Өткен жұмада Самар ауылындағы Мәдениет үйінде алғаш рет Лауреат атағының иегері, әр сахнаның көркі, танымал әнші, самарлық Айымгүл Ыхай өзінің өнер жолындағы «Атамекенге тағзым» атты шығармашылық кешін өткізді. Бұл ұйымдастырылған шара самарлықтар үшін бұрын-соңды болмаған үлкен тосын сый болды.
Тамаша концертімен келген Айымгүл халық арасында жақсы танымал әндерімен кештің шымылдығын ашты. Дауыс ырғағының кеңдігін тағы бір дәлелдеген әнші жиналған жұртшылықтың қошеметіне бөленді. Өнер иесі тыңдаушылар алдында 10 жыл сахнада өткен өміріндегі жетістіктерімен бөлісті.
Айымгүл ханым 1977 жылы Монголия Республикасы Алтай ауылында дүниеге келген. Анасы 15 құрсақ көтерсе де, соның ең кенжесі Айымгүл ерекше дара туылды. Айымгүл Ыхайқызының жастайынан өнерге деген құштарлығы әнге деген сүйіспеншіліктен басталған болатын. Әкесімен бірге бес жасынан сахнаға шығып, ән айтып, би билеп, өнерін көрсете бастады. Әкесі Ыхай марқұм «Қара жорғаның» майын тамыза билейтін биші, әнші, сері адам болған. Талай республикалық, облыстық байқауларда бас жүлдеге иеменіп, балаларына қамқоршы, сүйікті әке, аяулы жар бола білді. Айымгүл алты жасында әкесімен бірге Монголияның астанасы Ұлан Баторда өткен «Ұлы дала биі» атты халықаралық би байқауында бас жүлдені жеңіп алды. Сол кезден бастап кішкентай Айымгүлдің әнге деген құмарлығы байқалды. 2011 жылы «Тәуелсіздікке тағзым» жыр мүшәйрасында Айымгүл бас жүлдеге ие болды. Бүкіларалық жәрменке өткізілген кезде Ресейдің Барнаул қаласына дейін барып, ұмытылмас концерт беріп қайтты, сонымен бірге, ауылдық округте ұйымдастырылатын меркелік шараларға Айымгүл міндетті түрде қатысып, сахна төрінен ылғи табылады.
Толығырақ...Спорт – денсаулық кепілі. Сондықтан әлемде қаншама адам спортпен шұғылданып, бар ғұмырын соған арнайды. Әлемде ең көп тараған, ерекше ықыласқа ие спорт түрі – футбол екені анық. Ал, біз білмейтін спорт түрлері қаншама?! Адам баласының қиялы шексіз дегенді жиі айтамыз. Иә, расында да әр күн сайын таңданыс тудыратын жаңа нәрселерге куә болып жатамыз. Адамдар жаңалыққа, ерекше бірдеңе ойлап табуға құмар болып келеді. Бір-ақ мәрте берілетін өмірді қызықты етіп сүру үшін түрлі қадамдарға барады.
Толығырақ...Жаттықтырушы Руслан Жүнісовтың шәкірттері Қарағанды қаласында өткен «Алтын бала» әлем чемпионатының 2 күміс және 1 қола жүлдесін еншіледі. NOMAD MMA аралас жекпе-жек өнері бойынша өткен жарыста Көкпекті орта мектебінің оқушылары Ансар Болатов қола медаль, Динияр Галиев пен Ернұр Қайырлы күміс медаль жеңіп алды.
«Алтын бала» чемпионатын Nomad MMA Бүкіләлемдік федерациясы және Қазақстанның жекпе-жек өнері Республикалық Одағы ұйымдастырған. Турнирде 17 елден келген 10-17 жас аралығындағы 530 спортшы бала бақ сынас-ты. Елімізде Nomad аралас жекпе жек өнерінің ең алғаш таралған аумағы болып саналатын Қарағандыда өткен жарысқа біздің ауданнан барлығы 23 бала қатысты.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының денсаулығын сақтауға үнемі зор маңыз беріп келеді. Ол үшін спортпен де шұғылдану қажет. Мемлекет басшысы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ «Жолдауында» «Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтана білу, жүйелі профилактикалық тексерілу – аурудың алдын алудың негізі» деп те атап көрсетті.
Толығырақ...«Мемлекетіміздің басты байлығы – ұрпақ саулығы» деп Елбасымыз айтқандай, халықтың денсаулығы басты қазынамыз екендігі рас. Қазіргі таңда денсаулық сақтау саласын жақсарту мақсатында көптеген жұмыстар қолға алынып, ауыз толтырып айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп келеміз. Осындай іс-шараның бірі - мектебімізде игі дәстүрімізге айналып, өскелең ұрпақты спорттың түрлерімен шұғылдануға шақыру, бейімдеу үшін ұйымдастырылған «Денсаулық фестивалі-2017» апталығы.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.