Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі аудан көлемінде әзиз әжелер мен аяулы аналарды, қыз-келіншектерді құрметтеу үрдісімен аталып өтті. Аяулы аруларға арналған салтанатты шара округтерде жалғасын тауып, мерекелік тілектер толастаған жоқ. Аудан басшысының атынан орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері ардагер аналардың шаңырағында болып, хал-жағдайларымен танысты, сый-құрмет көрсетті.
Ана бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербейді. «Адамдық негізі – әйел» дегенді М.Әуезов неткен даналық, тап-қырлықпен айтқан десеңші! Аяулы жар, қамқор ана, білікті маман. Осының бәрі бір әйелдің бойынан табылып жатыр. Нәзік жандылар отбасының ырыс берекесін сақтап, өскелең ұрпаққа тәрбие берумен қатар, қоғамның сан алуан саласында белсенділік таныта біледі.


Аудан әкімінің орынбасары Дәурен Бақыт-жанұлы көктемнің осынау шуақты күніне арналған жарқын мерекеде өмірін еңбекпен өрнектеп, кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болған аға буынның өкілі, Бағила Тыныбаеваны арнайы құттықтады. Ақ дас-тархан жайып аналық алғысын білдірген Бағила апа ел тыныштығын, Елбасы Н.Назарбаевтың саясатын іске асыруда еңбектерінің еселене түсуін тілеп, ақ батасын берді.
«Жер бетіндегі жақсылық атаулы аналардың үлкен жүрегімен әрленеді десек, жылына бір тойланатын мерекеде олардың еңбектерін бағалап, сый-құрмет көрсету парызымыз. Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын. Әрқашан, шаңырақтарыңыздың берекесі болып, үйіңізден жылылық кетпесін. Жанұяңызға береке, бірлік тілеймін!», - деген Дәурен Бақытжанұлы қарт анамен әңгімелесіп, естелік суретке түсті.
Аудан әкімінің орынбасары Д.Қойгелдин мен Көкпекті ауылдық округінің әкімі Е.Ниязбаев бұл күні аудан орталығындағы 20-дан астам шаңыраққа арнайы барып, сыйлы аналарға құрмет көрсетті.
Дәл 8 наурыз күні дүниеге нәресте әкелген жас ананы аудан басшылығы құттықтады. Аудандық аурухана перзентханасына арнайы ат басын бұрған аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Мұқашев, Көкпекті ауылдық округінің әкімі Ерлан Ниязбаев жас ананың жағдайымен танысты. Мереке күні дүниеге кішкентай қыз бала әкелген бақытты ана Жанар Кәдірбек Ажа ауылының тұрғыны. Есімін Медина деп қойған нәресте отбасындағы екінші бала екен. Жас анаға сыйлық тарту етіп, ақжолтай лебізін білдірген аудан басшылары нәрестенің жарқын болашағына тілектестігін жеткізді.


Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз