Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 2 сәуір күні маслихат депутаты Қанат Бидахметұлы Садықовтың төрағалық етуімен аудандық маслихатының кезекті 21-ші сессиясы өтті. Маслихат отырысына депутаттар, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, кәсіпорындар мен ұйым басшылары, құқық қорғау органдары және БАҚ өкілдері қатысты.


Аудандық маслихаттағы 13 депутаттың 12-сі қатысқан сессия отырысына төмендегідей күн тәртібі ұсынылды:
1) 2017 жылғы 29 желтоқсандағы «Көкпекті ауылдық округінің, Самар ауылдық округінің, Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 19-2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
2) Көкпекті аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 мамырдағы«Әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесі ережесін бекіту туралы» № 24-4/2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
3) Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлерін белгілеу туралы.
4) Көкпекті аудандық маслихат отырысының 22-ші сессиясы төрағасын сайлау туралы.
Күн тәртібіндегі алғашқы сұрақ бойынша қаржы және экономика бөлімінің басшысы А.Тасқайратова баяндама жасады.
- Бекітілген аудандық бюджет параметрлері ескере отырып, енгізілген түзетулер мен өзгерістер, тұтастай алғанда, қанағаттанарлық деңгейде орындалды. Түсімдер бойынша 100,2 пайызға орындалды және есепті кезеңдегі аудан бюджетінің шығыстар 99,0 % орындалды.
Ал, келесі мәселе бойынша өткен 2017 жылғы аудандық бюджеттің орындалуын бақылау нәтижесі туралы ШҚО бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Ержан Болатханұлы Атанбаев сөз алды. 2017 жылы мемлекеттік бақылау органдарының статистикалық мәліметі негізінде Ержан Болатханұлы өткен жылғы бюджеттің атқарылуы жөнінде баяндады. «Сәтпаев тау-кен байыту комбинаты» ЖШС-нің 2017 жылдың 7 айына дейін рудаларды шығармауына байланыс-ты ильмениттік концентраты былтырғы кеннен алынған. Меншікті кірістер 985,1 %-ды құрады.
2016-2020 жылдарға арналған Аумақты дамыту бағдарламасының орындалуы туралы сұраққа қаржы бөлімінің басшысы Әлия Санатқызы түсінік беріп өтті.
- Көкпекті ауданының бағдарламасы 6 бағыттан тұрады, онда келешекте аудан ауылшаруашылығы одан әрі дамыған аудан болуға әсер ететін,өңдеу өнеркәсібін дамытуға, халықтың өмір сүру деңгейінің тұрақты өсімі және экономикалық кеңістіктің оң серпінді сапалы аймақ болуына, 26 негізгі мақсаттары белгіленген.
Бағдарламада 65 мақсатты индикатор, оның ішінде 45-ін орындауға қол жеткізілді. Бұл жалпы есептің 69,2% құрайды, барлығы 9 тікелей нәтиже көрсеткіштері, оның ішінде тікелей нәтиже көрсеткіштерінің 7-і орындалып, немесе 77,8% көрсетті.
Мониторинг жүргізу барысында келесі 20 нысаналы индикаторлар және 2 тікелей нәтижелер көрсеткіштері бойынша жылдық жоспарлары орындамағаны анықталды.
Ал соңғы сұрақ бойынша Көкпекті ауылдық округінің әкімі Ерлан Ниязбаев өткен жылғы 9 млн.954 игерілмей қалған қаржының Көкпекті аулындағы көшелерді жарықтандыру, абаттандыру және көріктендіру сонымен қатар жастарға арналған шағын футбол алаңын салу мақсатында жұмсалатынын жеткізді.
Сол сияқты Қ.Аухадиев атындағы және Самар ауылдық округінің мамандары игерілмей қалып қойған қаражаттардың қандай бағытта жұмсалатынына тоқталып өтті. Күн тәртібіндегі барлық сұрақтар қарастырылып, сессияға қатысқан депуттатар дауыс беру арқылы шешім қабылдады.

ШОЛПАН АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз