Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ұлы Жеңіс күні – еліміздің есіл ерлері Отан үшін өмірлерін құрбан етіп, ұрпақтарына жарқын болашақ сыйлаған күн. Сол бір қан майдан жылдарында ерлігімен елін, жерін қорғағандар, жас ұрпақтың санасында мәңгілік қалады. Оған дәлел, бүгінгі ұрпақтарының шағын ғана ауылда ерлік пен елдікті дәріптейтін ескерткіш – батыр бабаларымыздың, ұрпағы үшін шүберекке түйген жандарын пида етіп соғыстан қайтпай қалған, Алланың қолдауымен еліне ерлікпен аман-сау оралған аға-апаларымыздың есімі жазылған мрамр тасын орнатты.

Егінбұлақ ауылында Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейлі мерекесіне клуб алдында жан-жақтан келген қонақтар ескерткіштің салтанатты түрде ашылуына қатысып куә болды.

Толығырақ...

Көктемгі су тасқыны кезінде өзен, көл жағаларына жақын орналасқан елдімекендер, шаруашылықтарды су басып кететіні белгілі. Су тасқыны күшті жауын, қардың тез еруі немесе өзенде сең жүрісі кезінде оның бір орынға жиналып кептелуі себебінен су деңгейінің көтерілуінен пайда болады.

«Апат айтып келмейді» деген халық нақылы бар. Биылғы жылдың көктем мезгіліндегі ауа

Толығырақ...

БАСТАУШЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

Бастаушы ауылдық округі бойынша 4 маусым күні Абай атындағы  орта мектепте мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті. Мереке Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылды. Мерекемен топ тәрбиешісі құттықтады. Жазғы демалыс лагеріне келуші балалар патриоттық әндерге  негізделген әдеби монтаж орындап, би биледі. Мемлекеттік рәміздер туралы слайд көрсетілді. Кітапханаларда «Мемлекеттіліктің рәміздері» атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.

КӨКПЕКТІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ

Ж.Шайжүнісов атындағы мектепте 5-8 сыныптардың қатысуымен 4 маусым күні Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздер күніне арналған акция өтті. Шараның негізі мақсаты

Толығырақ...

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев бес институттық реформаны жүзе-ге асырудың жолын тағы бір айқындап берді. Елбасының сөзімен айтсақ: «100 нақты қадам- бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және ұлттың дамыған отыз мемлекеттің қатарына кіру жоспары», - болып табылады. Үшінші тарауда елдің индустриялануы мен экономикалық өсіміне айқын басымдық көрсетілген. Оның ішінде 35,36-қадамдар ауылшаруашылығына, нақты айт-қанда, жер мәселесіне арналған. «Ауылшаруашылығы жерлерін тиімді пайдаланудың мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу. Жер Кодексі және басқа да заң актілеріне өзгеріс енгізу қажет», - делінген 35-қадамда. Егер, жерді тиімді пайдаланбаса оны мемлекеттік қорға алуды 36-қадамда атап айтады. Алайда біз, шаруа адамы үшін осы қадамда айтылғандай, «жер телімдерін мақсатты пайдалану түрін өзгертуге рұқсат алу ресімдерін жеңілдету», - дегенге ден қойып отырмыз. Өйткені, қазіргі кезде егер бір жер ала қалсақ, көктемгі егіске дейін ол жерлерді ресімдеп үлермей қаламыз. Оның көбі қағазбастылықтан туындап жатады. Содан барып, жеңілдікпен жағармай, субсидия алу құжаттарын кешеуілдетіп жасау туындайды. Мұның барлығы бір арнаға түсіп, диқан бір ғана құжатпен жүріп, егінін уақытында салып, оны жинап үлгеруіне мүмкіндік туар еді. Міне, Елбасының көздеп отырғаны да осы деп түсінемін.

 Жерді тиімді пайдалануда біздің шаруашылықтың атқарып отырған жұмыстары жаман емес. Қазір дәнді және майлы дақылдармен қатар техникалық дақылдарды өсіруге бет бұрдық. Ең бастысы – ауыспалы егістік жүйесін қатаң сақтау болып табылады.  Мал азығындық екпе шөптерді егу де осы жүйеге енеді.Агротехникалық шараларды қатаң сақтау жердің тозбай, құнарын жоғалтпауына мүмкіндік береді. Осы тұрғыда жұмыстарға қатаң бақылау болса деймін.

Есенбек Мәмбетов,

«Мәмбет» шаруа қожалығының басшысы

Аудандық газеттің әр жыл-дардағы сандарын ақтара отырып, «Жұлдызда»               жиырма төрт жылдан астам уақыт еңбек еткен Әңкебаев Мұхамедсадық Мәсәлімұлының қайталанбас қол-таңбасын анық аңғаруға болады. Қарапайым трактор жүргізушісінен газет майталманы аралығындағы ұзақ та соқпақты жолды өткерген қаламгердің ғұмыры бір шығармаға өзек. Қарымды қаламгердің құндылығы қыздары Айнұр мен Гүлназдың қолында. Әке мұрасы артындағы ұрпағына рухани азық, аласармас абырой.

 Мұхамедсадық Әңкебаевтың балалық шағы соғыстан соңғы кезеңдегі ауыртпашылық, қайта тұрғызу дәуіріне тұспа-тұс. Тассайда қанаты қатайған еңбеккер жас темір тракторды сом білегімен бағындырған шебер еді. Бес ағайынның ішіндегі екіншісі Мұхамедсадық талдырмаш жас күнінен еңбекке тығыз араласты. Әкесі Мәсәлім мінезі жайлы, жұмсақ адам болғанымен жұмыста ұқыпты, тиянақты. Зейнеткерлік жасқа дейін мал дәрігері болып қызмет етті. Мәскеу түбінде Отан алдындағы борышын өтеп қайтқан  көкпектілік екі жас Мұхамедсадық Әңкебаев пен Алтынғазы Оразалиев барлық өмірін туған жерінде тынымсыз еңбек етуге арнады.

Ішінде туа біткен дарыны бар шығармашыл жан қажырлы еңбекпен қатар қаламын қолынан тастаған емес. Аудандық газет бетінде өміршең шығармалары жиі жарық көріп отырды. Тума талантты жазбай танитын газет редакторы Тұрсын Жұртбаев жұмыссыз қалған қабілетті жанды бірден қызметке тартты. Бас редактордың ішкі түйсігі оны алдамаған екен. Мұхамедсадық аудандық газет тарихында өзіндік жазу әдісімен, ерекше бір тартымымен, қайталанбас қолтаңбасымен өшпес із қалдырды. Ауыл шаруашылығы саласына қалам тартуда оған тең келер тілшіні табу қиын еді. Жілігін шағып, майын ішкен саланың түйінді мәселелері мен түйткілді қырын ашуда өзіне ғана тән ерекшелік танытты. Мұхамедсадық Әңкебаев журналистика саласында жүріп өмірлік жарын кездестірді. Типографияның әріп терушісі болған Қатипа Қалиоллақызы екеуі үш қыз, екі ұл тәрбиелеп өсірді.

Өмірден ерте озған озық маман, өз ісінің тісқақты шебері Мұхамедсадық Әңкебаевтың есімін елі қадірлейді, ұрпағы мадақтайды. Көкірегі ашық, көңілі көл әкенің тәлімді тәрбиесін көрген ұрпағы да әулеттің абыройын адал еңбек, көркем мінезімен асыруда. Қайталанбас қолтаңбасы бар қаламгердің мол мұрасы, қазынасы әлі талай ғасыр өскелең ұрпаққа өнеге болып қала бермек.

 

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз