Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесінің құрметпен аталып өтілгені, оны жақындатқандар үшін ерекше күн болып мәңгі есте қалғаны анық. Ал олардың ұрпағы үшін жыл сайын осы айтулы күнді мақтан тұтар ардагер аға-апаларымен бірге қарсы алғаннан асқан бақыт жоқ. Өкінішке орай, кешегі сарбаз, бүгінгі қарт ардагерлердіің қатары сиреп барады. Бейбіт өмір сыйлаған асыл қазыналарымыздың бірі, Үлкенбөкен ауылының тұрғыны В.С.Винниковті Үлкенбөкен орманшылығының басшысы Рахат Жақыпов отынмен қамтамасыз етті.
Толығырақ...Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамының 88-қадамында: «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы идеясын алға жылжыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу және жүзеге асыру, ол «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму, индустрияландырудың екінші бесжылдығы бағдарламаларын, сондай-ақ, тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік саясаттың арқасында еңбек, кәсіпкерлік, ғылым мен білім және басқа да кәсіптік қызметтерде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қазақстандықтардың (біздің заманымыздың батырларының) табыстарының дербес тарихын ескере отырып, жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеяларын ілгерілетуге, индустрияландырудың және «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың мемлекеттік саясаты талаптарына жауап бере алатын жұмысшы және кәсіптік-техникалық мамандықтардың артықшылықтары мен танымалдылығын насихаттауға бағытталады»,- деп жазылған.
Біздің ауданда осы талаптарға сай келетін нағыз еңбек адамдары көптеп саналады. Солардың бірі - Самар ауылының тұрғыны Марфуға Қалкешқызы Закриянова. Марфуға мектепті аяқтаған соң таңдаған мамандығы бойынша оқуға түсті. Бірақ медицина оның қолы емес екен, ол алғашқы практикалық сабақтарда-ақ белгілі болды. Тетелес апайы екеуі бірге түскен Лениногор медицина училищесімен осылайша қоштасуға тура келеді. Бірақ үйге қайтып кетпей, осы қаладағы тігіншілер дайындайтын ТУ-16 кәсіптік мектебіне құжатын тапсырды. Оқуын аяқтаған соң Өскемен жібек маталар комбинатына жұмысқа орналасып, кейін тұрмысқа шыққан соң Самар Тұрмыстық қызмет көрсету комбинатында жұмыс істей бастады. Нарықтық заман туғанда бұл ірі кәсіпорын жабылып, «көппен көрген ұлы той» демекші ол да жұмысссыздар қатарына қосылды. Содан бері бір айлық босаған орын болса да орналасып жұмыс істей берді. Үйде тапсырыс алып іс те тігеді. Балалардың жөргегі, киімдері жоқ болған кезде талай балаға иткөйлек те тікті.
Толығырақ...Биылғы жаздың аптап ыстығы аудан халқына оңай тиген жоқ. Қыстың қамын ойлаған жұрт тез арада мал азығын әзірлеп алуға кірісіп кетті. Бірі уақытында шөбін шауып үлгерсе, енді бірі қысқы отын-судың қамымен әбігерде. Осы мәселені жіті назарда ұстап отырған редакция ұжымы Көкпекті ауданының қысқа қаншалықты дайын екендіктеріне көз жеткізу мақсатында ауылдық округтердің ақпаратын ұсынады.
ШҰҒЫЛБАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ
Шұғылбай ауылдық округі бойынша 2015-2016 жылдың қысына мал азығын дайындау науқаны қарқынды басталып кетті. Техникаларын сайлап алған «Қажымұқан» Ж.Байназаров, «Мадияр-Астық» Т.Ахмадиев, «Самур» З.Оспанов, «Мейірбек» К.Тоқтаров,
Толығырақ...Көкжыра ауылындағы Асқар Қажығалиев жетекшілік ететін «Серік» шаруашылығының механизаторлары биылғы мал азығын даярлау науқанын қауырт өткізіп жатыр.
Бір айдың ішінде толассыз жауған жаңбырдан соң қаулап өскен шалғынды қатаймай тұрып шауып алуды мақсат тұтқан олар барлық күш-жігерлерін аямауда. Шаруашылықта 200 гектар шабындық болса, оның 50 пайызынан артығы табиғи шалғындық. Ал екпе шөпті бұлар екі рет орады. Алғашқы орымда әр гектарынан пішен 40 центнерден айналған. 2000 центнершөп қазір маяланып, кеуіп тұр.
Толығырақ...МАРИНОГОРКА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ. Мариногорка, Жұмба және Мойылды ауылдарында ағымдағы жылы шілде айының он төртінде «Еңбегің өнімді болса, көңілің сенімді болар» атты сенбілік күні өтті. Сол күні Мариногорка ауылдық округінің тас жолдарының ойылған шұңқырлары тасқұмдармен бітелді. Атқарылған іс-шараға Мариногорка ауылы-ның көлік жүргізушілері көмекке шығып, жергілікті шаруа қожалықтары «Мәмбет», «Порохов», «Жеңіс», «Искра», «Қашырбаев», «Қадырқанұлы», «Дундуков» шаруа қожалықтары өз техникаларымен жол жөндеуге белсене атсалысқан. Ал, «Дюсюпов» шаруа қожалығы Жұмба мен Мариногрка аралығындағы 21 шақырымдық тас жолды тасқұмдармен тегістеген. Аталмыш іс шараға «Бір жағадан – бас, бір жеңнен - қол шығарып» аянбай көмектерін көрсеткендері үшін шаруа қожалық басшыларына және көлік жүргізушілеріне ауылдық округінің әкімдігі - Осындай еліміздің патриот азаматтары көбейе берсін! – деп алғыстарын білдірді.
БАСТАУШЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ. Бастаушы ауылдық округінің аумағында апатты жағдайда тұрған Абай атындағы орта мектептің мәселесі бұрыннан көтеріліп келеді. Бюджеттен бөлінген қаражатты тендер бойынша ұтып алған «Бизнес Экспресс Строй» ЖШС 132 орындық жаңа мектеп салу жұмыстарын атқарады. Жақында мектептің іргетасын қалау жұмыстары басталады.
Сонымен қатар, ауылдық округте көше жарықтандыру бойынша жұмыстар атқарылып, жақында Абай және Новостройка көшелері жарықтандырылған.
БИҒАШ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ. Биғаш ауылында ауылдық округ әкімі Рауия Алпысбайқызының басшылығымен балаларға арналған спорттық алаң салынып, құрылыс жұмыстары аяқталды. Шағын футбол алаңын салуға 200 мыңға жуық қаражат жұмсалған. Бүгінгі күні ауыл жасөспірімдері жаңа шағын алаңда доп қуып, футбол ойнауда. Алдағы уақытта аталған алаңға волейбол және баскетбол ойнауға арналған құрал жабдықтар орнатылатын болады. Оған қажетті волейбол торы мен баскетбол шеңбері дайын.
КӨКЖАЙЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ. Көкжайық ауылдық округіне қарасты Ақой ауылындағы 3,5 шақырымнан астам жолға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Рустам» шаруа қожалығының басшысы К.Дюсенбаев пен ауылдық округ әкімі 15 млн. теңге қаражаттық меморандумға қол қойған. Сонымен қатар «Рустам» шаруа қожалығы мұғалімдер көмегімен жаңартылған ескерткішті қоршаулармен қоршап, балалар алаңын жасауды жоспарлап отыр. Одан кейін тұрғындар игілігіне қатымхана салынатын болады. Қатымхана салуға басқы кезде кедергі болған жол мәселесі бүгінгі күні шешімін тапқан.
Дайындаған: Жанерке АБЫЛХАН
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.