Самар ауылдық округінде мыңнан аса зейнеткер тұрады. Олардың үшеуі Ұлы Отан соғысының ардагері, 179 адам тыл ардагері, 8 - ауғандық жауынгер, Чернобыль апатын жоюға қатысушы 5 адам.
2015 жылы ауылдық округ ардагерлер ке-ңесі жыл бойғы жоспар негізінде жұмаыс ат-қарып, биылғы мерейтойлы жылдағы барлық шараларда белсенділік танытты. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70, Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20, Қазақ хандығының 550, Конституцияның 20 жылдығы аясында ұйымдастырылған шараларға белсене қатысты.
Самарқан Жотабаев - Самар ауылындағы «Қалисатарұлы» шаруа қожалығының басшысы. Ол туған ауылының сырт келбетіне, туындаған мәселелеріне немқұрайлы қа-райтындар қатарынан емес. Ауылдағы талай игілікті шара-лардың басында Самарқан Қалисатарұлы тұрғаны баршаға аян.
Міне, осындай азамат тағы бір бастаманы қолға алып, өз қаражатымен Самар ауылының орталық көшесі – Самардың 100 жылдығы (бұрынғы Совет көшесі) атындағы көшенің жолына жөндеу жұмысын жүргізді. Бұл жұмысқа шаруашылықтың 1 миллион теңгеден астам қаржысы жұмсалды. «Ауыл көшелері жылдан-жылға тозып барады. Қазір ауыл ішінде жүретін автокөлік көп.
Толығырақ...Самар ауылындағы №1 Самар орта мектебіне биыл жөндеу жұмысы жүргізіліп жатқаны белгілі. Ол туралы аудандық баспасөз бетінде мақала жарық көрген. Құрылысшылар қазіргі күні жұмыс қарқынын үдете түскен. Жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын қалды.
Өткен аптаның соңында аудандық мәслихат-тың депутаттары, «Нұр Отан» партиясының мүшелері С.Жотабаев, Е.Сихварт, Г.Шаймардано-ва құрылыс алаңында болып, жұмыс барысымен танысты. Мердігерлік компания «Ашим-С» ЖШС басшысы Т.Сағатов,
Толығырақ...Тәуелсіздік жылдары Қазақстандықтар үшін спорттың түр-түрі дамып, кең етек жаюымен ерекшеленді. Бүкіл еліміз бойынша спорт алаңдары, үлкен-үлкен стадиондар салынып халықтың спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалуда. Жазғы спорттық ойындардың әр түрінен аудан көлемінде өтетін жарыстарға Үлкенбөкен ауылының спортшылары қызу дайындық үстінде. Жақында волейболдан ерлер мен қыздар арасында өткен іріктеу кездесуі өтті. Оған Шұғылбай, Теректі, Үлкенбөкен, Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округтерінің командалары қатысып бақ сынасты. Жарыс нәтижесінде Үлкенбөкен ауылдық округінің командасы жүлделі 1 орынға ие болды. Қазіргі кезде футболдан тамыз айында өтетін зоналық ойындарға дайындық жалғасуда. Сонымен қатар, жеңіл атлетика, гір көтеру, тоғыз құмалақ, теннистен жаттықтыру ойындары өткізіліп жатыр. Үлкенбөкен ауылдық округінің намысын қорғап жүрген спортшыларға сәттілік тілейміз.
К.Баймолдина, Үлкенбөкен ауылы
Бұқтырма су қоймасының жағалауында орналасқан менің ауылым – Сарыбел деп аталады. Осыдан біраз жылдар бұрын өзінің тарихи атауын алған бұл ауыл Новотимофеевка деген атпен белгілі болатын. Табиғаты тылсымның тамырын бүккен ауылға, арғы жағадан көрінген Алтай тауының сілемі иіліп сәлем беріп тұрғандай.
Ауылдан шығатын күре жол атақты «Шығыс шеңберіне» («Восточное кольцо») келіп қосы-лады. Жолдың қиылысынан кө-лігіңізді оңға бұрсаңыз, Васильев өткелінен өтіп, тау ішімен жалғасатын күре жолмен әсем қарағайлы-қайыңды тамылжыған табиғаттың көркемдігіне тамсана Үлкен Нарын ауылына жетесіз, одан әрі Зырян қаласына келіп тоқтайсыз. Шағын қаладан облыс орталығы Өскеменге жететін жол бар.
Ал ауылдан шыққаннан соң солға бұрылсаңыз, Самар, Көкпектіден өтіп, Байбура асуы арқылы Қалбатаудан Өскеменге шығасыз. Міне осылайша шеңбер жасап, бір ғасырлық тарихы бар «Шығыс шеңберін» түйіндейсіз. Бұл тас жолдың облыс орталығымен екі жағынан да қосатын осындай ерекшелігі бар. Бұл жолды салуға қаншама күш, техника жұмылдырылған. Осы жолмен күндіз-түні жүріп жатқан жолаушыларға менің тілегім: «Жолың болсын, жолаушы!», - болмақ.
Ж.Тәкібаев, зейнеткер,
Сарыбел ауылы
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.