Ана – қасиетті ұғым. Адам бойындағы ізгілік атаулы ананың ақ сүтімен дариды. Бүгінгі шыққан биігіміз бен баянды бақытымыз да ананың ақ тілегінде жатыр. Аналар мерекесі жыл құсындай біздерге көктем мерекесімен қайтып оралды.
Адамзаттың ардақтысы, тіршіліктің тұтқасы әйелдер күніне арнап Жастар ресурстық орталығының бастамасымен 6 наурыз күні "Талап" бизнес-орталығының жанында акция өтті. Орталық мамандары мен ауыл белсенділері бизнес-орталықтың келушілеріне шын жүректен алғыс хаттар мен қызғалдақтар тарту етті. Шәмші Қалдаяқовтың "Ана туралы жыр" деп аталатын ғасыр өтсе де ескірмейтін осы бір әуеннің сүйемелдеуінде өткен жанға жылулық сыйлар іс-шарада нәзік жандыларға барлығына 100 қызғалдақ сыйланды.
Бұл мереке иелеріне деген ерекше тосын сый болды. Алғыс сөздер мен әзіл-қалжың араласып, акция сәтті өтті. Іс-шараның демеушілері жас кәсіпкерлер Арсен Метхатұлы мен Думан Төкенұлы.
Ағымдағы жылдың 2-3 наурыз күндері аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов Көкпекті және Самар ауылдарында кезекті қабылдауын өткізді. Қабылдауда аудан тұрғындары өз өтініштерімен келіп тиісті жауаптарын алды.
2 наурыз күні Көкпекті ауылында өткен қабылдауға барлығы 4 адам жазылып, 2 адам қабылдауға кірді. Алғашқы болып, Қ.Аухадиев ауылдық округінен келген Ғалия Хайбулина немерсіне ота жасау үшін материалдық көмек сұрап келіпті. Көз жасына ерік берген азаматшаның өтінішіне аудан басшысы Заң аясында қарастырылатынын айтып өтті. Ал үлкенбөкендік Г.Кожаеваның өтініші атаулы әлеуметтік көмек алу төңірегінде болды. Ол құжаттарын рәсімдеу кезінде кеткен қателіктердің кесірінен осы уақытқа дейін тиісті жәрдемақыны ала алмай келеді. Бұл мәселені дер кезінде шешу үшін бөлім басшысы Нұрбек Сүлейменовке бірқатар тапсырма берілді.
Толығырақ...Көптеген кәсіптің арасынан бүгін біздің әңгімемізге арқау еткелі отырған ерекше құрметке ие құрылысшы мамандығы. Олар қыстың қақаған сары аязы мен шіліңгір шілденің аптап ыстығын да, сары ала күздің сылбыр жауыны мен даланың жазғытұрым соғатын дауылды желін де елеместен, бар ынтасымен жұмысын сапалы жасауға ұмтылады. Осындай іскерлігімен, ер мінезділігімен ерекшеленетін жандардың бірі Көкпекті ауданының жол жөндеу құрылысына белсене араласып, осы салада жемісті еңбек етіп жүрген «ДЭУ - 29», «Қазавтожол» РММ басшысы Гүлрайхан Закариянқызы Мұхамадиева. Ол «темір тұлпар үстінде» азаматтармен қатар ел тізгінін ұстап жүр. Жүрегі жылулыққа толы абзал ана, немерелерінің сүйікті апасы Гүлрайхан Закариянқызының ауданымыздың өркендеуіне қосқан үлесі жайлы сөз етпекпіз.
Жалпақ жұртқа сыйлы Гүлрайхан апай өз еңбек жолын қатардағы қарапайым жұмысшыдан бастап, жол маманы, мекеме басшысы болып, жауапты қызметтерді абыроймен атқаруда. Гүлрайхан Закариянқызы «Әкеге тартып туса игі, әке жолын қуса игі» дегендей, әкесі Закария ақсақал баласының адал, еңбекқор болып өсуін қадағалап, соған сай тәрбиеледі.
Ел мен жерге еңбек сіңіріп келе жатқан үлкен әулеттің бүгінгі өкілі Гүлрайхан апай әке өсиетін мінсіз орындап, аманатын адал атқара білді. Жастайынан турашыл, ісіне мығым ол әке атына кір келтірмеді. Кішкентайынан 5 ағаның соңынан ерген, қайсар мінезі мен алған бетінен қайтпайтын қызынан әкесі үлкен үміт күтетін.
Қызығынан гөрі қиындығы басым құрылысшы мамандығының қыр-сырын меңгере отырып, кәсібіне төселіп, біраз жылдар жол құрылысы шебері, прораб, жол жұмыстары қоры бойынша инженер міндеттерін атқарды. Ал 2011 жылдан бастап «ДЭУ - 29» «Қазавтожол» РММ басшысы дәрежесіне дейін көтерілді.
Самар ауылдық округінде өткен қоғамдық кеңестің кезекті отырысында шұғыл шешімді талап ететін өзекті мәселелер қаралды. Жергілікті қоғамдастық жұмысына аудан әкімі А.С.Смаилов, оның орынбасары М.Қ.Теміржанов, округ әкімі А.Ф.Кудербаев, қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ шақырылған жауапты тұлғалар қатысты.
Күн тәртібіне бірінші болып «Көкпекті ауданының № 2 аудандық ауруханасы» жанындағы мәйітхана ғимаратын пайдалану туралы мәселе шығарылды. Мекеменің бас дәрігері Е.Ф.Зиядановтың айтуынша, күн жылына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, мәйітханаға 4 млн.теңгеден астам сомаға Тоңазытқыш қондырғысын орнату қажет екенін айтты.
Аудан әкімі өзінің орынбасары М.Қ.Теміржановқа осы мәселе бойынша тексеру актісін жасау, жазғы уақытта мәйітхананы толық сәйкестікке қалпына келтіру туралы хаттамалық тапсырма берді.
22 ақпан күні аудан орталығында ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесі жұмысын жандандырды. Биылғы жылдың кезекті жәрмеңкесі жұпыны өтті. 2-3 ауылдық округтен басқалары төбе көрсетпеді. Есесіне халық көптен күткен жәрмеңке жұмысын көруге аудан әкімі Асхат Смаилов өзі келді. Аудан басшысы жәрмеңкеде көзбояушылық болмауын, өнім бағасы мен сапасы халыққа тиімді әрі қолжетімді болуы керектігін қатаң ескертті.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы бөлімінің ақпараты бойынша бұл күні тек Көкпекті, Тассай, Теректі, Үлкенбөкен, Қ.Аухадиев атындағы, Биғаш ауылдық округтері өз өнімдерін саудалады. Атап айтсақ, Теректі: сиыр еті - 100 кг, сүт – 30 литр, май -10 кг, жұмыртқа - 300 кг, қаз еті -10 дана, үйрек еті – 5 дана, құрт – 10 кг, ірімшік - 10 кг, қатық – 10 кг, тауық еті- 5 дана.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.