Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Соғыс біздің планетамызда ерте заманнан бері тоқтаусыз жүріп жатты. Ал соғыс жолы үрейге толы. Бұған дейінгі кез келген соғыстай Ауған соғысы да тарих қатпарына енді. Ешкімге де ешқашан жарияланбаған, ерлік дас-таны мен халық қайғысын арқалаған Ауған соғысы Ұлы Отан соғысына қарағанда 2 есе ұзақ уақытқа созылды.
Жат өлкедегі қатыгез соғыс біздің халқымызға орны толмас қайғы-қасірет мен мұң-зар әкелді. Бірақ Ауғаныстанда кеңес жауынгерлері батылдық, төзімділік, мейірбандық көрсете білді. Сол соғыс батырларының есімдері еліміздің жылнамасынан мәңгілікке өшпестей орын алды.
Ауған соғысының аяқталғанына да 31 жыл болыпты. Өз отбасына оралған сарбаздар мен офицерлердің жарасы да жазылып, елінің даңқты ұлдарына айналды. Бірақ сол соғыс туралы естеліктер әлі жадымызда. Бұл соғыс оқиғаларын жылдар да, қашықтықтар да, адам жады да өшіріп тастауға қауқарсыз. Ерлік аңыздары ешқашан ескірмейді, себебі Ауған жерінде соғысқандар мен олардың қанды естеліктері жадымызда. Қаза болғандар туралы қасиетті естеліктерді жолдастары, отбасылары мен жақындары мәңгі есінде сақтайды.
2020 жылдың 14 ақпанында Самар ауылының Ауған соғысы құрбандары саябағында Кеңес әскерлерінің Ауғаныстаннан шығарылғанына 31 жыл толуына орай қаза тапқан жауынгерлерге арналған гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Кездесуге осы бір отты аймақта өткен дабыл мен қатерге толы жылдарды артта қалдырып, Ауғаныстан жеріндегі жауынгерлік борышын өтеп елге оралған Көкпекті және Самар ауылдарының соғыс ардагерлері, қоғамдық мекемелер мен ұйымдардың өкілдері, колледж студенттері, мектеп оқушылары шақырылды.


Патриоттық іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Дәурен Бақытжанұлы Қойгелдин сөз сөйледі:
- Бұл күні бүкіл ел бойынша кеңес әскерлерін шығаруға арналған іс-шара-лар өтуде. Әр заманның өз батыры бар. Бірақ барлық уақытта адамның азаматтық, патриоттық, интернационалистік ең жақсы қасиеттеріне айналған адамгершілік ұғымы ең биік тұғырда тұрды. Біз ауған соғысынан оралмаған батырларымызды мәңгі есімізде сақтаймыз. Көкпектілік бес азамат қаза тапса, олардың екеуі Самар өңірінің тумасы, бұл - аталмыш соғыстың қайғылы статистикасы. Осы салтанатты күні біз жерлес батырларымызды еске алып, олардың ерліктері алдында бас иеміз. Олар Александр Асламов, Қанат Букетов, Марат Бейсембаев, Нұрсұлтан Разаков, Латиф Фахрутдинов. Біздің бүгінгі бейбіт уақыттағы ауған жауынгерлері де еліміздің, туған өлкесінің игілігі үшін еңбек етуде және Отанға шексіз қызмет етудің жарқын үлгісін көрсетуде, - деп атап өтті Дәурен Бақытжанұлы. Сондай-ақ, құттықтауларға Самар ауылдық округінің әкімі Ахмет Фазылұлы Күдербаев қосылды. Құрбандарға мәңгілік тағзым! Ұл-қыздары со-ғыстан оралмаған аналарға шыдам мен төзім! Қорқын-ышты сынақтарды бастан өткеріп, аман оралған жауынгерлерге мәңгілік алғыс!
Ахмет Фазылұлы жыл сайын Ауған соғысында қаза болған жауынгерлерді еске алуға арналған салтанатты іс-шарада жас ұрпақтың өкілдері - мектеп оқушылары, колледж студенттері өте аз екендігін өкінішпен атап өтті. - Бұл мекеме басшыларының жауапсыздығын білдіреді. Бұл сіздерге, жастарға қажет, сіздер еліміздің болашағы. Батырлар ерлігі мен есімін сіздер мәңгі есте сақтауларыңыз керек! - деп түйіндеді округ әкімі.
Жауынгер-интернационалистер атынан Ақылбек Исағұлов сөз сөйледі, ол барлығына жақсылық, елімізге бейбітшілік тіледі.
Ауған жауынгерлерінің ерлігіне тағзым ете отырып, Даңқ Мемориалына гүл шоқтары қойылды. Жиналғандар бір минут үнсіздікпен қаза тапқан интернационалист-жауынгерлерді, жарақаттан қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткендерді, өздерінің интернационалдық борышын адал орындаған барлық адамдарды еске алды.
Одан кейін ауған жауынгерлерінің кездесуі И.К.Федосов атындағы мәдениет үйінде ауыл әкімшілігі ұйымдастырған «Көгілдір от» дастарханында жалғасты. Олар үшін мерекелік дастархан жайылды.
Әр түрлі себептермен ауған жауынгерлерінің барлығы дерлік мерекелік кездесуге қатыса алмады, бірақ қатысқандары өз естеліктерімен бөлісіп, барлығына денсаулық, бақыт, бейбіт аспан тіледі. Өз бауырлас-тарына Аян Халиулдин, Ринат Амренов құттықтау сөз сөйледі. Самар ауылдық округі әкімінің аппаратына Ауған жауынгерлеріне құрмет, қамқорлық көрсеткені үшін алғыс білдірді. Ішкі саясат бөлімі басшысының м.а. Азат Рахымбаев азаматтарды мерекелерімен құттықтап, оларға біздің қоғамның ажырамас және қажетті бөлігі болып қала беруін тіледі. Сондай-ақ, жазғы кезеңде аудан орталығындағы бұрынғы стадион ауғандықтар саябағына қайта жабдықталатынын баяндады.
Батырларға арналып Мәдениет үйі әртістерінің, Самар балалар өнер мектебі көркем өнерпаздарының, "Самар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының" қатысуымен мәдени бағдарлама дайындалды. Ауған жауынгерлерінің орындауындағы батырлық әні "Виват, Шурави!" көзге еріксіз жас үйірді.
Соғыс туралы айту қиын, бірақ біз оралмаған азаматтарымыз бен өкініш сезімімен оралған жандар туралы ұмытуға құқығымыз жоқ.. Бірақ ештеңеге қарамастан өмір жалғасуда. Уақыт жараны емдейді, өткенсіз бүгіннің де, болашақтың да болмайтыны анық. Оларды есте сақтағанымыз - біздің өмір сүріп жатқанымыздың айғағы. Осы оқиғалар туралы естелік ескерткіштерде ғана емес, біздің жүрегімізде өмір сүреді.
Біз Сіздерді мақтан тұтамыз, қымбатты ауған жауынгерлері және қанша уақыт өтсе де есте сақтаймыз! Өйткені, бұл - біздің тарихымыз. Өткенсіз болашақ болмайды. Бұл күнгі барлық құттықтаулар сіздерге рух, ерлік, өмірге деген құштарлық сыйласын!

Қанат  АПСАДЫҚОВА 

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз