Ағымдағы жылдың 15 тамызы күні «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалының мәжіліс залында Көкпекті ауданының прокуроры міндетін атқарушы Айдар Ордабаев аудан тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдады.
Көкпекті ауданының прокуроры міндетін атқарушы қабылдауға келген тұрғындар сауалына қолданыстағы заң аясында жауап берді.
5 тамыз күні аудан әкімі Асхат Смаилов жұмыс сапарымен Үлгілімалшы ауылдық округінде болып, «Тана мешіті» ауылының орнымен танысты. Қазақ халқының біртуар перзенті, тарихи тұлға Тана мырза Тілемісұлының өмір сүрген жері, заманында 500-ден аса отбасы тұрған мекен – аудан тарихы үшін маңызды нысан. Ертіс жағасындағы түбекте жатқан жұрттың орнында бүгінгі күні ескі үйлердің орны мен көше сүрлеулері, белгісіз бейіт басына орнатылған алып құлпытас қана қалған.
Тарихи орынға жасалған жұмыс сапарына елімізге әйгілі суретші, мүсінші Әлібек Шоқанов, аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин, ішкі саясат бөлімінің басшысы Бек Нұғыбаев, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Әлібек Саржанов орталық мешіттің бас имамы Нұр Нәсір Дүйсен қатысты. Ел шежіресі мен жер тарихының білгірі, Үлгілімалшы ауылының байырғы тұрғыны, елжанды азамат Айтқазы Смағұлов жол көрсетіп, «Тана мешіті» ауылының тарихын баяндады.
Толығырақ...Өткен сенбі күні аудан орталығында кезекті ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі болып өтті. Оған Көкпекті, Үлкенбөкен, Теректі, Үлгілімалшы, Тассай, Көкжайық, Биғаш, Шұғылбай және Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округтерінің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты. Жәрмеңкеде жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері қолайлы бағамен ұсынылды. Сапасы жоғары, бағасы қолжетімді, жергілікті өнімдерге сұраныс жоғары болды. Аптаның сенбі күні жаппай жәрмеңкеге ағылған жұрт қажетті азық-түлігін әдеттегі нарық бағасынан 10-15 пайыз арзанға сатып алып жатыр. Сөрелерден ет, сүт өнімдері, жеміс-жидектер, көкөністер, жұмыртқа, балық және халықтың сұранысына ие басқа да тауарлар табылды. Аудандық ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек, жәрмеңкеде 740 келі ірі қара еті, 309 келі қой еті, 100 келі балық, 10 келі бал, көкөніс түрінен 300 келі картоп, 50 келі орамжапырақ, 320 келі қияр, 15 литр өсімдік майы, 52 келі сары май, 4900 дана жұмыртқа сондай-ақ, 25 келі нан өнімдері, 84 келі тұздалған азық қоры және 24 келі тарқан, 51 келі құрт, 26 литр кілегей, 50 келі ірімшік саудаға шығарылды.
Толығырақ...Ауызын аққа кенелткен ақ адал малының амандығын тілеген шаруалар шабындық маусымының бір күнін шашау шығармай жұмысқа мығым кіріскен. Қыстаққа мал азығының мол қорын дайындау - қазір басты міндет. Ала жаздайғы аптап ыстық аз-ақ күнде шегініп, күздің кешкі салқыны мезгіл өзгеретіндігін сездіре бастады. Сонымен, күз де келеді. Бұл енді «балапанды санайтын уақыт». Не шаруа тындырылды? Ауыл тірлігі не болып жатыр? Қыр астындағы қысқа әзірліктің шамасы қандай? Осы сұрақтар төңірегінде әңгімеміз өрбімек.
Шабындық маусымындағы аудандағы шаруалар бүгінде еңбек майданының бел ортасында. Көкпекті аудандық ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің бас аграномы Жанат Көпесовтан білгеніміздей, осы жылы ауданда мал азығын дайындау бүгінгі уақытта шөптен 154 мың тонна, пішендемеден 10 мың тонна, сүрлемнен - 45 мың тонна, сабаннан – 5 мың тонна өнім алуды көздеп отыр. Шөп шабу науқаны басталысымен аудандағы барлық округтер шаруагерлеріне өздеріне тиесілі жерлерін белгілеп, маусым айының ортасынан шабындыққа шалғы түсірді. Көкжайық ауылдық округіне қарасты «Рустам» ШҚ жол түскенде, шөп шабу науқаны жалғасып, еңбек науқанын еңсеріп тастапты. 500 жүзден астам жылқысы, 200 мыңдай ірі қара малы бар, сондай-ақ, егін шаруашылығымен айналысатын «Рустам» шаруа қожалығы қысқа бек дайын. Бұл ауданымыздағы бетке ұстар үлкен шаруашылықтардың бірі.
Қысы-жазы сырттан келетін тауарларын сататын саудагерлердің көкөністерінен гөрі жергілікті бағбандардың өнімдеріне сұраныс көп. Жергілікті жерде өсірілген көкөністердің дəмі де ерекше! Көкөніс өсіруші ағайынды Зүлфиевтерді ауданда танымайтын адам жоқ шығар. Бірнеше жылдан бері бау-бақша шаруашылығымен айналысатын олар аудан жұртшылығын қысқы азықпен қамтамасыз етіп отыр.
25 шілде күні аудандық редакция ұжымы Құлынжон ауылдық округіндегі көкөніс өсіруші ағайынды Зүлфиевтердің шаруашылығына іс-сапармен барды. Биыл шаруашылықтағы 60 гектар жер телімге 50 гектарға жүгері, 4 гектарға орамжапырақ, 2 гектар сәбіз, 1 гектар 20 соттық жерге қияр және 2 гектарға күнбағыс егілген,- дейді бақшашы.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.