Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өткен аптаның басы ауа райының күрт өзгеруімен есте қалды. Қардың арты жауынға ұласып, онан жіпсіген қар аязбен қатып қөктайғақ сірі мұзға айналып елді әуреге салғаны анық.
Қалбатауының екі жақ бағыттағы Үміш пен Байбура асуларындағы жол жабылыпты дегенді тападай тал түсте естідік. Жол үстіндегі көліктер мұз үстінде жүре алмай, тайғанақтап жүре алмаған мүйізді ірі қарадай тайрақтады. Қалбатаудың ауа райы кенет жылынып қасат қар киіздей жұмсарып іріп кетті. Қойнауы қарға толған елімізге әйгілі Байбура мен Үміш асуын да талай көлік жүруден қалып жолда қалды. Көкпекті ауылынан Қалбатауға шығып кеткен 35 мәшине, яғни 112 адам ақтүтек боран кесірінен жолда тоқтауға мәжбүр болған еді. Көмекке Көкпектідегі № 33 өрт сөндіру бөлімі, № 29 жол пайдалану учаскесі, Көкпекті аудандық төтенше жағдай және жұмылдыру жұмыстары бөлімі мамандары камтылды. Жолдың да, жолаушының да Көкпекті ауданындағы «қамқор анасына» айналған Гүлрайхан Мухамадиеваның қасынан табылған Руслан Ахметзакиев пен Куаныш Әңкебаевтар да құтқару жұмысына шұғыл араласты. Жолда қалған жолаушылар Көкпекті ауылындағы Ж.Шайжүнісов атындағы және Көкпекті орта мектептеріне, туыстарына және қонақүйлерге орналастырылыпты.


Ауданымыздың Самар ауылы аумағында қатты қарлы боран соғып, жолдар көктайғақтанып, Үміш асуында жолдарды қар басып қалуы салдарынан Самар – Өскемен тасжолының 112 шақырымында 22 көлікте 70 адам жолда қалған. Шығыс Қазақстан облыстық «Шығыс жол» мекемесінің ЖПУ №6 мекемесінің 4 техникасы мен №51 өрт сөндіріу тұрағының 1 ЗиЛ автокөлігіндегі «КУНГ», облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бір жол таңдамайтын ТРЭКОЛ машинасының көмегімен қар құрсауынан 25 мәшіннен, 90 адам құтқарылып, Самар ауылындағы спорт залдарына орналастырылды. Самар-Өскемен тас жолындағы көлік қатынасы келесікүні сағат 09-30-да қалпына келтірілді.Сонымен қатар ауданымыздың күре жолдан тыс 10 шақырымда жатқан Маринагорка-Жұмба бағытындағы жолда қасат кармен кептеліп қалды. Жұмба ауылынан науқас әйел адамды Көкпектідегі аураханаға жеткізу үшін №33 Өрт сөндіру бөлімінің 21А тягачы көмеккке келді. Жұмба ауылынан Маринагоркаға жеткізілген науқасты ауылдық округ әкімі Қайдар Сұрашев аурухана жеткізілуін жедел ұйымдастырды.
Қалбаның ақ түтек боран мен айнадай жылтыраған мұзының бұғауы келесі күні таңғы сағат 05-00 босатылды. Бұл уақытқа дейін жолшылар мен төтенше жағдайлар бөлімі мамандары қас қақпай жол қауыпсіздігін реттеп тұрды.
Ақ боранның бұғауы, көктайғақтың шырмауы Қалба тауында жатқан Көкпекті жолдарында осылай шешімін тапты. Мұзы сере боп қатқан, жанабын сірі қар жапқан Байбура мен Үміш асуларында ақпанның желі бір толас тапқандай. Әлі де алда қыс бар деп дегендей Толағай шоқысына қардың бұлты үйіріле қалыпты.
PS. Қатты аяз, қарлы боран, көктайғаққа қарамай, төтенше жағдайлар басқармасы жіберетін хабарламаларға құлақ асып, ден қоймай кететін жолаушылыр полиция қызметкерлерімен жағаласып келеңсіздік жағдайлар тудырып жатады. Құрметті азаматтар! Жолда жүру кезінде форс-мажор жағдайлар туындаған да жол қауіпсіздігін сақтаумен айналысатын қызметтер мен мекемелер мамандары осы шиеленісті шұғыл шешумен айналысады. Олардың бар мақсаты Сіздердің жолдағы қауіпсіздіктеріңізді жүзеге асыру. Сондықтан олардың қызметіне кедергі туғызбауға тырысайық.

Қайрат Бесбайыс
Канат АПСАДЫКОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз