Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпекті ауданына соңғы екі жылда еліміздің оңтүстік өңірлерінен 30ға жуық отбасы мемлекеттік бағдарлама бойынша қоныс аударуда. Еңбек ұтқырлығын арттыру бағдарламасының ауданда жүзеге асуы жайлы аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Айжан Сайфуллақызының айтуынша, 2018 жылы Республиканың Оңтүстік өңірінен 12 отбасы 49 адам қоныс аударған. Олар Алматы облысы Қаратал, Сарқанд және Қарасай аудандарынан Көкпекті, Шәріптоғай, Ажа ауылдарына көшіп келген.
Қоныс аударушылар жаңа мекенде тұрақты жұмыс тауып, жайлы баспанаға ие болды. Квотаға енгізілген 12 отбасы 49 адамының ішінде 16 адам жұмыспен қамтылды. 5 көшіп келуші азамат аудандық кәсіпкерлік палатасы арқылы «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздері курсын оқуға ниет білдірді. Оларға баспана алып, қоныстануға жергілікті атқарушы билік тарапынан барынша қолдау көрсетіліп жатыр. Жалпы қоныс аударушыларды қаржылай қолдау үшін мемлекет бюджетінен 11 045,0 теңге бөлінген. Оның ішінде қоныс аударғанда субсидиялары – 4292,3 мың теңге, қоныс аударушыларға тұрғын үйлеріне жалға алу және коммуналдық шығындарды өтеуге – 6 млн. 752,2 мың теңге жұмсалған. «Еңбек» бағдарламасы аясында жұмыс күші көп аймақтардан (Алматы, Жамбыл, ОҚО, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) жұмыс күші тапшы өңірлерге (СҚО, ШҚО, Павлодар, Қостанай облыстары) ерікті қоныс аудару қарастырылған. Бұл бағытта үміткерлерді ерікті қоныстандыру кезеңінде қатысушыларға мемлекеттік қолдау отбасының әрбір адамына көшіп барған әрбір адамға 88375 теңге көлемінде бір реттік, оған қоса тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстарын өтеуге субсидиялар беріледі.
Жұмыспен қамту орталығы мекемесінің берген мәліметіне сәйкес Көкпекті ауданы бойынша қоныс аударушыларды қабылдау квотасы 24 отбасы 86 адамды құрайды. Қоныс аудару үшін жалпы 28737,0 мың теңге оның ішінде тұрғын үйді жалға алу субсидиясы -18544,0 мың теңге, қоныс аударуға субсидия – 10193, 0 мың теңге бөлінген. Қазақстан Республикасының жұмыс күші көп облыстарына атап өтсек, Маңғыстау, Алматы, Қызылорда, Түркістан облыстары, Шымкент қаласы бекітілген іс-сапар кестесіне сәйкес шығу жұмыстары жүргізіліп, барлығы 437 адамға ақпараттық түсіндіру жұмыстары жасалды. Соның нәтижесінде ағымдағы жылдың маусым айында тағы 15 отбасы 57 адам көшіп келуге өтініш білдірген. Оның ішінде бес отбасының отағасы сәуір айында біздің ауданды келіп көрді. Биылғы оқу жылы аяқталғаннан кейін Шәріптоғай, Көкпекті және Биғаш ауылдарына қоныстанбақ. Бүгінгі күнге 1 отбасы бес адам Биғаш ауылына қоныс аударды, тиісті субсидиялары маусым айында жүргізіледі.


Былтыр күзде 1 отбасы 3 адам Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қаратал ауданы, Көкдала ауылынан көшіп келген Серғазы Омар қазір 5-6 ірі қара, жылқы, ұсақ мал ұстап отырған шаруалардың бірі. Бүгінде отағасы Серқазы Омар Шәріптоғай негізгі мектебінде аула сыпырушы, жұбайы Қаниа апа үй шаруасында, ұлы Омар Ерболсын Шәріптоғай негізгі мектебінің 8-сынып оқушысы. Көтерме ақыға Шәріптоғай ауылынан баспана сатып алып, үй-жайын реттеген.
Бес баланың анасы жаңа қоныстағы тұрмысына разы.- Жолдасымды жұмысқа орналастырды. Балаларды мектепке дейінгі мекемеге қабылдады, бір рет көшуге арналған қаржыны алдық. Одан бөлек жан санына байланысты үй сатып алуға, жалдауға жәрдем жасалды. Сосын коммуналдық төлемге алып жатырмыз. Көкпекті ауданы қоныс аударушыларды құшақ жая қарсы алып, оларға материалдық көмек көрсетті. Биылғы жылы Көкпекті ауданына көшіп келетін 15 отбасы көбіне өз қалаулары бойынша ауылдық жерлерді таңдайды екен. Ал 2021 жылға дейін аудан 50 отбасын көшіріп әкелу жоспарланған.
Серқазы Омар, қоныс аударушы:
- Елбасының халықтың көп шоғырланған топтарын нәтижелі жұмысқа тарту үшін олардың жеке кәсібін бастауына немесе жаңа мамандық алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасау бағытында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын қабылдап, оның тиімді жүзеге асырылу бағытында шығысқа барайық деп шештім. Өткен жылдың қыркүйек айынан Шәріптоғай ауылында тұрамыз. Жұмысым ұнайды. «Осының бәрі - мемлекеттік бағдарламаның жемісі», - дейді қоныс аударушы. Өйткені, халқы тығыз қоныстанған оңтүстіктен гөрі шығыста мүмкіндік мол. Әсіресе, кәсіп ашамын деушілерге қолайлы. Ауылдың халықтары да бізді құшақ жая қарсы алып жатыр. Омар Ерболсынның сынып жетекшісі Зеннат Насибуллинаның айтуынша, Ерболсын бұл мектепке биылғы оқу жылында келген. Келген кезде ол қазақ әдебиеті пәнінен үлгерімі 3 болған, қазір 4ке көтерілді. Ауызша сабақтарға жақсы, тіл байлығы бар. Ақындық қабілеті де бар, өлең шығарады. Тұңғыш Президент күніне арналған өлеңі аудандық газетке жарияланған. Өз қаражатына домбыра сатып алды. Енді мектептегі балаларды домбыраға баулып жүр.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Мамыр 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз