17 қазан күні Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің ғимаратында жергілікті өзін-өзі басқару мәселелерін шешу бойынша облыстық семинар өтті. Іс-шараны ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мен Көкпекті ауданының әкімдігі ұйымдастырды. Қатысушыларға аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Майкенов кіріспе сөз сөйледі.
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Динара Жұманова МӘМ-нің дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Заңының іске асырылу барысы туралы баяндады.
Талқылаудың тағы бір маңызды тақырыбы бюджеттің IV деңгейін енгізуді ескере отырып, Қазынашылық жүйесіндегі жұмыс пен проблемалар болды. Бұл туралы ШҚО бойынша Қазынашылық департаментінің мемлекеттік бюджетті атқару басқармасының басшысы Айжан Мажирова баяндады. Бюджеттің IV деңгейін енгізу жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржылық және экономикалық дербестігін кеңейтуге, тиісті бюджеттердің жобаларын талқылауға тұрғындарды тартуға, жергілікті проблемаларды шешу процесіне белсенді қатысуға бағытталған.
Халықаралық қарттар күні - бұл бүкіл адамзат үшін өте маңызды мереке. Бұл құрмет пен сыйласым мерекесі, ол аға ұрпақты Отан игілігі жолындағы еңбегі үшін, өскелең ұрпақты дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтуға мүмкіндік береді.
"Біздің үйіміз" - "Самар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орта-лығының" қамқорлығындағы қарияларымыз орталықты осылай атайды. Шынында да осы мекеменің табалдырығын аттай отырып, қаңыраған қабырғаларды емес, мекеме қызметкерлерінің қолымен жасалған жылы үй жайлылығын сезінесің.
Аталмыш мекемеден 150-ге жуық адам өзіне баспана тапты. Олар бүгінде бақытты өмір сүріп жатыр. Қажетті әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық және оңалту көмегін үнемі алып отырады. Бауыржан Қалымжанұлы Дюсюпов басшылық ететін әлеуметтік мекеме ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуді бағытқа ала отырып, бұл жолы да естен кетпес мерекелік кеш сыйлады. Сонымен қатар, қарияларымыздың ауру-сырқаудан аман әрі ұзақ өмір сүруі үшін қызмет ететін орталық әр тұрғынға жаңа тыныс, жаңа дем сыйлап, өмірдің жаңа бетін ашатын орын.
Қарттар күні - бұл мекемеде жыл сайын тойланатын ең басты мейрамдардың бірі. Міне, 15 қазан күні № 2 корпустың акт залында көптеген қонақтар жиналды. Қымбатты әжелер мен аталарды үй қызметкерлері құттықтап, өздері де бір-біріне жылы лебіз айтып бір марқайып қалды. Өткен жылдар туралы жарқын естеліктер төңірегінде сыр шертіп, осынау тебіреністі сәттің ізгілігімен бөлісіп, ән-жырын, келер күнге деген ақ үміттен туған асыл сөздерін айтып жатты.
Мерекеге аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов, оның орынбасары Марат Қапарұлы Теміржанов, округ әкімі Ахмет Күдербаев, БАҚ өкілдері және басқа да ресми тұлғалар келді.
Іс-шараны ұйымдастырушыларға мерекелік жылы және жайлы атмосфера жасалды, себебі бұл мереке - аға буынға ерекше ықылас, мейірім мен махаббат сыйлаудың, сондай-ақ олармен тағылымды тақырыптарда ой бөлісуге таптырмас мүмкіндік беретін күн.
Мерекелік бағдарлама Орталық қызметкерлері мен қызмет алушылардың орындауындағы әсем вальспен ашылды.
Аудан әкімі мейірім мерекесінің кейіпкерлеріне арнап жылы лебізін білдірді:
14 қазан күні аудан әкімі Асхат Смаиловтың төрағалық етуімен аудандық әкімшіліктің мәжіліс залында кеңейтілген аппараттық кеңес өткізілді. Кеңеске ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары, мекеме мен ұйым жетекшілері, салалық қызмет өкілдері және БАҚ қызметкерлері қатысты. Күн тәртібінде аудандық маңыздағы 8 өзекті мәселе қаралды.
Аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин ауыл шаруашылық саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат берді. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша мүлдем жұмыс жүргізілмеген Самар, Миролюбовка, Маринагорка, Сарыбел, Палатцы ауылдық округтері әкімдерінің жұмысы сынға алынды. Бұл тұрғыда аудан әкімі бағдарламаны жүзеге асырудың маңыздылығына баса назар аударды.
– Біздің міндетіміз тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту. Әркімнің күнкөріс көзі болуы керек. Мемлекеттік бағдарлама жоспарын орындауға міндеттіміз. Нәтижеге мақсатталған жұмыс жүргізуді талап етемін, - деді Асхат Сайдахметұлы.
Ветеринария саласының қызметін саралаған жұмыс тобының ақпараты тыңдалды. Ветеринария саласындағы басты мәселе – бруцеллез ауруының белең алуы. Аталмыш қызметінің жұмысы сын көтермейді. Негізгі мәселе ауруға оң нәтиже анықталған мал уақытында жойылмаудан туындап отыр дейді мамандар. Асхат Сайдахметұлы мал басын таза ұстаудың басты шарты кезекті дұрыс ұйымдастыру екендігін қадап айтты. Қараусыз жүрген қаңғыбас мал ауру таратады және мал ұрлығына жол ашады.
Демалыс күнінің кезекті жәрмеңкесі Самар ауылында осы жолы сөрелерде ет өнімдерінің басым болуымен ерекшеленді. Бұл жерде сиыр еті, қой еті, тіпті диеталық таңдаулы өнімдер – көксерке, караси балықтары, сондай-ақ кәсіпкер Кузьминнің балықтары жаңа піскен түрде ұсынылды.
Самар, Мариногорка, Құлынжон,Сарыбел, Бастаушы, Миролюбовка ауылдық округтерінің өкілдері таңертеңнен бастап шатырлар орнатып, өз өнімдерін таратып берді. Ет бағасы бір кг үшін 1500 теңге болды.
Кәсіпкер Мұса Ногуспановтың ет өнімдері әрдайым жәрмеңкеде үлкен сұранысқа ие. Бұл жолы Мұса көптеген тұтынушыларға жас бұзау әкелді. Сондықтан да, самарлықтар мен қонақтар одан жаңа ет сатып алады, - деп атап өттіСамар ауылдық округінің бас маманы О.Рахишева.
Толығырақ...2019 жылдың 1-2 қазанында облыстық ардагерлер кеңесінің бастамасымен «Уба "шипажайы базасында Халықаралық қарттар күніне арналған облыстың ардагерлер активімен іс-шаралар ұйымдастырылды.
Көкпекті ауданынан аталған іс-шараларға үш ардагер – Слямбек Мұқашев, Әсия Қалиева және Бинұр Шадиева қатысты. Қазан айының бірінші күні «Асыл әжелер»облыстық қорытынды байқауы өтті. Оған облыстың барлық қалалары мен аудандарынан аймақтық байқаулардың жеңімпаздары қатысты. Байқау 5 кезеңнен тұрды: «қатысушылардың презентациясы», «интеллектуалды сайыс», «өмір бойынша әнмен», «ұлттық тағамдардың көрмесі» және «Шебер қолдар».
Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтқазы Сейітұлы Шерубаев бастаған білікті қазылар алқасы байқаудың қорытындысын шығарды. «Бұлбұл үнді әнші әже», «Парасатты әже», «Шебер әже», «Білгір әже», «Биші әже», «Ақ жаулықты дана әже» аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталды.
«Бұлбұл үнді әнші әже» аталымының иегері Әсия Ғайноллақызы Қалиева болды. Ол Бастаушы ауылдық округінде тұрады, «Асыл мұра» әжелер клубының белсенді мүшесі, «Бүкілдүниежүзілік халық творчествосы» фестивалінің лауреаты, «Еңбек ардагері» атағының иегері. Облыстық «Асыл әжелер» байқауының барлық жүлдегерлері дипломдар мен ақшалай сыйлықтарға ие болды.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.