Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Самар ауылдық округінде өткен қоғамдық кеңестің кезекті отырысында шұғыл шешімді талап ететін өзекті мәселелер қаралды. Жергілікті қоғамдастық жұмысына аудан әкімі А.С.Смаилов, оның орынбасары М.Қ.Теміржанов, округ әкімі А.Ф.Кудербаев, қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ шақырылған жауапты тұлғалар қатысты.

Күн тәртібіне бірінші болып «Көкпекті ауданының № 2 аудандық ауруханасы» жанындағы мәйітхана ғимаратын пайдалану туралы мәселе шығарылды. Мекеменің бас дәрігері Е.Ф.Зиядановтың айтуынша, күн жылына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, мәйітханаға 4 млн.теңгеден астам сомаға Тоңазытқыш қондырғысын орнату қажет екенін айтты.
Аудан әкімі өзінің орынбасары М.Қ.Теміржановқа осы мәселе бойынша тексеру актісін жасау, жазғы уақытта мәйітхананы толық сәйкестікке қалпына келтіру туралы хаттамалық тапсырма берді.


Одан әрі Самар ауылындағы құрылысы ұзаққа созылған су құбыры желілерін жөндеген мердігерлерімен әңгіме жүргізілді. Қоғамдық кеңестің алдында жауапты «НКО» ЖШС басшысы А.Абдулдин және оның көмекшілері, Көкпекті ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Т.Бақытбекұлынан алды.
Кездесу барысында Қоғамдық кеңес мүшелері мердігерге бірқатар наразылықтарын білдіріп, су құбыры желілерін орнату бойынша жүргізілген жұмыстардың сапасына көңілі толмады. Аудандағы ең үлкен елді мекеннің өмір сүруіне қатысты осындай маңызды жұмысқа сауатсыз, жүйесіз көзқараспен қарағандары жақсы нәтижелерге әкелмегендігін баса айтты. Үшінші жыл қатарына жүріп жатқан бұл құрылыстың қашан аяқталатыны белгісіз.
Қоғамдық кеңес мердігерден ағымдағы және кейінгі жылдарға арналған жұмыс өн-дірісінің кестесін сұрамағанша, ұзақ мерзімде аяқталмайды.
- Мұнда күрделі ештеңе жоқ, біз сіздің жұмысыңыздың барысын бақылай алу үшін тек арифметика қажет - қанша адам, техника жұмылдырылады, жұмыстың алғашқы үш айында қаражаттың қандай сомасы босатылады? - деп атап өтті аудан әкімі.
А.Абдулдиннің айтуынша, желілерді қайта құруға барлық техника дайындалды. 2020 жылы олар Самар ауылындағы 9 көшенің су құбыры желілерін қайта жаңартуға 800 млн.теңге, 2021 жылы - 1 млрд. 100 мың теңге жұмсамақ. Өткен жылы жұмыс көлемінің орындалмауы салдарынан 518 млн.теңге қайтарылды. Одан кейін мердігерлер Самар ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңарту нысаны бойынша 2020-2021 жылдарға арналған жұмыс өндірісінің кестесін көпшілік назарына ұсынды. Мұнда жұмыстарды қай көшеден және қандай қаражат көлемінде бастау керектігі қаралды.
Жалпы пікір алмасу нәтижесінде, бұл айтылған мәселелер "жабулы қазан" күйінде қалмау үшін, Самарға 100 жыл, Астана, Болғанбаев сияқты орталық көшелерде басталған жұмыстарды аяқтау шешілді. Әуежай ауданы келесі жылға қалдырылсын. Үш ай ішінде, яғни сәуір, мамыр, маусымда мердігер 450 млн. теңге меңгеріліп, ай сайын жұмсалды 145 млн. теңге жұмсалады. Бұдан әрі жұмыс аяқталғанша аудан әкімі А.Смаилов өз жауапкершілігімен 580 млн.теңге сомасында қосымша қаражат бөлуге қол жеткізетін болады. Құрылыс бөліміне бір апта уақыт ішінде жаңа жұмыс кестесін қайта жасау, қаражаттың игерілуіне бақылау жасау тапсырмасы берілді.
Бұдан әрі Қоғамдық кеңестің тыңдауына жеке кәсіпкер О.С.Сеңгербаевтың МЖӘ (мемлекеттік-жеке меншік әріптестік) негізінде құрылысын бас-тап және кенеттен жабылған шағын орталықтың мәселесі тыңдалды. Кәсіпкердің айтуынша, шағын орталық басынан бастап аудандық білім бөліміне қажет болмады. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің келісуімен барлық қажетті құжаттары дер кезінде рәсімделініпті. Тек балабақша ауласында тұрған үйшіктер мен ойын алаңдарынан басқа. Сол себепті, бұл балабақшаны ашуға рұқсат берілмеген. Бұл мәселе бойынша толық түсінктемені, яғни құжаттарды тіркеу, шағын орталыққа балаларды қабылдау туралы ақпаратты білім бөлімінің әдіскері Г.Назарханова баяндап берді.
Қоғамдық кеңес мүшелері аудан әкімінен жауапты тұлғалардың іс-әрекеттеріне түбегейлі баға берін және кінәлілерді жазалауды сұрады. Сөз сөйлеушілердің барлық дәлелдерін тыңдап, А.С.Смаилов өзінің орынбасары М. Теміржановқа, Ш.Мұстафиноваға, Г.Назархановаға 15 наурызға дейінгі мерзімде кемшіліктерді жоюды, кадр мәселесімен айналысуды тапсырды.

Қанат Апсадықова

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз