Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында, қазіргі Қазақстанның бас-ты рухани құндылықтары айқын көрініс тапқан. Бұл – мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы деуге болады. Елбасы ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани жаңғыру бағдарламасын халық назарына ұсынып отыр. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қараөткел негізгі мектебінде қазақ поэзиясының хан тәңірі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Есіңе мені алғайсың...» атты еске алу кеші өтті.
Кештің мақсаты, қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, ақынның поэзия құдіреті мен әндерін таныту. Ақын өлеңдері арқылы оқушылардың Отанға, халқына, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, отаншылдыққа тәрбиелеу болды.

Толығырақ...

1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай Көкпекті аудандық тарихи-өлкетану мұражайында «1 наурыз - Алғыс айту күніне - игі дәстүр» атты шара өткізілді. Аталған шараға Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептің 7 сынып оқушылары және сынып жетекшілері қатысты.
Мұражай қызметкері Клара Смаилова мектеп оқушыларына 1 наурыз Алғыс айту күні туралы мағлұмат беріп, слайд көрсетіп бүгінгі шараның маңызына тоқталды.
- Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы - еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні.

Толығырақ...

Тәуелсіз еліміз үшін үшінші жыл қатарынан мереке ретінде тойланып келе жатқан ұлттар мен ұлыстардың татулығы мен бірлігін жаңа деңгейге көтеретін ерекше мереке - Алғыс айту күні. Алғыс айту – ол ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Елбасы Жарлығымен «1 наурыз - Алғыс айту күні» болып бекітілгені бәрімізге белгілі. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнімен тұспа-тұс келген мереке қарсаңында ұлттар бірлігі нығая түспек. Қайырымдылық, ризашылық, өзара жәрдемдесу сияқты ең құнды адамгершілік қасиеттер көрініс тапқан, сол бір қиын кезеңдерді еске түсіретін тартымды іс шара Көкпекті ауданында Қ.Алтынбаев атындағы Мәдениет үйінде өтті.

Толығырақ...

Қарабұжыр Қалбатаудың әсем қойнауларының бірі Палатцы ауылдық округінде орналасқан Қараш. Округте Палатцы, Песчанка, Подгорное деген елдімекендер бар. Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйі сахнасында осы аймақтың көркемөнерпаздары өнер көрсетті. Байқау ережесіне сай даярланған 15 нөмірде залдан өз көрерменін тауып жатты. Әсіресе, көкпектілік көрермендерге Екатерина Кронвальд салған «Как не любить эту землю» әні Қараштан жеткен ыстық сәлемдей әсер берді. Палатцыдан келген көркемөнерпаздардың ойын-сауығы әділқазылар мен тамашалаған елдің көңілін көтерді.

Толығырақ...

Сүйінші хабар, ағымдағы жылдың 5-11 ақпан аралығында Астана қаласында өткен Республикалық Жайдарман маусымашар фестивалінде өнер көрсеткен жерлестеріміз «Көкжайық құрамасы» іріктеуден сүрінбей өтті. Енді олар үздік елуліктің сапында болады. Республикалық фестивальге еліміздің түкпір-түкпірінен үш жүзден астам команда қатысыпты.  Алдағы уақытта біздің команда премьер лига ойындарында өнер көрсетеді – деді, мақтанышпен жайдарманшыларға ағалық қамқорлық танытып жүрген  аудандық жастар орталығының директоры  Азамат Қалықов. 

Толығырақ...

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2025 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз