Үлкен жолдан тыс жатқан Биғаш ауылдық округіне орта-лықтан бөлек Егінбұлақ, Қарғалы-Комсомол елді мекендері жатады. Жексенбі күні Биғашқа жұмыс сапарымен барған аудан әкімі Асхат Смаилов округ орталығының әлеуметтік, әкімшілік нысандарын аралап көрді. Бұл - аудан басшысының ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысу барысында округтерге жұмыс сапарының бірі болатын.
Сапар барысында Асхат Сайдахметұлы ең алдымен ауылдық округ әкімшілігінің алдында тұрғындармен жүздесті. Ардагерлер алқасының төрағасы Қадыр Әлімбаев аудан басшысының назарын бүкіл биғаштықтарды толғандырған мәселеге аударды. Аудан орталығынан Биғашқа шыға беріс жолдың бойына үйілген қоқыс қалдығы расымен ұятты жағдай. – Шеттен келген қонақтан біз ұялатын болдық. Ауылымызға келе жатқан жолаушылар ең алдымен қоқыс қалдығы басқан жолымызды көріп шошып кететіні анық. Сізден сұрайтынымыз осы ғана мәселе. Қоқысты бір жерге үйіп, заманауи әдіспен көзін жойса. Болашақта қоқысты шығарудың мәдениетін қалыптастырып, көзден тасалайтын қоршау жасаса деген өтінішіміз бар, - деп ағынан жарылды ауыл ақсақалы. Бұл мәселе бойынша аудан басшысы шұғыл шара қабылданып, алдағы уақытта бір шешім болады деп сендірді.
В.Маяковский атындағы негізгі мектеп ғимараты ескі болғандықтан күтімді қажет етеді. Осы тұрғыда мектеп директоры Архат Қабденге үлкен жауапкершілік жүктелді. Білім ордасының есік-терезесін сырлап, ауласын абаттандыру жұмыстары тапсырылды. Туған мектебіне көңілі бұрылып тұратын түлектердің мүмкіндігін пайдаланып, олармен жұмыс жүргізу керектігі де айтылды.
Аудан әкімі аппаратының басшысы мен ауылдық округ әкімі Дулат Оспановқа байланыс жүйесін орнату бойынша ұсыныс енгізу бойынша нақты міндет қойылды. - Бұл мәселеде Елбасы Жолдауы-нан туындаған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының әлеуетін қарастырамыз. Әрбір ауыл байланыс жүйесімен қамтылуға тиісті. Елді мекендерде көріктендіру жұмыстары жасалып, ауылдар абаттандырылуға тиісті. Бұл үшін ауыл әкімдері, әрбір тұрғын тынымсыз жұмыс істеуі керек, - деп түйіндеді аудан басшысы.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.