Көкпекті ауданында Ұлы Жеңістің 73 жылдығын 6 соғыс ардагері қарсы алды. Жеңімпаз майдангерлерге мерекеге орай облыс әкімі Даниал Ахметовтың атынан 500 мың теңге табыс етілді. Аудан басшылығы әр ардагердің үйіне арнайы барып, сертификатпен бірге сый-құрмет көрсетті.
Аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин және ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Мұқашов алдымен үлкенбөкендік Семен Винниковтың отбасына арнайы барып құттықтап, сый-сияпат тарту етті. Ерлік елге мұра, ұрпаққа үлгі деген аудан басшылығы сұрапыл соғыстағы майдангерлердің көрсеткен жаужүрек ерліктеріне бүгінгі ұрпақ бас иетінін айта отырып, Отан үшін кеудесін оққа тосып, бейбіт өмір сыйлаған қарт жауынгерге алғыстарын білдірді. Ал соғыс ардагері ел үшін шайқасқан майдангерлерге әрдайым құрмет көрсетіп, әлеуметтік тұрғыда қолдау білдіріп жатқан билік өкілдеріне ризашылығын айтты.
Бұдан кейін Самар ауылында тұратын соғыс ардагерлері Валентина Федосова мен Мүталап Ықыласовқа облыс әкімінің сертификатын беріп, мерекелік сыйлықтар табыстады. Сұрапыл соғысты бастарынан өткерген ардагерлердің қал-жағдайымен танысып, амандық-саулық сұрасты.
Сарыбел ауылында тұрып жатқан ардагер Павел Балахоновта сый құрметке бөленді. Жылда өз өмірін, соғыстағы ауыр күндері туралы сыр шертіп отыратын қария, биыл да Ұлы Жеңіспен құттықтай келгендерді жылы шыраймен қарсы алып, елеп-ескеріп жатқандары үшін рахметін жеткізді.
Тоқсан жасты еңсерген ардагер Петр Цепковты Жеңіс күнімен аудан әкімінің міндетін атқарушы Марат Қапарұлы құттықтады.
– Бүгінгі бейбіт өмір, егемен елдігіміз, Тәуелсіз мемлекетіміздің бар жақсы күндері сіздердің қайтпас қайсар-лықтарыңыздың жемісі. Елдіктің туын берік ұстауымыз сіздердің туған жерді қастерлеп, жау шебінен азат етудегі өрен ерліктеріңіздің, отансүйгіштіктеріңіздің, аянбай жеңіс үшін тер төккендіктеріңіздің арқасы. Сондықтан, ұрпаққа үлгі болып, арамызда әлі де жүре беріңіз, - деді ол.
Қызы Галина мен күйеубаласы Иванның үлкен шаңырағында бұл күні барлық туған-туыс, құда-жекжат жиылып, жылдағы дәстүр бойынша ардагерді құттықтады. Аудан әкімің орынбасары Д.Қойгелдин, ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Мұқашов, ауыл әкімі Е.Нияз-баев және маслихат депутаты ардагердің тағылымды әңгімесіне құлақ түріп, берекелі дастарханынан дәм татты.
Сол зұлматты заманда жастығын соғысқа арнап, мұздай қару асынып, көзсіз ерлік көрсеткен ардагерлердің бірі Ақтас ауылының тұрғыны Елеусіз Кинбаев. Жеңіс күнімен құттықтауға барған аудан басшылығын ардагердің өзі қарсы алды. Бұл күні Елеусіз атаны Ұлы Жеңістің 73 жылдығымен құттықтауға көршілері, ағайын-туыстары да асықты. Ақ дастархан басында аудан басшылары жеңімпаз ардагерді мерекесімен құттықтап, сый-сияпат жасады.
Ел үшін аянбай тер төгіп, жаудан отанды қорғаған ардагерлеріміздің өшпес ерлігі ұрпаққа үлгі-өнеге. Жеңісті жақындатқан жеңімпаз жауынгерлердің жыл артқан сайын қатары азайып, бүгінгі күні 6 ардагер арамызда. Біз оларға мәңгілік қарыздармыз!
Дархан БЕРДІБЕК
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.