17 қаңтар күні аудан әкімі Асхат Смаиловтың есептік кездесулері Сарыбел, Палатцы және Миролюбовка ауылдық округтерінің тұрғындарымен жалғасты. Кездесу барысында жыл көлемінде атқарылған жұмыстардың жетістіктері мен алдағы жұмыс жоспарлары, сондай-ақ шешімін табуды талап ететін бірқатар мәселелер талқыланды.
Сарыбел ауылдық округінің әкімі Аслан Жапарқұловтың баяндамасы қысқа да нұсқа болды. Әкім хабарламасында округтің жағдай тұрақты деп көрсетілгенімен, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтардан кейін әлі де өзекті мәселелердің аз емес екендігі байқалды.
Аслан Тілеуұлының ақпараты бойын-ша, өткен жылы әкімдік ауылдарды абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау бойынша жұмыстар жүргізді. Сарыбел ауылына кіре берістегі ұзындығы 3 км жол бөлігі жөнделді. «Алтел» ұялы байланысы орнатылды, «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша оқуға ниет білдірген тұрғындар оқытылды.
Одан кейін халықпен диалог, пікір алмасу уақыты келді. Сонымен, алғашқы болып сөз алған ауыл тұрғыны Жексенбай Тәкібаев өзін мемлекеттік тілге деген немқұрайлылық мазалайтынын жеткізді. Оның айтуынша, ауылдың көрнекті жерлеріндегі қарапайым хабарлан-дырулардың өзі тек орыс тілінде беріледі, бірінші кезекте мемлекеттік тілде болуы тиіс екенін айтпағанда. Ол бұл өтінішін ауыл әкіміне де, округ мамандарына да айтқанымен, еш нәтиже болмаған. Ақсақалды мұқият тыңдаған Асхат Сайдахметұлы бұл мәселе тек осы округ үшін қана емес, мемлекетіміз үшін өзекті болып отырғанын атап өтті. – Біздің ұлт – басқа ұлттарды, олардың тілін, ұлттық ерекшелігін сыйлайтын, бейбітшілікті сүйетін ұлт екені баршамызға аян. Басқа ұлттардың тілін білуіміз - бұл біздің ұлтымыздың артықшылығы, - деді аудан әкімі.
20 қаңтарда И.К.Федосов атындағы Самар мәдениет үйінде аудан әкімі А.С. Смаиловтың Самар ауылдық округінің тұрғындарымен, мекемелердің, ұйымдардың, шаруа қожалықтарының, еңбек ұжымдарымен, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен кезекті есептік кездесуі өтті.
Көрермендер залы әрқашан халыққа толы болды. Самар халқы өз туған ауылының тағдырына ешқашан немқұрайлы қарамайды, барлық іс-шараларға белсенді қатысады, оқиға орнында болуға тырысады. Есепті кездесуге Денсаулық сақтау, білім беру, Көлік және жол, коммуналдық қызметтер, аудандық мәслихат депутаттары және т. б. азаматтар қатысты.
Самар ауылдық округінің әкімі А.Ф.Күдербаевтың округтің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндамасы мазмұнды, қысқа, әрі округ дамуының барлық салаларын қамтыған.
Самар ауылдық округі - ауданның ірі аграрлық өңірлерінің бірі және ауыл шаруашылығын, өнеркәсіп кәсіпорындарын дамыту аудандағы барлық әлеуметтік-экономикалық жағдайға елеулі әсер етеді.
Округте 6736 адам тұрады, экономикалық белсенді тұрғындар – 3597 адам, оның ішінде жұмыс істейтіндер – 2701 адам. Округ экономикасының дамуына 52 шаруашылық субъектісі негізгі рөл атқарады, оның ішінде 47 шаруа қожалығы мен ЖШС бар.
- 2018 жылмен салыстырғанда 2019 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 422,4 га ұлғайды, дәнді, майлы дақылдар шығымының нәтижелері қуантады. Шаруа қожалықтарында, ЖШС-де ауыл шаруашылық техникасы жаңартылуда. Олар 261 млн. 933 мың теңгеге 16 бірлік техника сатып алды. Шағын және орта бизнес саласында 185 нысан бар, онда 453 адам еңбек етеді, - деп атап өтті Ахмет Фазылұлы.
Әкімдердің халыққа есеп беру кестесіне сәйкес, Көкпекті ауданының әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов Теректі, Шұғылбай, Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округ тұрғындары алдында өткен жылдың жүзеге асырылған жұмыстары туралы есеп беріп, биылғы жоспарларын ортаға салды. Мұнан кейін аудан әкімі ауданда атқарылған жұмыстарды және алдағы міндеттерді егжей-тегжейлі баяндады.
Толығырақ...Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы 2019 жылғы 25 желтоқсан күні Көкпекті мәдениет үйінде Жаңа жыл мерекесіне арналған іс-шара өткізді. Мерекелік кешке орталық қызметкерлері мен қызмет алушылар және ата-аналар қатысты. Олар Аяз ата мен Ақшарды шақырып, шырша отын жағып, ертегі кейіпкерлерімен бірге әр түрлі ойындар ойнап, Жаңа жылға арналған керемет өлең шумақтарын, ән және билерін ортаға салды. Аяз ата мен Ақшақар, ескі жыл мен жаңа жыл иелерін сомдаған кейіпкерлер мерекелік шырша жанында балаларға шат көңіл, таусылмас қызық сыйлады.
Толығырақ...23 желтоқсан күні аудан әкімі Асхат Сайдахметұлының қатысуымен аудандық мәслихаттың 43 сессиясы болып өтті. Сессияда 3 мәселе қаралды. Мәслихат сессиясында аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы, аудандық бөлімдер және бюджеттік мекемелердің басшылары, ауыл әкімдері қатысты.
Бірінші мәселе бойынша экономика бөлімінің басшысы Азамат Мәкенов 2020-2022 жылдарға арналған Көкпекті ауданының бюджеті туралы баяндап берді. Ал, екінші мәселе бойынша мінбеге шыққан аудандық маслихат хатшысы Талғат Сарманов 2019 жылы депутаттық корпусының атқарған жұмысы туралы есеп берді.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.