Ана – қасиетті ұғым. Адам бойындағы ізгілік атаулы ананың ақ сүтімен дариды. Бүгінгі шыққан биігіміз бен баянды бақытымыз да ананың ақ тілегінде жатыр. Аналар мерекесі жыл құсындай біздерге көктем мерекесімен қайтып оралды.
Адамзаттың ардақтысы, тіршіліктің тұтқасы әйелдер күніне арнап Жастар ресурстық орталығының бастамасымен 6 наурыз күні "Талап" бизнес-орталығының жанында акция өтті. Орталық мамандары мен ауыл белсенділері бизнес-орталықтың келушілеріне шын жүректен алғыс хаттар мен қызғалдақтар тарту етті. Шәмші Қалдаяқовтың "Ана туралы жыр" деп аталатын ғасыр өтсе де ескірмейтін осы бір әуеннің сүйемелдеуінде өткен жанға жылулық сыйлар іс-шарада нәзік жандыларға барлығына 100 қызғалдақ сыйланды.
Бұл мереке иелеріне деген ерекше тосын сый болды. Алғыс сөздер мен әзіл-қалжың араласып, акция сәтті өтті. Іс-шараның демеушілері жас кәсіпкерлер Арсен Метхатұлы мен Думан Төкенұлы.
Құшақты гүлге толтырып, көңілді шуақты нұрға бөлеген бұл акция асыл аналарға рухани ләззат сыйлады десек артық емес.
Әйел-аналар тек отбасының ардақтысы ғана емес, қоғамның барлық саласын бағындыра білген істің иесі, еңбегімен өзгеге үлгі, өмірге ұрпақ әкеліп, оның бойына тек жақсылықтың, ізгіліктің нәрін сіңіріп, тәрбие берген ұлағаттың иесі. Сол себепті ананың аялы алақаны мен мейірімге толы шапағатын құдіретті деп бағалайтын ұлағатты елдің ұрпақтары қандай мақтауға, қошеметке болса да лайық!
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.