білдірді. Кітапханада «Астана - жүрегіміз» атты кітап көрмесі, дөңгелек үстел өткізіліп, кітапханашы Ф.Байтұманова көрермендерге арнап Астана қаласының бой көтеруінің тарихына байланысты баяндама оқыды. Балалар мен жасөспірімдерге Астана жайында викториналық сұрақтар қойылды. Бас қаланы жақсы білетін балалар сұрақтарға мүдірмей жауап берді.

Елбасымыз қазақстандықтарды салауатты өмір салтын ұран етуге шақыратыны белгілі. Осыны бағыт еткен ауыл жастары спортты өздеріне серік еткенін дәлелдеді. Айтулы күнге орай әкімшілік спорт залында жасөспірімдер арасында теннистен жарыс өткізілді. Сынға түскен жасөспірімдерге өз дәрежесіне сай сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, еліміз үшін мәнді мерекеге орай «Ай дидарлы Астана» атты мерекелік концерт ұйымдастырылып, соңы жастардың би кешіне ұласты.

САРЫБЕЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

Сарыарқа самалымен тербелген ерке Есілдің бойындағы ғажап қала күн санап көркейіп, еліміздің мақтанышына айналды.

Бұл күні Сарыбел ауылдық округінің кітапханашысы М.Тасылбаева мен клуб меңгерушісі Ә.Арыстанғалиеваның ұйымдас-тыруымен «Асқақтаған Астана» атты дөңгелек үстел өтті. Ауыл әкімі К.Сакуанова жиналған қауымды Астана күнімен құттықтап, «Бас қаламыз өркендей берсін» деп тілек білдірді. 9 сынып оқушысы Ұлжан Жакеева мерекеге орай Астана қаласына өз арнауын тарту етті.

ҚҰЛЫНЖОН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

Астана күнін мерекелеуге мектеп оқушылары мен мұғалімдері, ауыл жастары бір кісідей атсалысты. Спорттық ойындардан жарыс өткізіліп, балаларға арналған ашық аспан астындағы ойын-сауық ұйымдастырылды. Ауылдың жезтаңдайлары Құлынжон аспанын әуезді әнмен әуелетіп, халыққа шырай сыйлады. Жиналған қауымның барлығы «Жарқырап, жайнай берші, сен Астана» деп қосыла ән шырқады.

ТАССАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

Астана күні Тассайда лайықты аталып өтті. Салтанатты жиын ашылып, ауыл әкімі жиналған қауымды мерейлі меркемен құттықтап, мәдени іс-шараны бастап берді.

Өнерпаз қауым өкілдері де өз кезегінде мерекелік жиынды тартымды жалғастырды. Астанамыздың сонау ХIХ ғасырдағы алғаш қойылған іргетасынан бастап, күні кешегі 1997  жылы жер жәннаты Жетісудан Сарыарқаға жол тартқан Ұлы көштің керуенбасы Елбасымыздың ерен ерлікке лайық ісіне тоқталып, бүгінгі сәулеті мен дәулеті жарасқан Астананың  тарихы айшықтала айтылып, тыңдарман жұртқа жолданды. Әрбір айтылған тарихи маңызды шолулар сазды әуенмен әрленіп отырды. Арасында жаңа Астананың жасына сәйкес, жас ұрпақтың санасына атамекенге  деген сүйіспеншілікті сіңіретін, зердесіне Отан туралы ой құятын он жеті сауалдан тұратын викторина өткізілді.

Ауыл көркемөнерпаздары Астана туралы бірнеше тілде  тамсандыра ән салып, би биледі.

БАСТАУШЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

Бастаушы ауылдық округі бойынша 6 шілде күні ауылдық клуб үйінде «Астана - менің өмірімнің әуені» атты әндер байқауы ұйымдастырылды. Байқау шымылдығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранымен ашылды. Қатысушылар Астана күніне арнап әндер орындады. Жақсы орындалған әндерге ауыл әкімінің атынан мадақтама қағазы табысталды.

Кітапханада «Ел ордасы - Астана» атты буклет, «Астана – сәнді қала» атты стенд қойылып, жазғы демалыс лагеріне келушілермен кітапханада саяхат ұйымдастырылды. Балалар би билеп, өлең оқып, ән айтты. Кешкісінде би кеші ұйымдастырылды.

МИРОЛЮБОВКА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

Миролюбовкалықтар бұл күнді нағыз бұқаралық мейрамға айналдырды. Спорттық ойындар өтіп, клубта баянмен би кеші ұйымдастырылды. Ересек адамдар Н.Назарбаевтың сүйікті әндерін қосылып шырқады. Президент сайлауы кезінде белсенділік танытқан бір топ ауыл тұрғындары Алғыс хаттармен марапатталды.

Дайындаған: Клара НҰРПЕЙІСОВА

Жансая СМАҒҰЛОВА

«Самур» шаруа қожалығының иесі Зейнелғабиден Оспанов мал шаруашылығымен және астық өндірумен айналысады. Қарамағында тұрақты түрде жұмыс істейтін жеті жұмысшысы бар. Еңбексүйгіш кәсіпкердің қазіргі таңда астық сақтауға арналған қойма салып жатқанын естіп, құрылыс алаңына бардық. Ауылдың шет жағында орналасқан көлемді ғимарат көзге сонадайдан көрінеді. Құрылыспен айналысып жатқан өзбек ағайындар екенін білген соң олардың жетекшісі Ильхон Младжановты сөзге тарттық.

 - Мен Ерғана облысындағы Ғанобат ауылынан келдім. Бұл менің Қазақстан жеріне алғаш аяқ басуым. Отбасымның қамы үшін күн демей, түн демей жұмыс істеу менің парызым. Өзбекстанда жұмыс күші

Толығырақ...

«Жаз жайнатып,күн күлдіріп, біз лагерге барамыз.

Өзен-көл мен кең далада, ойнап асыр саламыз», - деп балғындардың лагерь жырын шырқайтын сәт те жетті. Жаз мауысымы басталғалы оқушылар жазғы демалыстарын көңілді өткізуде. Біздің ауданда оқушылардың жазғы демалыстарын тиімді өткізулеріне білім беру бөлімі мен әкімшілік тарапынан ұдайы көңіл бөлініп, жыл сайын бұл мезгілде аудан мектептері жанынан арнайы балажайлар ұйымдастырылады.

Оқу жылы аяқталысымен мектеп оқушылары жазғы демалыс орындарына баруға асығады. Жайраңдаған жаздың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері балалардың осындай жазғы демалыс балажайынан бастау алары сөзсіз.

Біздің ауданымызда балаларға арналған бес бірдей демалыс орны жұмыс істеп тұр. Солардың бірі Мойылды ауылындағы «Балауса Көкпекті» спорттық сауықтыру кешені. Балажайда 200 бала дем алады. Аталған кешенде бес ауысым бойынша жұмыстар атқарылатын болса, бүгінде жазғы демалыс орнында 40 балдырған уақыттарын көңілді өткізуде.

Тағы бір, тілге тиек етіп айтатын демалыс орындары Көкжотадағы «Күншуақ» пен Құлынжондағы «Балдәурен» спорттық сауықтыру балажайлары. Бұл демалыс орындарында 60 баланы барлығы екі ауысыммен қабылдайды. Аталмыш балажайларда көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларына да демалуға мүмкіндіктер бар. Демалуға келген оқушыларды күнделікті мектеп мейірбикесі денсаулықтарын тексеріп, олармен сауықтыру іс-шараларын жүргізеді. Бұнда балалардың сапалы тамақтануы да назардан тыс қалмаған. Арнайы бекітілген ас мәзірі бойынша оларға 4 мезгіл тамақ беріледі. «Бала күлкіге тоймас» дегендей балалар көңілді демалып, жанын әнге, сылдыр күлкіге тойдырып әртүрлі іс-шаралар мен спорттық ойындар өткізіліп тұрады. Осылайша лагерьдің әр күні мәнді де сәнді өтеді. Бұл тұста балалардың демалыс күндерін қызықты өткізуге үлес қосқан тәрбиешілердің еңбектерін ерекше атап өтіп, жоғары бағалауға болады. Олар балажайдың қызықты, көңілді өтуіне аянбай, шаршамай өз үлестерін қосқаны байқалып тұр.

Сонымен қатар, аудан мектептерінің жанында жазғы демалыс балажайлары да ұйымдастырылды. Жазғы мектеп жанындағы балажай оқушылардың жазғы демалысында денсаулығын нығайтып, дене тәрбиесін шыңдап, күш жинауға, білімін толықтырып, жаңа әсер алуына ықпал жасайды. Белсенді түрде демалудың бұл түрі уақытша балалар ұжымының дамып, қалыптасуына әсер етсе, сондай-ақ әлеуметтік түсінік қабілетін дамытуға негіз құрайды, олар алған тәжірибесін кез келген үжымда қолдана отырып, соңында оқу іс-әрекетінде де қарым-қатынас жасай алады. Көкпекті ауданы бойынша мектеп жанындағы балажайлар құрылған. Аудан бойынша 35 мектеп шағын балажайлар ұйымдастырылып. Онда бастауыш және орта буын аралығындағы оқушылардан жиыны 1884 бала дем алады. Балажайдағы демалу уақыты он күн, балалардың көбі жаппай оқу қорының есебінен ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Аудандық білім беру бөлімі мектептеріндегі мүмкіндігі шектеулі балалардың дем алуына да көңіл бөлген. Аудандағы 145 мүмкіндігі шектеулі балалардың 25 оқушысы мектеп жанындағы балажайларда жазғы демалыс күндерін өткізуде.

Жаз айлары – балалардың толыққанды демалып, денсаулықтарын нығайтып жаңа оқу жылын тың күшпен бастаулары үшін қолайлы уақыт. Осындай демалыс орындары балалардың денсаулығын жақсартуға, қоршаған орта табиғатымен танысуға, жаңа достар тауып, басқа ортаның балаларымен еркін араласуға, ой-өрістерін дамытуға зор ықпал ететіні анық.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

«...Аттандық сапарға, көңілде мол арман,

Аттандық сапарға, тосады жол алдан...»

Иә, бүгін мектебі үміт артып шығарып салып жатқан түлектерді ертеңгі күн сеніммен күтеді. Уақыт ағысы кешегі тұлымы желбіреген ұлды жігіт етсе, бантикті қыздың бой жеткені байқалады. Ұстаздардың да, шәкірттерінің де жанарларында сан түрлі сезімнің табы байқалып тұр.

Толығырақ...

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз